Warning: include_once(/var/www/vhosts/bilimainasy.kz/httpdocs/wp-content/plugins/wp-super-cache/wp-cache-phase1.php): failed to open stream: No such file or directory in /var/www/vhosts/bilimainasy.kz/httpdocs/wp-content/advanced-cache.php on line 22

Warning: include_once(): Failed opening '/var/www/vhosts/bilimainasy.kz/httpdocs/wp-content/plugins/wp-super-cache/wp-cache-phase1.php' for inclusion (include_path='.:/opt/alt/php74/usr/share/pear') in /var/www/vhosts/bilimainasy.kz/httpdocs/wp-content/advanced-cache.php on line 22
Септік жалғау — Білім айнасы газеті

Септік жалғау

 

Сабақтың мақсаты:
1 .Білімділік: Септік жалғаулары туралы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғырту, тереңдете түсу.

  1. Тәрбиелік: ¥лтымыздың салт-дәстүрін бағалап, дәріптеуге
  2. арналған әр түрлі жаттығулар арқылы балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға дағдыландыру. Мәнерлел оқуға баулу. тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: Өткен сабақтардан алған білімдерін қайталауға Сабақгың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, тақтамен, үлестірмелі кеспе қағаздармен , мәтінмен ауызша, жазбаша жұмыстары.

Сабакгың көрнекілігі: лингвистикалық кесте.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, халықтық педагогика Сабақтың барысы:

  1. Үйымдастыру кезеңі: І.Оқушылармен сәлемдесу 2.0қушылардың сабаққа қатысын тексеру З.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
  3. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы тусіндіру.

Инженердің жаңа жоспарынан біздерге тиетін көмек өте көп Атау кім? не? — бала шеге

Ілік кімнің? ненің? — баланың — шегенің

Барыс — кімге? неге?          балаға шегеге

Табыс —кімді? нені?           баланы           шегені

Жатыс — кімді? неде?         балада шегеде

Шығыс — кімнен? неден? — баладан         шегеден

Көмектес — кіммен? немен? — баламен — шегемен

  1. Теориялық білім беру.

Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің түрлену жүйесінің бірі — септік жалғауы. Септік жалғауы да тәуелдік, көптік жалғаулары сиякты сөз бен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп түратын категория. Септік жалғауының сөздерді байланыстыратын қасиеті мына түрде түсіндіріледі. «Инженердің жаңа жоспарынанбіздерге тиетін көмек өте көп» деген сөйлемді тақтаға жазып, инженер сөзіндегі -дің, жоспар сөзіндегі -нан, біздер сөзіндегі -ге қосымшаларын сүртіп тастап, инженер. жаңа жоспары. біздер… тиетін көмек өте көп деген тіркесті қайта оқытып, оқушылардың өздеріне қандай өзгеріс барын аңғарттырамыз. Сөйтіп, сөздердің қарым-қатынасқа түсе алмай, айтайын деген ойдың үйлесімсіз түратынына оқушылардың көздерін жеткіземіз. Мұнан соң инженер, жоспар, біздер дегенсөздердің қарым-қатынасқа түсіп түрған тіркесін аңғартып, бұл үшін тіркестің өзара бір- бірімен септік жалғауының қосымшалары арқылы қарым-қатынасқа түсіп тұрғанын айтамыз.

Тақтаға ақ, қызыл бормен септік жалғауының аттары мен сұрақтарын жазып, әрбір септіктердің өздеріне тән арнаулы сүрақтары, қосымшаларының бары айтылады. Бүл жүмыс былайша орындалуға тиіс: тақтаға 7 септіктің атаулары бірінен соң бірі ақ бормен рет-ретімен баған ретінде тізіліп жазылады да, оқушыларды қатыстыра отырып «Тілімізде неше септік жалғауы барын көріп отырсыңдар?» деген сұраққа жауап аламыз. Осылайша оқушылардың назарын аударған соң, тақтадағы септіктердің қатарына қызыл борменәрқайсысының сүрақтарын жазамыз. Ол сүрақтардың кім? не? дегеннегізгі түбірден өрбігенін аңғартып, әр септіктің өздеріне тән арнаулы қосымшалары барын, ол қосымшалардың кім? не? Жалғанып тұрған жалғаулар арқылы түрленетіні түсіндіреміз де, әр септіктің түсындағы кім? не? Сұрағына қосылып түрған септік қосымшаларының астын сызып көрсетеміз. Сонымен қатар әр септіктің білдіретін мағынасына да тоқталып өткен жен.

Атау септік. Атау септігі сырт түлғасы жағынан да зат есімнің түбірі түлғасымен ұқсас, арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ болып келсе де, басқа септік түрлерімен бірдей арнайы грамматикалық мағынасы бар, басқа септік тұлғаларындай сөз байланыстырғыш қызметі бар, олармен тепе-тең, бірақ нольдік формалы септік жүйесінің бір түрі болыптабылады. Атау септігі белгілі бір заттарды атап көрсетеді, сондықтан атау септігіне қойылатын сұрақтар кім? не? дегенжалғаусыз формада жұмсалады.

