Білім беру салалары: Коммуникация, Таным, Шығармашылық, Әлеумет.
Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу, көркем әдебиет, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сөйлеуді дамыту, сурет салу.
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту, өз ойларын еркін айта білуге, ойын толық жеткізуге машықтандыру.
Күз мезгілі, күзгі еңбек, күз байлығы, көкөніс пен жемістердің пайдасы туралы түсініктерін арттыру.
Геометриялық пішіндерді, бірден беске дейінгі сандарды қайталау.
Сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.
Балалар әсем безендірілген залға кіреді. (1 слайд)
Тәрбиеші: Қане, балалар, қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылсын.
Көпке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті.
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей, бәріміз
Салем дейік үлкенге.
Салеметсіздер ме!
Тәрбиеші: Балалар, енді шаттық шеңберіне жиналайық.
Күн де біреу аспанда
Ай да біреу аспанда
Тұратығын елжіреп
Бәрімізде бір жүрек
Тәрбиеші: Тамаша, балалар, жүрегіміздегі жылуды алып қонақтарға, достарға, бүкіл әлемге таратайық.
Өте жақсы. Балалар, бүгін біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз ерекше өтпек. Сендер бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Олай болса, көзімізді жұмып, орнымызда үш рет айналайық (әдемі музыка ойналады).
(көзімізді ашамыз, интерактивті тақтаға назар аударамыз. 2 слайд)
Саяхатшы Дара: Сәлеметсіздер ме, балалар, сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә!
Дұрыс айтасыңдар, мен Саяхатшы Дарамын. Мен саяхатты өте жақсы көремін, балалар, сендерді де саяхат жасауға күзгі баққа шақырамын. Балалар, бірақ та тапсырмалар орындаған кезде әр түрлі кедергілер кездеседі. Сендер тапсырмаларды орындап шығасындар деп ойлаймын. Ендеше сендерге сәттілік.
Тәрбиеші: Балалар, мынау саяхатшы Дара ғой, ол бізді күзгі баққа саяхатқа шақырады. Саяхатқа баруға дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә, дайынбыз. Жақсы, онда көңілді пойызға отырайық.(музыка ойналып, балалар серуенге аттанады. 3 слайд)
(Жолға жапырақтар шашып тастау керек. 4 слайд)
Тәрбиеші: Міне, күзгі баққа да жеттік, балалар, жан жаққа қараңдаршы, күзгі бақ неткен керемет. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп қапты, жерге қараңдаршы, түрлі-түсті жапырақтар, қандай әдемі, біреу кілем төсеп қойғандай. Ой, балалар, мынау кімнің рюкзагы, (жерден көтеріп, алып қарайды, сиқырлы музыка ойналады). Рюкзактың сыртында жазылған: «Құрметті балалар, мына рюкзакта сіздерге арналған тапсырмалар».
Рюкзактан допты алып шығады.
Доптың сыртында бір цифры жазылған, тәрбиеші балаларға допты көрсетіп сұрақ қояды: Балалар мынау қандай сан? Ал орысша бір санын қалай айтамыз? (слайдтан бір саны шығады. 5 слайд)
1 -тапсырма: Дидактикалық ойын: «Күз мезгілі туралы жаттау айтып бер» (6 слайд).
Мақсаты: Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Доп арқылы күз мезгілі туралы тақпақ айту керек (балалар шеңберге тұрады, кім допты қағып алса, сол бала күз мезгілі туралы тақпақ айтады.
Күз мезгілі туралы тақпақ айту (үш төрт бала тақпақ айтуы керек).
Балалар, қане шеңберге тұрып, кім менің қолымдағы сиқырлы допты қағып алса, сол бала алтын күз туралы тақпақ айтады.
Тәрбиеші: Қане, балалар, тақтадан көрейікші, 1-тапсырманың жауабы дұрыс па екен ?
(Интерактивті тақтадан жұлдызшаның суретін көрсету, яғни дұрыс жауап. 7 слайд)
— Тамаша, саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз, көңілді пойызымызға жиналайық.
Балалар, екінші аялдамаға тоқтайды, сары жапырақты көреді (сары жапырақ орындықтың үстінде, жапырақтың астында доп. 8 слайд)
Балалар сары жапырақты көтерсе, астында сиқырлы доп. Сиқырлы доп балаларды күзгі кілемшеге шақырады (балалар сары үлкен жапырақтағы орындыққа отырады).
