Home » Ашық сабақтар » Сиқырлы алаңға саяхат. А.М. Алманиязова

Сиқырлы алаңға саяхат. А.М. Алманиязова

Мақсаты: Балалардың туған жерге, табиғатқа деген жан дүниесін ояту, табиғаттың әрбір тамашасына қуанып, оны қорғай білуге баулу. Балалардың жәндіктер, гүл туралы білімдерін кеңейту. Табиғат аясында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру.

Алдын ала жұмыс және сабаққа дайындық: керекті құрал-жабдықтарды дайындау. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Құралдар: суреттер, түрлі-түсті бояу, ермек саз.

Тәрбие жұмысының барысы.

  • Қараңыздаршы, балалар менің үстелімде бір әдемі қорапша тұр. Ішінде не бар екенін көргілерің келе ме? Кәне көрейікші (қорапшаны ашады) Не көріп тұрмыз? (қораптың ішінде көбелектер бар). Көбелектер туралы сендер не білесіңдер? (балалар көбелектер туралы не білетінін айтып береді)
  • Балалар, саяхатқа шығамыз ба?
  • Олай болса, мен қазір сендерді көбелекке айналдырам. Біздің қолдарымыз қанатқа айналады. Қанекей, қанатымызды қағайық, көбелектер сияқты ұшайық. Балалар, қараңдаршы, біз әдемі алаңға да жеттік. Қанекей алаңға отырып айналамызға көз салайық. Қараңдар, айнала қандай әдемі. Алаңда қандай керемет, сұлу, ауасы не деген таза, қане, бәріміз осы таза ауамен тыныс алайық.
  • Балалар, алаңда қандай өсімдіктер өседі? (гүлдер)
  • Дұрыс айтасыңдар. Біздер қандай гүлдерді білеміз? — қызғалдақ, раушангүл, түймедақ.
  • Гүлдер бізге не береді? – әсемдікті, жұпар иісті, әдемілікті, көтеріңкі көңіл күйді және де емдік қасиеттері де бар.
  • Дұрыс айтасыңдар.
  • Балалар, мына алаңға қараңдаршы, осы жерде көптеген гүлдер өседі. Осы алаңнан бір шоқ гүл жинап балабақшаға апарсақ, қалай болар еді? Бірақ гүлдердің атауы есіме түспей тұр. Сендер маған көмектесіп жіберіңдерші. Мен сендерге жұмбақ жасырайын, сол жұмбақты шешсек, гүлдердің атауы есіме түседі. (тәрбиеші балаларға жұмбақты жасырады, балалар гүлдің суретін тауып тәрбиешіге апарады).

Бір түрі бар бұл гүлдің

Көк түсті ол әдемі.

Суық тиген сырқатқа ем

Шипалы дертті жеңуге.

(гүлкекіре)

Кең даланы жұпарға толтырады, Гүл теруге топ бала ынтығады. Қызыл, сары, ақ түсті қыр гүлдері –  Тек көктемде жайқалып, құлпырады.

(қызғалдақ) Тюймедей сары дағы бар

Далалық жерден табылар.

Балақай аппақ гүлі көп,

Ол қандай гүлі, танып ал.

(тюймедақ)

Бір өсімдік бар: бір көргенде сап-сары,

Бір көргенде аппақ, үрлесең ұшып кетеді.

(бақбақ)

Әр түсті алуан түрі бар.  Бір ашылса қаулайды, Ортасында тілі бар,  Қоңыраудан аумайды.                      (Қоңыраугүл)

-Балалар, алаңымыз одан әрі әдемі болу үшін біз де өз қолымызбен гүлдер отырғызайық.

-Балалар, үстелге келіп ермексаздан дөңгелек жасаймыз. Бұл дөңгелектің айналасына гүл күлтешелерін саламыз. Сонымен, балалар, әдемі гүлдерімізді алаңға апарып отырғызайық.

(Тәрбиеші балалармен бірге отырғызады.)

Балалар, орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық:

Ал балалар, тұрайық.

Торғайлар ұшты оңға,

Торғайлар ұшты солға.

Жоғары ұшты, төмен ұшты.

Талға қонды, қайта ұшты, солға ұшты.

Төбемізге қоншы,

Мұрнымызға қоншы,

Алысқа ұшшы.

-Ой, балалар құмырсқа келе жатыр. Қане құмырсқаша жүгірейік.

-Шегіртке ұшып жүр екен, шегірткеше секірейік.

Сыңғырлап бұлақ ағып жатыр.

Қане амандасайық, аттап өтейік.

Алаңқайда ағаш өсіпті, еңкейіп өтейік.

Ағаштың түбінде қоян жатыр, бәріміз қоянша секірейік.

Аю маймаңдап шықты, бәріміз аюша жүрейік.

Алаңқайда санырауқұлақтар көп өсіпті,

Себетімізге теріп салайық.

(жәндіктердің дыбысы естіледі)

-Балалар, қане мен бір дыбыстарды естіп тұрмын, сендер де естіп тұрсыңдар ма? Алаңқайда гүлдерден басқа да, жәндіктер, құрт құмырсқалар өмір сүреді екен. Балалар, қандай жәндіктерді білеміз? (аралар көбелектер, шегірткелер, өрмекшілер).

Балалар, мына шөптерді қараңдаршы, қозғалып тұрған сияқты. Арасында не жүргенін қарайықшы (шөп арасында ара, көбелек, құмырсқа, өрмекші, шегіртке суреттері тұрады) Мына жәндіктер адасып кеткен сияқты. Қатты жел болғандықтан өз үйлерін таба алмай қалған болар. Біз көмектесіп жіберейік.

 

Дидактикалық ойын: «Өз үйіңді тап»

Балалар, біз араның, өрмекшінің, көбелектің үйлерін тауып бердік, ал енді құмырсқаның үйі қатты желден құлап қалған екен, соған бәріміз бірге үй жасап берейік (балалар кинетикалық құммен жұмыс жасайды). Балалар білесіңдер ме, сиқырлы алаңқайымыз біздерге, қонаққа, келген апайларға алғыс ретінде тәтті гүлдерін сыйға тартады.

Балалар, қане көбелекке айналып, балабақшамызға ұшып барайық (орындыққа отырады)

Тәрбиеші: Балалар, алаң сендерге ұнады ма? Алаңда не көрдіңдер? Кімге көмектестіңдер? (балалар айтып береді).

 

Қоңыраудай болған соң   Мансүр

Қоңыраугүл аталған

Бір түбінен жамырап

Бір неше гүл бас алған.

 

Синенький звонок висит,     Арсен

Никогда он не звенит.

(колокольчик)

Эх звоночки, синий цвет         Эмилия

С язычком а звону нет.

(колокольчик)

 

Золотой и молодой               Захар

За неделю стал седой,

А денечка через два

Облысела голова.

Спрячу-ка в карманчик

Бывший .(одуванчик)..

 

Я шариком пушистым         Таир

Белею в поле чистом

А дунул ветерок

Остался стебелек

.(одуванчик)

 

 

 

На зеленой длинной ножке             Аня

Вырос шарик на дорожке

.(одуванчик)

 

 

Стоит в саду кудряшка

— белая рубашка,         Эмир С

ердечко золотое.

Что это такое?

Ромашка

 

Мы несли грибы в корзине

И еще цветочек синий

Этот синенький цветок

Назывался…

( василек)

 

 

Замечательный цветок,

словно яркий огонек

пышный, важный словно пан

нежный бархатный …

(тюльпан)

 

 

Колосится в поле рожь

Там во ржи цветок найдешь

Ярко синий и пушистый

Только жалко не душистый

(василек)

 

Қазақстан – біліп ал                                           Айару

Қызғалдақтың отаны.

Қызғалдақпен шықты ғой

Біздің елдің атағы.

 

Үлбіреген бақ-бақ,

Үлпілдеген аппақ.

«Уф», – десем бақ-бақ,

Ұшасың ғой қаптап.             Аяулым

 

Жомарт мынау табиғат

Өсіргендей бізге арнап.

Қып-қызыл боп жалындап

Қырға өседі қызғалдақ.       Султан

 

Тәрбиеші

 

Бір түрі бар бұл гүлдің

Көк түсті ол әдемі

Суық тиген сырқатқа ем

Шипалы дертті женуге.

(гүлкекіре)

 

Кең даланы жұпарға толтырады,

Гүл теруге топ бала ынтығады.

Қызыл, сары, ақ түсті қыр гүлдері –

Тек көктемде жайқалып, құлпырады.

(қызғалдақ)
Түймедей сары дағы бар

Далалық жерден табылар.

Балақай аппақ гүлі көп,

Ол қандай гүлі, танып ал

(тюймедақ)

 

Бір өсімдік бар: бір көргенде сап-сары,                           Андрей

Бір көргенде аппақ, үрлесең ұшып кетеді

(бақбақ)

 

Әр түсті алуан түрі бар.

Бір ашылса қаулайды,

Ортасында тілі бар,

Қоңыраудан аумайды. (Қоңыраугүл)

А.М. Алманиязова

№28 «Көркем» МДҰ МКҚК

Ақтөбе қаласы 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.