  1. Ілік септік. Ілік септігіндегі сөз үнемі тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Ілік септіктің білдіретін басты мағынасы — грамматикалық меншіктілік, иелікті, меншіктілік-қатыстықты көрсету. Ілік септігі кімнің?Септіктердің жалғаулары
  2. жоқ
  3. ның, — нің, — дың, — дің, — тың, — тің
  4. ға, — ге, — қа, — ке, — на, — не, — а, — е

— ды, — ді, — ты, — ті, — ны, — ні, — н

— да, — де, — та,- те, — нда, — нде

— нан, — нен, — дан,- ден, — тан, -тен

— мен,- бен, — пен

Септіктер

  • Атау
  1. Ілік —
  2. Бары—
  3. Табыс ■
  • Жатыс-

Шығыс—Жайраңдасып жас күлер құрбысына.
Көрден жаңа түрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысына.

(Абай)

Үлестірмелі кеспе қағаздармен жұмыс.

  1. кеспе қағазы. Берілген сөйлемді қүрылысына, сөйлем мүшелеріне талдап, кездескен септік жалғауларының түрін ажырат.

Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды.

  1. кеспе қағазы. Сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

Нәрестенің дүниеге келген қүрметіне арналатын салт-дәстүрдің бірі — шілдехана.

  1. кеспе қағазы. Сөйлемде кездесетін септік жалғауларының түрін ажыратып, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса.

Асық ойыны баланы ептілікке, мергендікке үйретеді.

(«Қазақ халқының салт-дәстүрлері»)

  • Үйге тапсырма беру:
  1. Септік жалғау туралы түсінік
  2. Көмектес

Бұл көрнекі қүралды жаңа материалды жинақтап қорыту ретінде пайдаланамыз. Септік жалғауының жалғанатын сөздерінің соңғы дыбыстарының әуеніне қарай түрліше болып келетіні осындағы жалғауларды көрсету арқылы түсіндіріліп, сөздердің осындай жалғаулар арқылы түрленуі септеу делінетіндігі тұжырымдалады.

Сонымен қатар мектеп бағдарламасында септеудің жай септеу мен тәуелді септеу деген түрлері кездеседі. Жай септеу дел жалғауларының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сездердің тура түрлеріне жалғануын, септелуін айтсақ, ал теуелді септеудеп септік жалғауының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз. Септік жалғауының жайсептеутурі мен тәуелді септеутүрін салыстырып оқытуға болады.

жайсептеу тәуелді септеу

  1. Қалам — қаламым
  2. қаламның      қаламымның
  3. қаламға         қаламыма
  4. қаламды        қаламымды
  5. қаламда         қаламымда
  6. қаламнан       қаламымнан
  7. қаламмен — т» қаламыммен
  8. Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс Толқын

Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады,

Толқын мен толқын жарысад.

Күңіренісіп кеңеспен,

Бітпейтін бір егеспен Жарысып жарға барысад.

Толқын мен толқын сырласып,

Сырларын ептет ұрласып,

Толқынға толқын еркелеп,

Меруерт көбікке оранып,

Жыландай жүзге бұралып,

Жарға жетер ентелеп. (М.Жұмабаев)

Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңдер де, ол жалғаудың неліктен түрліше болғанын түсіндіріңцер.

(қайда?) қалаға (кімге?) әкеме (Т.Ж I)

(кімге?) атасына (Т.Ж III)

(неге?) күрекке (неге?) сағатқа (неге?) үйге

(қайда?) інісіне (Т.Ж III)

(кімге?) апама (Т.Ж I)

Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын қойып жазып, қай септік екенін анықтаңдар.

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсына,

ненің? қай? деген сүрактарға жауап болады. Ілік септігінің қосымшалары ашық та, жасырын да қолданылатыны езара салыстырыла әңгімеленуі керек. Мысалы: мектептің маңы — мектеп маңы, есіктің тұтқасы — есік тұтқасы.

Барыс септік. Барыс септігінің де өзіндік ерекшелігі бар. Барыс септігі сөз бен сөзді байланыстырып, мекенді, бағытты, мақсатты, мезгілдік үғымдарды білдіреді. Барыс септігінің сұрағы мен қосымшаларын түсіндірген соң, дейін, шейін, тарта, қарай, жуық сияқты шылау сөздер өзінің негізгі сөздердің үнемі барыс септікте түруын керек ететіні аңғартылады. Мысалы: үйге дейін.