(Тәрбиеші допты алып балаларға көрсетеді: «Ал мына допта қандай сан көріп тұрсыңдар? Ал орысша екі санын қалай айтамыз? (9 слайдтан көру).
Дұрыс жауабын тексеру.
2- тапсырма-Жұмбақтың шешімін тап:
Тәрбиеші: Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды
-Ол не? (10 слайд)
Балалар:(күн) Дұрыс жауабын слайдтан көрсету. (11 слайд)
Тәрбиеші: Түнде бармын, күндіз жоқпын (12 слайд)
-Ол не? (Жұлдыз) Дұрыс жауабын слайдтан көрсету. (13 слайд)
Тәрбиеші: Өте дұрыс, балалар, күз мезгілінде күн қысқарады, түн ұзарады.
Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.
-Ол не? (пияз) (14 слайд)
(дұрыс жауабын слайдтан көрсету. 15 слайд)
Жер бетінде шашы бар
-Ол Не? (Сәбіз) (16 слайд)
(Дұрыс жауабын слайдтан көрсету. 17 слайд)
Пияз және сәбіз оларды біз бір сөзбен нелер дейміз?
Сырты қызыл, өзі тәтті.
-Ол не? (Алма) (18 слайд)
Дұрыс жауабын слаидтан көрсету. (19 слайд)
Атасы қисық ағаш
Анасы жайма шелпек
Бір сабақта құж құж жентек.
-Ол не? (жүзім) (20слайд)
Дұрыс жауабын слаидтан көрсету. (21 слайд)
Алманы, жүзімді бір сөзбен қалай атаймыз?
Тәрбиеші: Қане, балалар тақтаға қарайықшы, бірінші тапсырманың жауабы дұрыс пе екен ? (22 слайд)
Өте жақсы, тапсырма дұрыс орындалды.
Енді көңілді пойызға жиналайық, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. (23 слайд)
3- тапсырма (24 слайд)
Егін даласына: Міне, егіс алқабына да келіп жеттік. Мұнда диханшылар егін егеді. (25, 26 слайд). Егін егетін адамды диханшы деп атаймыз. Міне, диханшы ата да жүр екен.
Диханшы ата: «Сәлеметсіздер ме, балалар, қош келдіңіздер! Төрге шығыңыздар деп балаларды орындыққа отырғызады. (27 слайд)
Сәлеметсіз бе, диханшы ата, балалар сіздің еңбегіңізбен танысу үшін келді.
(Балалар орындыққа отырады, атаның айтқан әңгімесін слайдтан көреді).
Ата: диханшы еңбегі ауыр. Ерте көктемде жерді жыртамыз, бидайдың тұқымын себеміз. Жаз бойы сепкен бидай тұқымын күтіп баптаймыз. Бидай алқабы суғарылмайды, ол тек жаңбыр суымен өседі. Міне, қараңдаршы, мынау бидай алқабы. Үлкен еңбек етудің арқасында осындай сары алтындай сары бидай күзде піседі.
Балалар, білесіңдер ме, бидайдан не жасайды?
Әрине, ата, біздің балалар бидай туралы сізге айтып берсін. (атаны отырғызу.)
«Бауырсақ пен қуыршақ» (28 слайд)
Автор: Дастарханда шашылып
Жатты аппак бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап түрып көзін сап:
Қуыршақ: Қайдан келдің бауырсақ ?
Автор: Деп сұрады қуыршақ.
Бауырсақ: Дүкеннен келдім нан сатқан
Қуыршақ: Дүкенге келдің қай жақтан?
Бауырсақ: Наубайдан келдім нан жапқан.
Қуыршақ: Наубайға келдің қай жақтан?
Бауырсақ: Диірменнен келдім ұн тартқан
Қуыршақ: Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ: Жер анам менің көсілген
Дихандар мені өсірген.
Бәрі бірге:
-«Ас атасы – нан» демекші, нанды жерге тастауға болмайды.
Нан болса ән де болады
Нан – қасиет
Нан – береке
Ой, балалар, балалар,
Бар қасиет нанда бар.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Диханшы ата: Жарайсыңдар балалар, сендер мені қуанттыңдар, ақылды екенсіңдер, дұрыс айтасыңдар, нан біздің дастарқанға үлкен еңбекпен келеді екен. (29 слайд)
(Атамен қоштасып, балалар саяхаттарын әрі қарай жалғастырады).
