Home » Балабақша » «Сиқырлы асықтар»

«Сиқырлы асықтар»

«Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі — әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Оның ішінде асық ойынының тәрбиелік мәні өте жоғары. Жас жеткіншектерді ұлттын сүйетін ұлтжанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор. Асық ойыны балаларды жастайынан төзімділікке, ұстамдылыққа, мергендікке тәрбиелейді. Асық ойнағанда олардың екі қолы ғана емес, иығы, барлық дене мүшелері қимылдайды. Қозғалыс белсенділігі артады. Асық — ұлттық тәрбие.

Сиқырлы асықтар ойынның  мақсаты: балаларға дыбыс, әріптерді тани білуге, әріптерден сөз құрап, сөздерден сөйлем құрауға, топтық жұмыс жасауға үйрету.

Асықтар көк және қызыл бояумен боялған, үстіне әріптер жапсырылған болады. Бұл ойында бала қолға асықты ұстай отыра әріптермен танысып, сөздік талдау жасау арқылы сөйлем құрайды. Күнделікті оқу қызметінде қолдану арқылы балаларға  ұлттық мәдениетіміз туралы мағлұматтар беру.

Балалар –біздің болашағымыз, егеменді еліміздің ертеңі.Ұрпақтың ойы озық, білімі терең, тәлім-тәрбиесі жоғары болуы үшін мемлекетіміз мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне ерекше көңіл бөлуде.

«Ұстаз бағбан, бала-гүл» деген қағиданы ұстап келем. №48 «Ақ көгершін» балабақшасында  «Ұлттық ойын-бала  денсаулығын нығайтудың кепілі» 2018-2019 оқу жылынан бастап ұлттық мұрамыздың бірі асық терапиясымен бала денсаулығын және білімдерін шыңдап келеміз. Қазіргі таңда баланың  «сиқырлы асықтармен ойын ойната отырып, есте сақтау қабілеті дамиды, қызығушылықтары басым болғаны байқалады.

 

Ашенова Ғалия Ақылбекқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,

                                      №48 «Ақ көгершін» балабақшасының шағын орталық

               тәрбиешісі.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.