  1. Табыс септік. Табыс септігі затпен қимылды үштастырып, өзара байланыстырыптүрады. Табыс септігі қимылдық үғымды білдіретін кейбір етістіктердің лексикалық мағыналарымен тікелей байланысты болып, олармен табиғи жағынан да қарым-қатынаста келеді. Мысалы, «Тақтаны сулы шүберекпен сүрту керек» деген сөйлемді тақтаға жазып, сүрту керекдеген тіркестің баяндауыш екенін, оған нені? деген сүрақтың тікелей қойылатыны аңғартылады.

Демек, сүрту керекдеген сөз тіркесі тақтаны деген сездің табыс септікте түруын қалайтыны ескертіледі.

Жатыс септік. Жатыс септіктегі сөздер де етістіктен болған сөйлем мүшелерімен байланысып, мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіреді. Мысалы: ол мектепте болды.

Шығыс септік. Шығыс септігі — септік жалғауларының ішіндегі оңай меңгерілетін категориясының бірі. Шығыс септіктегі сөздер де етістікпен байланысып, қимылдың болған орнын, мезгілін, себебін, нәрсенің неден істелетінін білдіреді. Мысалы: Олар Мәскеуден келді. Шығыс септігіндегі сөздердің мағынасы мен сөйлемдегі қызметі төмендегі мысалдар арқылы түсіндіріледі:

  1. Ғарышкерлер Байқоңырдан (қайдан?) ұшырылады.
  2. Еңбек сабағында пластилиннен (неден?) ат жасадық.
  3. Асқарды алыстан жүрісінен (несінен?) таныдым.
  4. асқардан (кімнен?) Омар жақсы оқиды.

Бірінші сөйлемдегі Байқоңырдан деген шығыс жалғаулы сөз қайдан? деген сұраққа жауап беріп, шыққан орынды білдіріп, екінші сөйлемдегі пластилиннендегенсөз неден? дегенсүраққа жауапберіп, заттың неденістелгенін білдіріп, сөйлемде толықтауыш болып түр.

Көмектес септік. Көмектес септік сөздер де етістіктен болған мүшемен байланысып, іс-әрекеттің қүралын, тәсілін және амалын білдіреді. Демек, көмектес септігі бір заттың екінші бір затқа көмекшілік қызметінде жүмсалатынын білдіреді. Мысалы: Адам еңбегімен бағаланады. Көмектес септігінің-мен, -бен, -пен түрлері жиі қолданылады, ал -менен, -бенен, -пенен түрлері қазіргі тілімізде көп жұмсалмайды. Көмектес септіктің қосымшаларының басқа септіктерден бір ерекшелігі — олардың жуан варианты жоқ. Бұлардың түбірге үнемі жіңішке тұлғада жалғанып, буын үндестігіне бағынбайтыны, көмектес септіктің беретін мағыналары да, сөйлемдегі қызметі де түрліше болып келетіндігін сөйлем талдауарқылы түсіндірген ұтымды болады.

Мысалы:

  1. Еңбеккерлер трактормен (немен?) жер жыртады, комбайнмен (немен?) астық орады. Қасым жолдастарымен (кімдермен?) экскурсияға кетті. Біз баяндаманы ықыласпен (қалай?) тыңдадық.

Бұл сөйлемдердегі трактормен, комбайнмендегенсөздер немендегенсүраққа жауапберіп, істің нендей қүралмен істелетінін білдіріп түр. Сол сияқты жолдастарымендегенсөз кімдермен? Деген сүраққа жауап беріп, істің бірлестігін білдіріп түр.

Сөйтіп, оқушыларға түсіндірген септік жалғауының түрін, сүрағын, мағынасын, қосымшаларын жинақтап, өздеріне бала, шеге деген екі сөзді ауызша септетіп, олардың жауабын ақ, қызыл бормен әр септіктің түсына жазып түру керек. Осындай жүмыстың нәтижесі тақтада мына түрде көрінуі тиіс:

  1. Атау  кім? не?          бала    шеге
  • Ілік    кімнің? ненің? — баланың  шегенің
  • Барыс — кімге? неге?балаға          шегеге
  • Табыс — кімді? нені? баланы       шегені
  1. Жатыс — кімді? неде?        балада шегеде
  • Шығыс —кімнен? неден? — баладан шегеден
  • Көмектес -кіммен? немен? — баламен шегемен

Бұл көріністен жоғарыда айтылғандардан басқа бала, mere сөздеріндегі септік жалғауларының дәл кім? не? сұрақтарындай түрленіп түрғанын, буын үндестігіне байланыстықосымшалардың жуан, жіңішке түрлерге варианттанып түрғанын айту қажет. Бүдан соң дыбыс үндестігіне байланысты да әр септіктің қосымшаларының түрлі вариантта келетінін мына кесте арқылы түсіндіреміз.

 

Дошпердиева Құрбанкүл Оңалқызы,
Түркістан облысы,
Қазығұрт ауданы
Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *