Жүргізуші:
Әр таңды бақытпенен аттырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Асқар таудай әкелерді шақырамыз.
Бүгін сайсымызда әділ бағасын беретін әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
№ 49 «Ақ ниет» бөбекжайының әдіскерлері Сахатова Лилия Мұратқызы және Лаура Біржанқызы. Балабақшамыздың медбикесі Латипа Сарсенбайқызы.
Қасиетті халқымның нұры жанып,
Қыраны тек биікте қалықтасын.
Азат елдің ақ таңы арайланып,
Асқақ үн мен әнұран шарықтасын.
(Гимн орындалады)
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Таныстырып кетейін.
І кезең: «Таныстыру»
№ 1 – «Тұлпар» тобы
№2 – «Сұңқар» тобы
№3 – «Ақ көгершін» тобы
Бәріңізге де жылдамдық, төзімділік тілеймін. Себебі бұл сайыста тек 1,2,3 орын беріледі, сондықтан да бәріңізге айтарым тек қана алға!!!
ІІ кезең: «Жалғастыр»
Шарты: Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табу, жұмбақтың шешімін табу.
Отан, туған жер, ел туралы.
№1 ойыншыға Отан – қуат,(отбасы — шуақ)
№2 ойыншыға Сумен ойнама – батарсың (отпен ойнама — жанасың).
№3 ойыншы Көптің күші көлдей (көшіп жүрген елдей)
№ 4 Көп біріксе — ел болар (көп тілегі көл болар).
№ 5 Данышпан айтса, ел айтқаны, (елдің қамын жеп айтқаны)
№6 Шықпаған егіннен жер бүлінеді, (олақ бастықтан ел бүлінеді)
Және №7 соңғы ойыншымызға Елде болса ерінге тиер, (ауылда болса ауызыңа тиер).
Ғылым, білім, ілім туралы.
№1 Оқу білім бұлағы (білім өмір шырағы)
№2 Оқу білім азығы (білім ырыс қазығы)
№3 Білім ауысады (ырыс жұғысады)
№4 Білегі күшті бірді жығады, (білімі күшті мыңды жығады)
№5 Мың малың болғанша (бір балаң ғалым болсын)
№6 Тасқа егін шықпас (қас жаманға білім жұқпас)
№7 Оқығанның бәрі жарық (оқымағанның беті жарық)
Достық туралы
№1 Досы көпті жау алмайды (ақылы көпті дау алмайды)
№2 Дос досқа жалынса (достың көңілі алынады)
№3 Дос досқа зиянкер емес (зиянкер болса дос емес)
№4 Доспен дос болғанға шаттан (дұшпанмен дос болғаннан сақтан)
№5 Дос басқа қарар, (дұшпан аяққа қарар)
№6 Мал көтерер өлімді (дос көтерер көңілді)
№7 Аз қайғыны ас басады (көп қайғыны дос басады)
Жанұя, тума-туыстар туралы
№1 Жақсы таз баласын жасырмайды (жақсы әйел асын жасырмайды)
№2 Көп ақымақтың ағасы болғанша (көп ақылдының інісі бол)
№3 «Сіз, біз» деген жылы сөз (ағайынға жарасар)
№4 Балаң жаман болса (көрінгеннің мазағы)
№5 Тумаң туысқандай болмайды, (тұрман құйысқандай болмайды)
№6 Қай қолыңды кессең де (жанға батуы бірдей)
№7 Бас екеу болмай (мал екеу болмас)
Енді жұмбақ.
Егер мен жұмбақ қойған ойыншы шешімін таба алмаса, басқа ойыншы қолын көтеріп айтады.
№1 Қатар жатқан қос бөлек,
Үстінен келер, күш үдеп (Теміржол)
№2 Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон)
№3 Өзіне нанбаймыз
Ізіне нанамыз (Мөр)
№4 Иректеп еденді,
Иреңдеп келеді.
Шаң мен тозанды,
Қылғыта береді (Шаңсорғыш)
№5 Түнде жүрсең күндіздей,
Жағар әркім үйге үзбей.
Жарық берер әлемге,
Тиіп кетсең білгізбей. (Электр шамы)
№6 Бір керемет күшімді,
Жазда сақтаймын қысыңды (Тоңазытқыш)
№7 Қара кілем бар жәйлі,
Жақын етер шалғайды.
Ол қаламен қаланы,
Елмен елді жалғайды. (Асфальт жолы)
Табиғат туралы
№1 Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін,
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарың (Тау)
№2 Қоймайсың қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық (Қар)
№3 Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. (Кемпірқосақ)
№4 Болса да көкте мекені,
Кездеспейді екеуі. (Ай мен күн)
№5 Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді,
Сол кезде ой қаулап,
Бәйшешек өнеді. (Жаңбыр)
№6 Қыс болса құрып өрмегін,
Салды небір өрнегін (Қырау)
№7 Көзіңе көрінбейді,
Қолыңа ілінбейді.
Бірақ та құлағыңа,
Ұдайы күбірлейді. (Жел)
Техника, заттар туралы.
№1 Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны (Теледидар)
№2 Он көзі бар өзінде
Он цифр бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың (Телефон)
№3 Аспанға қызыл –жасылды,
Көкпеңбек моншақ шашылды (Салют)
№4 Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңайға» дейді. (Бағдаршам)
№5 Күн ашықты құр тұрамын,
Бұлтты күні қыдырамын (Қолшатыр)
№6 Көктен көзін алмайды,
Ғарыш сырын барлайды. (Телескоп)
№7 Көк қарбызым қойған жерден биік тұр,
Сол қарбызға бүкіл әлем сиып тұр (Глобус)
ІІІ кезең: «Күш атасын танымас» мұнда әкелердің қаншалықты спортқа жақын екендігін байқаймыз.
Шарты:
1 Отжимание
2 Дене көтеру
3 Гимнастикалық қабырғаға ілініп тұрып, аяқтарымызды көтеріп тұру.
ІV кезең: «Мен саған сенемін»
Шарты:
- картоп, 1 сәбіз, 1 жуаны тез ашып, тазалап, турау.
- Күріш арасынан 1 мин ішінде 10 бұршақты тауып алу.
- 2 мин ішінде жайма жасау.
V кезең: «Менің балам ақылды!»
Шарты: Мұнда әкелерге шапшаңдық қажет етеді, әкелеріміз өз балаларын мадақтау арқылы қағазға жазады, ойынның соңында әділ-қазылар алқасы кімнің көп сөз жазғанын санап есептейді.
6 кезең: «Балаңды туып ал!»
Шарты: Әкелердің көздерін орамалмен жауып, музыка қосылғаннан кейін, 10 баланың ішінен өзінің баласын тауып алуы тиіс.
Жүргізуші:
Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беретін адамың. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей тамағыңның тоқтығы, киіміңнің бүтіндігі, ұйқымыздың тыныштығы – осының бәрі әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына «әкелеріміз» аман болсын!
Ендігі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берейік.
Жүргізуші:
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынандай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған десаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық.«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Құрметті де, салмақты әкелеріміз осы сайысқа қатысуға келгендеріңіз үшін көп-көп рахмет.
Келесі де кездескенше сау саламатта болайық.
Серикова Акжунис Кенесовна,
БҚО, Орал қаласы
№49 «Ақ ниет» бөбекжайы МКҚК
дене шынықтыру нұсқаушысы