Home » Мақалалар » Сейітова Алтын. Мектепке дейінгі жастағы балаларды көп мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сейітова Алтын. Мектепке дейінгі жастағы балаларды көп мәдениеттілікке тәрбиелеу

 

Көп мәдениеттілікке тәрбиелеудің өзектілігі уақыт талабымен байланысты. Бәсекеге қабілетті әлемде табысты адам тілді білмейінше, өмір сүруі мүмкін емес. Бүгінде еркін, дамыған және білімді, өзгермелі әлемде жұмыс жасай алатын тұлға бағаланады, бұл өз алдына тұлғада жан – жақты дамуын, әлемдік қауымдастыққа кіру  және  табысты қызметету мүмкіндігін беретін коммуникативтік  қабілеттер болуын талап етеді.
Көп мәдениеттілік кеңістігінде дамыған және тәрбиеленген адам қазіргі білім беру жүйесінің өзегі болып табылады. Ұлттық сана сезімнің дамуы, этникалық және этномәдениетте өзін тануға талпыныс халықтардың өзінің  ұлттық мәдениетіне ғана емес, сондай – ақ айналасындағы халықтар  мәдениетіне қызығушылықтан туындайды. Көп мәдениетті серіктестікке көшу ортақ планетамыздағы бір көршімізді түсінуді ғана емес, оның тілін түсінуге де септігін тигізеді.  Қазіргі әлемдік өркениет пен мәдениет диалогында тілді қолдануға байланысты сұрақтарға соңғы уақытта көп көңіл бөлініп жүр.
Президент Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан халқына жолдауында: « … Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін» деп атап айтты.
Әлем билингвизм дәуіріне келіп жетті, әрбір адамзат кем дегенде екі тілді білуі керек, себебі, үшінші мыңжылдықта адамзат әртүрлі халықтар мен мәдениеттердің, елдердің өзара байланысы мен өзара бағынушылығын кеңейту жолында дамып келеді.
Заманауи мектептің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуіне байланысты мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру мектепке дейінгі жастан бастап, жалпы білім берудің ажырамас бөлігі болып келеді, себебі, он екі жылдық білім беру бірінші кезекте балалардың коммуникативті құзіреттіліктерінің дамуын мақсат етеді. Сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де бір уақытта меңгермейінше сол тілді меңгеру мүмкін емес.
Мәдениет пен тілдің осындай өзара байланысы мектепке дейінгі жастағы балалардың көп мәдениеттілікке тәрбиелеу мәселесін назарсыз қалдырмайды.
Көп мәдениеттілікке тәрбиелеу– бұл балалардың мектепте жақсы білім алуының табысты кепілі, себебі, мектепке дейінгі жас кезеңі – жеке мәдениеттің базисінің жаңадан қалыптасып келе жатқан кезеңі. Бүгінгі таңда руханилық сезім біздің балалардымызда мектеп табалдырығын аттамай жатып бұрын пайда болатынын естен шығармауымыз қажет. «Балалар ұлттық факторға сезімтал болып келеді» — деп, балаларды көп мәдениеттілікке тәрбиелеуді зерттеуші атақты Э.К.Суслованың нақ осы пайымы арқылы мектепке дейінгі жас кезеңі ұлтаралық қарым-қатынас әдебін қалыптастыруға негіз болатындығына көз жеткізуге болады. Бұл – балалардың туған мәдениетіне деген сыйластығы мен қызығушылығын дамытуға, әртүрлі және арнайы этникалық мәдениетті қабылдауға, адамдарға олардың ұлтына қарамай қайырымды қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеуге арналған аса жағымды уақыт. Дәл осы көп мәдениеттілікке тәрбиелеу өскелең ұрпақтың жеке адамды сыйлауға байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.
Көп мәдениеттілікке тәрбиелеу – жаңашыл құбылыс. Қазіргі уақытта  көп мәдениеттілікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері (Г.Д. Дмитриев; В.В. Макаев т.б.) белсенді түрде жасалып шығарылуда.
Зерттеудің маңызды бөлігі мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлттық мәдениетпен танысу мәселесіне арналған. (Е.С.Бабунова; Т.Ф.Бабынина; Т.В. Черник)
Көп мәдениеттілік пен толеранттылық педагогикасының ғылыми-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, мектепке дейінгілердің көп мәдениеттіліке тәрбиелеу мәселесінде келесі педагогикалық жағдайлар сақталса, аса тиімді жүзеге асатындығын нық сеніммен айтуға болады. Олар:

  1. Көп мәдениеттілікке тәрбиелеудің ғылыми-айғақты мазмұнында халық ауыз әдебиеті, халық шығармашылығы, қолданбалы-сәндік өнер, ойындар, салт-дәстүрлер сияқты ұлттық мәдениеттің құрамдары болуы тиіс;
  2. Балалардың бойында патриоттық тәрбие мен толеранттылықты тәрбиелеуге көмектесетін және ұлттық мәдениет туралы білімдерін қалыптастыруға септігін тигізетін концептуалды көп мәдениеттілікке тәрбиелеудің моделі болуы қажет;
  3. Көп мәдениеттілікке тәрбиелеу технологиясында «жақыннан алысқа» принципі қолданылғаны маңызды.