Балалар, тақтаға қарайықшы, біз тапсырманы қалай орындадық екен?
(Слайдтан жұлдызша көрінеді) (30 слайд)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар көңілді пойызға жиналайық, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. (31 слайд)
-Ой балалар, мына допта қандай сан көріп тұрсыңдар?
— төрт санын орысша қалай айтамыз? (32 слайд)
Біз қайда келдік, қандай әдемі бақ (жерде доп алмалар жатады, қызыл, сары, жасыл алмалар) (33,34 слайд)
-Бұл бақта не өседі екен?
-Алмалар өседі.
-Дұрыс айтасыңдар, бұл – алма бағы. Біздің Отанымызда осындай алма бағы бар екен, онда үлкен, үлкен апорт алмасы өседі екен. Бұл қала Алматы деп аталады. (35-36 слайд)
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші, суреттерді көрсетеді: Көктем мезгілінде алма ағашында аппақ гүлдер бүршік жарады, ақ гүлдер желмен ұшады да түйін қалады, түйіннен алма өседі. (37 слайд)
Күз мезгілінде алмалар тәтті болып, әбден піседі.
4 тапсырма: Сұрақ – жауап?
Тәрбиеші: Балалар, сендер алманы жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иә, жақсы көреміз.
Тәрбиеші: Алманың қандай түрлерін білесіңдер?
Балалар: қызыл алма, сары алма, жасыл алма.
Дұрыс айтасыңдар, алманың аттары да болады екен, мысалы, мынау апорт алмасы, ал мынау лимонка.
Қызыл, сары, жасыл алманың пішіні қандай?
Домалақ, сопақша, доғал.
Алманың иісі бар ма?
Иә, жұпар, хош иісі бар екен.
Онда балалар алманың дәмін көрейік.(табақтағы туралған алманы жегізу)
Алманың дәмі қандай екен?
Дәмі тәтті, қышқыл болады.
Дұрыс айтасыңдар, ал мына допта қандай сан көріп тұрсыңдар, ал бес санын орысша қалай айтамыз? (38 слайд)
Бесінші доптағы тапсырма алма туралы жаттау айтыңдар.
Тәрбиеші: өте жақсы, балалар тақтаға қарайықшы, біз неше тапсырма орындадық? (39 слайд)
Қане, сандарды санайықшы.
(Балалар санайды).
Тәрбиеші: Барлығы неше тапсырма?
Балалар: Барлығы бес тапсырма.
Тәрбиеші: Енді балалар, өзіміздің сүйікті балабақшамызға оралайық.
(балалар көңілді пойызға отырып, балабақшаға келеді, шеңберге тұрады)
Тәрбиеші: Біз өз Отанымыздың табиғаты сұлу, бағы көрікті болу үшін өз үлесімізді қосайық, ол үшін балалар, мына түтікшемен алма бағын алмаға толтырайық.
(Балалар әрекеті (үстелге келіп түтікшелерді алып, бояуға малып, дәстүрден тыс бейнелеу өнерін көрсетеді).
Қандай әдемі алма бағы болып шықты, осының бәрі еңбектің арқасы: «Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мақал осындайдан қалған екен.
Балалар, қараңдаршы, әр нәрсе еңбекпен келеді екен, ал еңбек туралы кім мақал-мәтел біледі?
— Еңбектің наны тәтті,
— Жалқаудың жаны тәтті.
(Екі үш макал айтады).
(Осы кезде Дара келіп балаларды мадақтайды, қоштасады. (40 слайд)
Топқа келеді, шеңберге тұрады, балалар, біз кімге көмектестік?).
-Біз не көрдік, қайда бардық?
Дұрыс айтасыңдар, егін даласына бардыңдар, алма ағашын да көрдіңдер. Сұраққа толық жауап бердіңдер, тамаша. (41 слайд)
-Сендер өте ақылды балалар екенсіңдер.
-Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар, сабақ аяқталды, қонақтармен қоштасайық, сау болыңыздар.
Тажибаева Надира Картаевна,
«Шаңырақ» бөбекжайы» КМҚК,
Қарағанды қаласы