Жақында «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ «Білім беру процесінің қамтамасыздандырудың жағдайы ретінде арнайы білім беру ұйымдарының жас педагог кәсіби құзыретін дамыту» атты облыстық семинары өтті.
Семинарға Павлодар облысының ПК БАИ «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалының жұртшылықпен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бастығы Г.К. Курманова, ПМПУ математика және жаратылыстану факультетінің анатомия, физиология және дефектология кафедрасының меңгерушісі Т.Б. Кенжебаева, облыстың интернаттық ұйымдарының, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру және түзету кабинеттерінің жас мамандары қатысты.
Пленарлық бөлімінде Г.К. Курманова семинар қонақтарын ересектерді оқытудың инновациялық түрі – педагогикалық шеберханасымен таныстырып, «SWOT мүмкіндіктері – жас маманның кәсіби құзыретінің өсу деңгейін бағалауға арналған талдау» атты практикум өткізді.
Іс-шара барысында мектеп-интернаттың тәжірибелі мұғалімдері мен жас мамандары ашық сабақтар, түзету сабақтары мен тәрбие сағаттарын өткізді.
Педагогикалық шеберхана жұмысының барысында биология және математикадан біріктірілген сабақ және жобалық қызмет бойынша тәрбие жұмысының тәжірибесі ұсынылды.
Соңынан семинар қатысушыларына Сертификаттар табысталып, мектеп-интернатының тәрбиеленушелері келген қонақтарға «Патша балы» атты вокалдық-би мюзиклін тарту етті.
Айгүл Молдаш,
Павлодар қаласы