МДМ көп мәдениеттілікке тәрбиелеу үш бағытта жүзеге асуы тиіс:

  1. Ақпараттандыру (түрлі халықтардың салт-дәстүрлері, олардың мәдениеттері мен құндылықтары туралы білімдерін хабарлау)
  2. Эмоционалды әсер ету ( «ақпараттандыру» бірінші бағытын жүзеге асыру барысында баланың жан-тәнімен түсінуіне жағдай жасау керек.
  3. Тәртіптік нормалар (баланың халықтар арасындағы өзара қарым-қатынас нормалары, әдептілік ережесі туралы алған білімдері оның жеке тәртібінде бекітілуі тиіс)

Мектепке дейінгі жастағы баланы көп мәдениеттілікке тәрбиелеуде осы үш бағытты жүзеге асыру үшін түрлі құралдарды қолдануға болады:
-түрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасау
-халық ауыз әдебиеті
-көркем әдебиет
-ойын, ұлттық ойыншық, ұлттық қуыршақ
-сәндік-қолданбалы өнер
-музыка
-этникалық шағын мұражай
-ұлттық тағамдар
Жоғарыда аталған құралдарды қолданудың тиімділігі көбіне педагогтың өзіне, оның рухани мәдениеті мен кәсіби этикасына байланысты болып келеді. Сонымен бірге балаларды көп мәдениеттілікке тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекеме мен мектептің арасындағы сабақтастықтың сақталғаны да аса маңызды.
Салт-дәстүрлер, мәдени құндылықтар, басқа халықтың тәртібіндегі стереотипті нормалар туралы білімнің негізінде ғана өз мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін толық қанды меңгерген адам болуға мүмкіндік барын ескерген жөн. Өз халқының тұрмысын түсінетін және құрметтейтін адам ғана басқа ұлттың мәдени құндылықтарын түсініп, қабылдай алады.
Көп мәдениеттілікке тәрбиелеуде келесі бірізділік мақсатты түрде іске асады:
-өз халқына деген сүйіспеншілік пен сый-құрмет, оның мәдени-тарихи жетістіктерін мақтан етуді түсіндіретін ұлттық тәрбие;
-халықты қоршаған ортадағы ұлттармен таныстыру, көрші халықтардың салт-дәстүрлерін өзіне жақын тарту негізінде сол ұлттың үлкендері мен өзі теңдестерге сыйластықпен қарауға қалыптастыру;
-алыстағы ұлттардың тұрмыстық салт-дәстүрлері туралы біліммен хабардар ету, жер шарындағы әр түрлі ұлттарға деген эмоционалды жағымды көзқарас қалыптастыру;
Біздің «Ақ бота» бөбекжай-бақшасында көп мәдениеттілікке тәрбиелеу тақырыбы өзекті орын алады және оны ұйымдастыруға жағымды жағдай жасалған, себебі балалар қазақ,  орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге, сол халықтың тұрмыстық мәдениетімен танысуға мүмкіндіктері бар.
Барлық педагогикалық үрдіс көп ұлтты мәдениеттің түрлі аспектілеріне балаларды үйретудің негізгі бағыттарына сәйкес құрылады, сол арқылы келесідей көп мәдениеттілікке тәрбиелеудің мақсаттарына жетуге көмектеседі:

