Home » Мақалалар » САЯТШЫЛЫҚ – ҚАЗАҚТЫҢ  ДӘСТҮРЛІ АҢШЫЛЫҒЫ!

САЯТШЫЛЫҚ – ҚАЗАҚТЫҢ  ДӘСТҮРЛІ АҢШЫЛЫҒЫ!

Ұланы мен қыранын баптау жағына келгенде, жер-жаһанда қазақтан асатын халықты табу қиын. «Ұлым қыран болсын, қыраным ұран болсын» деген бабаларымыз сан ғасырлар бойы осы ұстанымды берік ұстанып, ардақ тұтып келіпті. Түптеп келгенде, саятшылық бабаларымыздың сүйексіңді салт-дәстүрі. Ұлы Абай «Құсты жисаң – бүркіт жи, Құс тоныңды түлкі етер. Бұлғын, сусар киініп, Азбас, тозбас мүлкі етер» дегенде, қыранның қасиетін жақсы білді. Ендеше Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «САЯТШЫЛЫҚ – ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ АҢШЫЛЫҒЫ»! кездесу өтті. Кездесуге 5-10сынып оқушылары және ұстаздар қатысты.

Осы кездесуге,  құстың «тілін» білетін және оның мінез-құлқын, жан-дүниесін, қасиеті мен табиғатын білетін адамдар бұрын көп болған. Қазіргі таңда біздің елімізде де құсбегілер баршылық.  Солардың бірі біздің киелі Баянаула елінің тумалары  құсбегілеріміз  Иманзай     Матанұлы, Бақытжан Зекенұлы  келді.  Саятшылар мен аңшылардың тағы бір сенімді серігі – тазы болған. Салмағы жеңіл, әрі ұшқыр да, жүйрік тазыларды иесі күтіп-баптап, таза жылы жерде ұстап аңға шыққан. Сондай аңшыларымыздың бірі- Мақсұтбек Өмірбекұлы да болды. Кездесу барысында оқушыларға құсбегілік туралы жан-жақты айтып берілді. Оқушыларымыздың қойған сауалдарына толықтай жауап беріп, слайд көрсетті.

Қазақ қыранды баптап, құмай тазыны жүгіртумен шектелген жұрт емес. Зерек­тігі мен зерделігінен шығар, құстың да, иесіне адал иттің де «тілін» білген. Қыран болар балапанды қиядан, ұшқыр тазыны ұядан таныған.

Иә , саятшылық – нағыз дамытатын кәсіп. Оған жастарды тарта білу – аға ұрпақ парызы. Рас, қазақ – қыраннан қырағылықты, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген халық. Ендеше, осындай ұлы өнерден қуат алған халық үшін ендігі парыз – өресін танытқан өнерді дәріптеу, келешек ұрпаққа қасиетін бұзбастан, аманат ету яғни  ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу міндетіміз. Кездесу сонында оқушыларымыз құсбегілерімізбен, бүркіттермен фотоға түсіп, риза болды.

 

                Саликова Елмира Мергенбайқызы

Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының

                   Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

                             

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.