Home » Балабақша » “Сенімді ел — болашаққа бастар жол” тақырыбындағы қалалық семинар

“Сенімді ел — болашаққа бастар жол” тақырыбындағы қалалық семинар

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды.

Тақырыбы: «Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек”  тренинг   

Мақсаты: педагогтардың жаңашылдыққа, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын дамыту.

Сәлеметсіздер ме, әріптестер! Бүгін сіздерді психологиялық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, бір-бірімізбен сыйластық, қарым-қатынаста болуға арналған “Отбасы-тәрбиенің басты ұясы” тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

1.“Танысу” жаттығуы

Танысу жаттығуында педагогтар төмендегі сөздер арқылы танысады.

Өз атыңызды күліп айтыңыз…

 Өз атыңызды әндетіп айтыңыз…

Өз атыңызды билеп айтыңыз…

Өз атыңызды шапалақ ұрып айтыңыз…

Өз атыңызды қуанып айтыңыз…

Өз атыңызды тез, жылдам айтыңыз…

Өз атыңызды ұялып айтыңыз…

Өз атыңызды жәй айтыңыз…

2 . «Кім жылдам» сергіту-жаттығуы

   Құрметті , педагогтар мүмкіндігінше   әр тапсырманы

жылдам және дұрыс жасауға ұмтылыңыздар.

1-тапсырма:   бой-бойларыңызбен тұрыңыздар.

2-тапсырма: жастарыңызға байланысты жасы кішілер алдында, жасы үлкендер саптың соңында

3-тапсырма:   жыл он екі айдың туылған күндеріңіз бойынша реттеріңізбен жылдам тұрыңыздар.

 

  1. Мінезімізді анықтайық” тесті

Аталған тест психологтардың ойлап тапқан әдіс-тәсілдері десек те болады.

Оны орындау үшін төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек сынды фигураларды пайдаланып,

адамның суретін салыңыз. Қисық немесе түзу сызықты пайдалануға болмайды.

Артынша тапсырманы орындап болған соң, оны жоғарыдағы суреттермен салыстырыңыз. Ұқсайтынын анықтап, төмендегі жауаптарды оқыңыз.

1.Басшы-мұндай адамды әдетте басқарып, көсбасшы болуға ұмтылатын жандар салады.

Олар кез келген ситуацияға икемделіп, табысқа жетуге мүмкіндік алады.Бұл қасиетін көпшілік адамдар. Көтере алмайтындықтан, дұшпандары көп болады.

  1. Жауапкершілігі мол-жоғарыда аталған басшыға қатты ұқсайды.

Бірақ ол секілді ерік-жігері жоқ. Сондықтан, бұл адамдар жауапкершілігі мол, өз ісін тиянақты орындайтын тұлғаға айналады.

  1. Күдікті- мұндай суретті салған адамды уақыт өте келе мақтап отыру керек.

Осындай жағдай туған кезде ғана өзін бақытты сезініп, жақсы жұмыс істейтін болады.

Кез келген салада, кез келген іспен айналыса алады. Әрдайым пайданы ойлайды.

4.Ғалым- ғалымдар, бағдарламашылар, сәулетшілер туралы әңгіме болып жатқаны біз айтпасақ та түсінікті шығар. Өте сабырлы, ойы жүйелі келеді. Адал әрі тәрбиелі. Бірақ жанына жүрген адамдарды мезі етіп жібереді.

  1. Психологтар-психолог өздеріне қиындық туғызып, артынша барлығын реттеп отырады.

Бұлай жасап жатқандарын өздері де байқамайды. Бәрінен де тәуелсіз болуды ұнатады.

6.Техникашы- бір сәтте жұмыртқадан жүн қырыққандай жоқтан бар жасайтын адамдар бар. Олардың ойлап таппайтыны жоқ. Жалпы айтқанда құрастырушылар мен өнертапқыштар-өзіндік таным-түсінігі бар және өте ақылды жандар.

  1. Сезімтал- бұл адамды барлығы үшін уайымдайтын жандар салады.

Әдетте өзінің жұмысы, үйі жоқ жануарлар, туған-туысқаны, жаһандық

Жылыну үшін уайымдайды. Барлығына көмектесіп, әділдік орнатуға құмар.

Шығармашылықпен айналысуды жөн көреді.

  1. Жүректен жүрекке

Гүлдерді бір —   біріне сыйлай отырып тілек тілеу.  

Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі,екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық.

Қорытындылай келе жүректеріңіз мейірімді болып, әрқашанда гүлдей жайнап жүріңіздер, достықтарыңыз әрқашан мәңгі болсын және отбасыларыңызға береке, ырыс қонсын!
Ақ жүрекпен, шын пейілмен «Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек» тренингімізге қатысқандарыңызға алғысым шексіз.

Абдікамал Мөлдір Жүсіпқызы,
№2 «Бөбек» санаториялық
балабақшасы КММ-нің І санатты психологы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.