Мақсаты: Балалардың назарын өз атамекеніне ұшып келетін құстың – ұзақ екеніне көңіл аударту. Олар суықтан қорықпайтынын , тамағын тауып алатынын әңгімелеу. Жыл құстары туралы түсініктерін кеңейту. Жиі кездесетін жыл құстарының атауын, олардың ерекшеліктерін, ұқсастықтарын айыра білу. Құстардың пайдасы туралы білімдерін бекіту. Табиғат құбылыстарының арасындағы заңды байланысты көре білуге үйрету.
Бақылау: Балалардың назарын табиғат көркіне өсіп тұрған биік ағаштарға, құстарға, жерге аударамын. Жыл құстары туралы түсініктерін кеңейту. Жиі кездесетін жыл құстарының атауын, олардың ерекшеліктерін, ұқсастықтарын айыра білу. Құстардың пайдасы туралы білімдерін бекіту. Табиғат құбылыстарының арасындағы заңды байланысты көре білуге үйрету.
– Балалар біз қайда шықтық ?
– Серуенге.
(Серуен-прогулка)
– Жақсы, дұрыс айтасыңдар, ендеше айналамызды бір бақылайықшы, күн қандай жылы ма, әлде суық па? Иә, жылы, біздер жеңіл киімдерімізді киеміз? Ендеше балалар әндетіп, көңілімізді көтеріп, алаңымызға барайық.
Ән: «Торғай»
– Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: – Көктем мезгілі.
– Бүгін қай күн екен? – Бүгін сәрсенбі.
– Дұрыс айтасыңдар? Айналамыздан қандай өзгерістер байқадыңдар?
– Күн жылынады. Қар ериді, су ағады.
– Балалар біз не туралы ән айттық? – Құстар.
– Иә, балалар құстар да ағаштарды жақсы көреді, мекендеп қонады. Ендеше мына ағашқа назар аударайық. Балалар қараңдаршы, ағаштағы томпиып тұрған ағаш бүршіктерін, көктем мезгілінде барлық ағаштар осылай бүршік атады. Ол бүршіктерден не шығады ?
Балалар: – Жапырақтар.
– Жарайсыңдар, балалар!
– Балалар, мені мұқият тыңдаңыздаршы, менің сендерге хабарландыруым бар.
(Әуен ойналады)
– Мынау ненің дыбыстары?
Балалар: – Құстардың.
– Бүгін біз жыл құстары туралы айтамыз. Көктем мезгілінде жылы жақтан ұшып келетін қандай құстар?
– Қараторғай, Ақтұмсық қарға, торғайлар, соңынан қарылғаш, тырна ұшып келеді.
(Қараторғай – скворец)
– Олар біздің жерімізге ұя салып, балапан шығару үшін көктемде ұшып келеді. Оларды жыл құстары деп атайды. Соның бірі – қараторғай көрсең көктем келді дейді екен. Қараторғай тез қозғалып, ұшқанда тік көтеріледі.Үні де құлаққа жағымды. Алайда ол өзге құстардың үніне еліктегіш келеді екен. Сол себепті сайрағаны бір сарынды емес, әр түрлі үн шығарады. Қәне, алаңдағы құстарды қонаққа шақырайық. Балалар, құстар бізден үркіп келмейді. Бәріміз оларға жемсалғышқа тамақ салайық, оларға біз қамқор болуымыз керек. Ал құстардың қандай пайдасы бар? Олар табиғатты құрт-құмырсқалардан зиянкестерден қорғайды, сондықтан олар ағаштардың емшілері. Құстарға арнап, кім тақпақ айтады.
Көркем сөз:
Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт-құмырсқа, шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын. Алихан.
Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
Көктем келді деп бізге,
Жақсы хабар береді. Асылхан.
Құстар тойын құттықтар,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз. Аяна.
Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар. Қайсар.
Два скворца летели,
На березку сели.
Сели и запели,
Как они летели. Сагида.
Снова птицы прилетели,
Из далёки прилетели.
Эти птицы прилетают,
Раннею весной. Демид
Ендеше кім мақал-мәтел біледі?
Құс қанатымен ұшады,
Құйрығымен қонады. Диас
Қыран құс шашып жейді,
Қара құс басып жейді. Қайсар
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер. Ануар.
Еңбек: ағашымызға рахмет айтып ол жеңіл демалу үшін айналасын жинап, түбін қопсытып, тырналайық. Не үшін қопсыту керек? Түбіндегі жері жаңарып, таза ауа жұтады, өсуіне үлкен себебі болады. Балалар алаңымызға барайық. Құстарымызды алыстан бақылайық.
Жеке жұмыс: екі-үш балаға «Қарға мен торғай қалай дыбыстайды?»
Қарр-қарр-қарр.
Ал торғай қалай шиқылдайды?
Шик-шик-шик.
Қимылды ойындар
«Өз үйіңді тап»
«Машина пен торғайлар»
Өз бетімен іс-әрекет: Балалар, бүгін біздер серуен де қандай құстарды айттық? Оларға біздер жемсалғышқа не салдық, естеріңде қалды ма? Ендеше ағашпен құстардың бейнесін құмға салайық.
Рита Наурызбайқызы Дускарова,
Орал қаласының №25 «Снежинка»
бөбекжайының тәрбиешісі, БҚО