Home » Ашық сабақтар » Сиқырлы математика әлемі  

Сиқырлы математика әлемі  

Білім беру саласы: Коммуникация,Таным,Шығармашылық.

Мақсаты: Балаларды ойлау, сөйлеу шығармашылық қабілеттерін дамытыу.

Міндеттері:

Білімділік: Дыбыстарды,апта күндерін,пішіндерді ,түстерді қайталап алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Логикалық,шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: балалардың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылық білімдерін арттыру,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Дьенештің тақтайшасы, Геоконт тақтайшалары, ақ қағаз , гуашь, қылқалам, кілт, пішіндер, түрлі-түсті қарандаш, май шам.

Күтілетін нәтиже: Балалардың пішіндерді,дыбыстарды, сұрақтарға толық жауап беруге, бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақ барысы: 

— Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіпті қане қонақтармен амандасып алайық.

(Амандасады.)

Балалар сендердің көңіл күйлерің қандай?

Балалар:  күшті деп қолдарымен көрсетеді.

-Ал енді жақсы көңіл –күйлеріңді қонақтарға сыйлайық.Жылулық алақанымен көңіл күйлеріңді қонақтарға үрлеңдер. (Балалар алақандарымен өздерінің көңіл күйлерін үрлейді).

— Сендерге бірнеше сұрақтар қойғым келім тұр.

Сұрақ –жауап:

— Бір жылды неше жыл мезгілі бар? (4)

— Қазір қандай жыл мезгілі? (Күз)

— Күз жыл мезгілінде неше ай бар? (3)

— Ал қазір қандай ай? Қараша айы

— Бір аптада неше күн бар, сұрау балалардан?(7)

— Біз бала бақшаға қандай күндері келеміз?

— Неше күн демаламыз?

— Балалар бүгінігі сабағымыз жай сабақ емес сыйқырлы және қызықты сабақ болмақшы. Ендіше сендермен бірге сыйқыр жасап көрейік. Ол үшін парақшалар тұрған үстелге жақындайық.

— Балалар алдарыңда жатқан ақ парақтар жай парақ емес олар сиқырлы, парақтардың ортасын ғана  гуаштың түстерімен бояңдар.

Шығармашылық жұмыс: «Сиқырлы парақшаларды бояу»

Не байқадық ,суретте не шықты?

Балалар: Суреттен әріптер пайда болды.

Тәрбиеші:  — Әріп дегеніміз не?

— Қандай әріптер шықты?

— Дыбыс дегеніміз не?

— Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

— Сыйқырдың көмегімен жасалған әріптердің ішінде қай  дыбыс дауысты ?

— Ал енді осы А дыбысын Гекант тақтайшасында жазып көрсетейік.

Тапсырма: Гекант тақтайшасында А дыбысын жазу.

Балалар А дыбысына байланысты қандай сөздер білесіңдер?

Тәрбиеші:

Енді  «Ара»  сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

Тапсырма: «Ара» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Балалар «Ара» сөзінде неше дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс бар?

2Тәрбиеші: Ал неше дыбыс неше әріп бар? Санайықшы?

Балалар санайды.

2Тәрбиеші:  Дұрыс айтасыңдар 3, олай болса маған үш санының көршілерін атаңдаршы?

Тапсырма: «Көршісін тап»

Көршісін таптыңдар, маған сандарды 10 дейін  тура және кері санап беріңдер.

Тапсырма: «Тура және кері санау»

Керемет өте жақсы санап бердіңдер. Біраз бойымызды жазып сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті: «Үш шеңбер»

Шарты: Музыка жүргенде балалар шеңберде билейді. Ал тоқтағанда әр шеңберге сәйкес пішіндерді қояды.  Келесі рет музыка тоқтағанда пішіндерді түстеріне қарай жинайды.

 Тәрбиеші: Бойымызды сергітіп алдық.Енді орнымызға жайғасайық.

Балалар қараңдаршы бұл не? Осы үйдің терезелерін орналастыру қажет.

Дьёнеш тақтасымен жұмыс.

Шарты: Пішіндерді түстеріне және көлемдеріне қарай бірінші және екінші қатарға орналастыру қажет

Бірінші қабатта қандай терезелер орналасқан? Ал екінші қабатта? Олардың пішіндері қандай?

Өте жақсы балалар. Түстерді ,көлемдерді, пішіндерді жақсы білесіңдер. Ал енді сендер алдарыңда пішіндер тұр. Осы пішіндерді орналастыру қажет.

Тапсырма: «Пішіндердің орнын тап»

Шарты: Балалар пішіндердің қандай ретпен орналасқанын қараңдар. Орналасу заңдылығын бұзбай, бос торкөзге жетпей тұрған пішінді қойыңдар.

— Ортасына қандай пішін қойдыңдар? Ал үшінші қатардың соңына қандай пішін қойдыңдар? Өте жақсы балалар тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Енді сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ

Түрлі түсті ұшы бар

Ақ қағазға жабысты.

Өзгені бақытты етем деп,

Өзі қажалып кетеді.

Жауабы: Қарындаш

Дұрыс айтасыңдар ,  осы қарандашты енді біз құрастырайық балалар. Музыка басталғанда құрастыруды бастаймыз.

Тапсырма: «Қарандашты құрастыру»

Қорытынды:Балалар өте жақсы. Сендер бүгінгі сабақта өте ақылды болдыңдар! Біз нені құрастырдық? Біздің сендерге осындай әдемі қарындаштар сыйлағымыз келіп тұр. Осы қарындаштармен әдімі сурет салыңдар!  Қонақтармен қоштасайық!

 

 

Шайханова Айша Шегебаевна,
Манапова Айнагуль Нурпеисовна,
МКҚК № 17 «Көктем» балабақшасының тәрбиешілері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.