1. Балаларды меңгеретін тіл елдерінің мәдениетімен таныстыру.
2. Басқа ұлт өкілдеріне сүйіспеншілік, сабырлылық, қызығушылық көзқарастарына тәрбиелеу.
3. Балаларды өзге ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеуге, түсіністікпен қарауға үйрету.
4. Балаларға барлық адамдардың тең, әрі бірлік пен татулықта өмір сүруге құқылы екендігін үйрету.
5.Балабақша мен отбасы арасында көп мәдениеттілікке тәрбиелеу мәселесі бойынша байланыс орнату.
6. Балалардың өз ұлтын мақтан тұтуға тәрбиелеу, өз елінің мәдени мұрасын сақтап байытуға шақыру.
7. Осы адамгершілік сезімдерін қалыптастыру негізінде мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлтық тәрбие мен мәдениетке тәрбиелеу бойынша кәсіби дайындық жұмыстарын жетілдіру және педагогтардың мәдени деңгейін арттыру.
8. Педагогтар, ата-аналар мен балалардың бөтен біреудің өмірі мен өмір сүру стиліне қатысты олардың мәдениетін түсіну негізінде толеранттылығын дамыту.
Алға қойған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін дұрыс ұйымдастырылған заттық-дамыту ортасы болуы қажет. Сондықтан барлық жас шамасындағы топтарда туған елдің тұрмыстық мәдениетімен және шет елдің мәдениетімен таныстыратын  ұлттық бұрыштар, көрмелер, альбомдар жасалған.
Тәрбиешілердің болжамалы жоспарында орыс және қазақ халқының халық ауыз әдебиеті: ертегі, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтарды қолдана отырып, әр түрлі ұлттық мерекелер, ойындар, сабақтар өткізу жоспарланған, сонымен қатар, серуен, саяхат, экскурсиялар тақырыбы жасалған.
Қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері өз сабақтарында және бірлескен ойындық іс-әрекеттерде қазақ, орыс және ағылшын тілінде элементарлы қарым-қатынаса білу мәселесін шешіп қана қоймай, оқитын тілдердің мәдениетімен де таныстырады. Педагогтар әлемтануға бағытталған «тілдер апталығы», ойын-сауықтар мен мерекелер, тақырыптық сабақтар өткізеді.
Ән-күй жетекшілері халық шығармашылығы, фольклорға аса көңіл бөледі, себебі олар баланың ішкі көңіл-күйін дамытуға, оның сезімдерінің әр түрлілігін қалыптастырады, ұлттық әуеннің әсемдігін түсінуге үйретеді.
Хореограф  өнердің тағы бір сүйікті түрі – биге балаларды үйрете отырып,  көп мәдениеттілікке тәрбиелеуге өз үлесін қосады. Басқа бір ұлттың биін түсіну үшін тіл білудің қажеті жоқ: бұл – адамдар өз сезімдері мен эмоцияларын көрсете алатын бірден бір құрал. Қазақ, орыс, өзбек сияқты халық билеріне үйрете отырып, педагог балаларға әлемді қабылдауға үйретеді, коммуникативтік дағдыларын тәрбиелейді, басқа халықтың мәдениеті  мен өркениетін түсінуге және сыйлауға үйретеді, адамдар және тұтастай халық арасындағы өзара түсініспеншілікке баулиды.
Көп мәдениеттілікке тәрбиелеуде бейнелеу өнері сабағының да қосатын үлесі зор. Бейнелеу өнері мектепке дейінгілерге ұлттық қолданбалы өнерді, оюлардың элементерімен таныстырады. Балалар ұлттық оюлардың бояуларын қолдана білуді үйренеді.
Ұлттық ойындармен балалар дене тәрбиесі сабағында танысады.
Педагог-психолог өзара түсінушілік, өзара әрекет ету, бірлікке тәрбиелеуге бағытталған «Ортақ аспан, ортақ жер, біз бәріміз біргеміз»  атты жалпы тақырып бойынша сабақтар өткізеді.
Балабақшаның педагогтар ұжымы балаларын көп мәдениеттілікке тәрбиелеуде отбасының әлеуметтік рөлін арттыру бойынша жұмыс жасайды. Себебі, отбасы салт-дәстүрдің қайнар бұлағы іспеттес, балаға адамдармен араласудың маңызды тәжірибесімен бөліседі, онда ол қарым-қатынас жасауға үйренеді, қарым-қатынас тәсілдерін үйренеді, жақындарына сабырлы, әрі сыйластықпен араласуға үйретеді. Сөйлесе білуде ата-аналар мен жақындарының жасаған үлгілері аса маңызды.
Ата-аналардың эстетикалық сұрауларының деңгейлерінен балалардың қызығушылықтарының тікелей бағынышын және олардың ұлттық мәдениетке деген көзқарастарын есепке ала отырып,  ата-аналар көп мәдениеттілікке тәрбиелеу бойынша іс-шараларға белсене қатысады.  Олар тек  көмекші ғана емес, сонымен қатар, мерекелер ойын-сауықтар, ертеңгіліктер, викториналар, жарыстар, сайыстар, көрмелер және т.б. қатысушыларға айналады.
Біздің педагогикалық ұжым ата-аналармен бірлесе өткізетін көп мәдениеттілікке тәрбиелеу бойынша барлық жұмысты рухани-адамгершілік білім алу ретінде есептейміз.   Себебі, рухани тәрбиесіз ең терең ғылыми білімдер де, ең жаңа технологиялар да керексіз болып қалмақ. Сол себепті көп түрлі мәдениет ортасында өмір сүруге қабілетті және дайын еліміздің кішкентай азаматын тәрбиелеу, мектепке дейінгі жастағы баланы әлеуметтік іс-әрекетке тарту – ерекше зейін аударуды талап ететін қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе.

 

Сейітова Алтын Тәлиқызы
Петропавл қаласы,
«Ақ бота» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.