Home » Ашық сабақтар » «Сиқырлы, Жаңа жыл!» ертеңгілігі

«Сиқырлы, Жаңа жыл!» ертеңгілігі

Ескараева Лаззат Амирхановна,
Сайфуллаева Меруерт Мұхтарқызы,
МКҚК № 17 «Көктем» балабақшасының
№1 «Ақжелкен» ІІ кіші тобы тәрбиешілері

 

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және балабақша қызметкерлері, сіздерді бүгінгі Ақжелкен тобының (Сиқырлы Жана жыл) атты мерекелік ертенгілігіне тамашалауға қош келдіңіздер!

Балалар безендірілген залға көңілді әуенмен тізіле шығады.

Ән: «Кішкентай шыршамыз»

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі безендірілген, бірақ шыршамыздың шамдары жанбай қалыпты, оны жағу үшін бізге Аяз атаның көмегі қажет. Қанекей барлығымыз бірге Аяз атаны шақырайқшы?

Балалар: Аяз ата,Аяз ата …

Аяз ата мерекеге кіріп келеді: — Сәлеметсіңдер ме балалар, сәлеметсіздер ме, қонақтар. Балалар сендер бүгін қандай әдемі болып келгенсіңдер.

Жүргізуші: Аяз ата қош келдіңіз! Бізге сіздің көмегіңіз керек болып тұр, біздің шыршамыз әдемі безендірілген бірақ, шамдары жанбай қалыпты шамдарын жағуға көмектесіп жіберіңізші өтініш.

Аяз ата сиқырлы таяғын алып шыршанын шамын сиқырлы сөздер арқылы жарқыратып жағып жіберді. Аяз ата және балалар шыршаны айналып көңілді ән орындады

Ән: Шырша әні.

Аяз ата: Ал балалар мен алыс жолдан шаршап келдім, қане өнерлерің болса тамашалап демалып отырайын.

Тақпақтар:

Қоян мереке алаңына жылап кіреді

Аяз ата Қоян саған не болды?

Қоян: менің көжектерімді  Қасқыр ұрлап кетті. Мен көжектерімді таба алмай жүрмін.

Аяз ата қане балалар барлығымыз бірігіп қоянның көжектерін іздейік.

Балалар жеңіл қимылмен орындарын да тұрып жүрген кейіп танытады.

Аяз ата : Балалар қане аздап демалып алайық мен шаршадым.- дейді Аяз ата  Жүргізуші: Балалар Қоянжаннның көңілін көтеріп, Аяз атаның шаршауын басатындай бір би билеп жіберейік.

Би:

Мереке залына көңілсіз болып Аққала кіреді.

Аяз ата Балалар мынау менің бауырым Аққалағой Бауырым саған не болды неге көңілсіз жүрсің саған не болды?

Аққала: менің мұрнымды Қасқыр ұрлап кетті , мен сол себеп көңілсіз жүрмін.

Жүргізуші: Балалар қане Аққаланың көңілін көтеріп тақпақтарымызды айтып берейік.

Тақпақтар:

Залға Қасқыр кіріп келеді мунда не болып жатыр ? мені ешкім мерекеге шақырмайды, мені ешкім жақтырмайды, менен барлығы қорқады. Мен мейірімді болғым келеді менің аздап аңқаулығымда бар, қу түлкіге алданып құйрығымнан айрылып қала жаздадым. Далада тоңып тұрған көжектерді  көргенсоң шыдай алмай жылынсын деп өз үйіме алып бардым. Қарындары аш болар деп Аққаланын мурнындағы сәбізін де алып кеттім.

Аяз ата: Қасқыр бір затты алардан алдын сиқырлы сөз айту керек . Балалар ол қандай сиқырлы сөз?

Балалар: өтініш, рұқсатпа?

Аяз ата: Ал алғыс ретінде қандай сөз айтамыз

Балалар: Рахмет

Аяз ата: өте жақсы жарайсыңдар. Ане естідіңба Қасқыр сен рұқсатсыз Қоянның көжектерін және Аққаланың мұрнын алып кеттің сенікі дұрыс емес. Олай болса былай келісейік, қазыр балалармен ойын ойнайық. Сенде бір себет, менде бір себет, балалар жерде жатқан қар түйіршіктерін тез тез кімнің себетіне толтырса сол жеңеді. Егер сен жеңсең көжектерді саған береміз мен жеңсем көжектерді Қоянға қайтарып бересің, жақсыма?, деп екеуі келіседі.

Ойын: «Кім жылдам»

Ойын қорытындысы: Қасқыр жеңеді

Аяз ата: Қасқыр ане көрдіңбе сен мені ешкім жақтырмайды, менен барлығы қорқады дейсің, бірақ балалар сені жақсы көріп барлық  қар түйіршіктерін сенің себетіңе салып толтырып берді.Демек мейірімді болсаң, жақсы болсаң барлығы сені жақсы көреді. Олай болса мейірімділік танытып Қоянның көжектерін жібереғой және Аққаланың мұрнын қайтарып бер жақсы ма.

Қасқыр: Жақсы

Аққала мәз болып мұрнын алды.

Аяз ата: Аққала бауырым мен асығып жүріп сыйлық толы шанамды қалдырып қойыппын сен барып менің шанамды алып келші.-деп Аққаланы

Көжектер анасына оралды, және көңілденіп мерекеге арнап би билеп береді.

Би: «Көжектер биі»

Ән: Жаңа Жыл. (Хор)

Аяз ата: Ал балаларым бүгінгі мерекеде би де болды, ән де болды барлығы мәз-майран болысты. Барлығы бақытты. Ендігі кезек сыйлыққа .

Аяз ата әр балаға сыйлық үлестіріп, балалар мәз риза болысты. Осымен мерекелік ертеңгілік соңына жетті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.