Home » Балабақша » «Саялы бақ»ертегісі

«Саялы бақ»ертегісі

Ертегінің авторы: Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы

Автор:   Ертеде бір бақта Күнбағыс  өмір сүріпті. Ол күннен қуат алып, бой түзеп әдемі болып өсіп келеді. Күнбағыс күнге ұзақ қарап , жымиып тұрып…..

Күнбағыс:  -Сәлеметсіңбе Күн ана! Сен менің бойымды нұрыңмен жылыттың! Мен сенің шуағыңан нәр алып, бой түзеп әдемі болып өсіп келемін. Рахмет саған Күн ана!

Күн ана:  — Амансыңба Күнбағыс өзің қандай әдемі едің. Рахмет саған. Мен көкте тұрып нұрыммен жер әлемін нұрландырамын. Менің шуағыммен адамзат нұрланады.Табиғаттың тылсым күші неткен керемет еді.18мың ғаламның адамзатқа келтірер пайдазы көп. Соның бірі мен Күн анамын!

Осы кезде бақшаға бір бақташы бала келеді. Қолында күрегі,себеті бар.

Бақташы бала: -Ой күн салқындап келеді. Күз мезгілінің келгенінде байқамай қалыппын.Енді бақшамдағы жемістермен көкөністерімді жинап алайын. Күз неткен жомарт едің.»Бейнет түбі-зейнет» деген осы емеспе.

(Бақташы бала бақшасындағы жемістерді жинай бастайды)

Автор: Осы мезгілде бақшаға Құмырсқа келеді.

Құмырсқа: -Сәлеметсіңбе бақташы бала.  Бақшаң өте кең екен. Осы бақшаңның ішінде мен де еңбек етіп, саған көмектесіп, өз еңбегіммен азығымды жинайыншы.

Бақташы бала: -Әй құмырсқа өзің сондай кішкентайсың. Маған қалай көмектесесің!  Сені көрмей қалып, аяғымның астына таптап кетермін.

Ха-ха-ха ;-деп бала күледі.

Осы жерде анау бақтың ішінде тұрған Күнбағыс: -Бақташы бала неге сондай мейрімсізсің!

-Құмырсқалар өте еңбекқор әрі сертіне адал . Құмырсқалардай ауызбіршілігі,ұйымшыл мықты жәндік барма сірә. Бақташы бала осы сенің кең бағында құмырсқаға да орын табылады емес пе?

Бала:  — Ойланып тұрып, жарайды кел бірге еңбектенейік.Күз молшылық айы.Осы бақтан қысқы азығымызды бірге жинайық деп -құмырсқаны өзіне шақырады.

Құмырсқа қуана баққа кіреді. Құмырсқа бақташы балаға көмектесіп,өз азығында жинай бастайды.

Бір мезгілде баққа көбелектер келеді.

Көбелектер:

1-ші Көбелек:  Ой…неткен әдемі бақ.

2-ші Көбелек:  Бұл бақтың иесі кім болды екен. Ой…      қандай әдемі  гүлдер-деп баққа кіріп кетеді де жайқалып өсіп тұрған гүлдерге тамсана қарап: көп гүлдер,неткен ғажап көп гүлдер  деп гүлден гүлге қона бастайды.

Гүлдер: (Жайқалып түрып) Амансыңдарма көбелектер.Қайдан келесіңдер.    Күн суытып келеді. Біздер солып қалмай тұрғанда гүлден гүлге самғам ән салыңдар.

3-ші Көбелек:  Көп гүлдер, неткен ғажап көп гүлдер.

4-ші   Көбелек:    Гүлден — гүлге самғаймын гүлдің ерке қызымын.

 — Бақты айнала Қарлығаш құстарыда ұшып, өздерінің балапандарына азық әкеліп жүреді.

Бақташы бала: Менің достарым неге тыпыршып, бір қонып,бір ұшып жай таба алмай жүрғой, не болды екен өздеріне.

Қарлығаш құстары:Қарлығаш құстары бақташы баланы айнала ұшып жүріп:  бақташы бала адам баласынан басқа бізге адал дос жоқ.

Біз осы саялы бақтан балапандарымызды  қанаттандырып  ұшырдық.  Енді күн суытты біз жылы жаққа ұшып барамыз,саған көп рахмет. Мына бақты әрі осындағы адал достарымызды қимай тұрмыз,-деп бақтан ұшып кетеді.

Күнбағыс пен Күн ана:     -Шіркін Қарлығаш құсынан адал құс барма өзі, сау болыңдар!

Бақташы бала:  Көктемде осы баққа қайтадан келіңдер!         

Автор: Осы кезде тосыннан баққа Шырылдауық Шегіртке  келеді.

Шегіртке:  Кең далада өлең айтып келе жатады.

…..Ой өмір неткен керемет. Әнін айтып келе жатқанда тосыннан бір бақты көріп тосырқап қарап қалады да ой мына баққа қалай кірсем екен ааааа-деп ойланып тұрғанда алдынан  бақташы бала шыға келеді.

Шегіртке:  -Сәлеметсіңбе  бақташы бала .Мен Шырылдауық шегірте боламын! Бақташы бала мен мына саялы баққа кіріп аралап шығайыншы.

-Ой,ой  не деген әдемі гүлдер,сондай көңілді  көбелектер, көз тартатын күнбағыста осын екен ғой-деп бақтың ішіне секіріп кіреді.

Құмырсқа:  Шырылдауық шегірте мына баққа саған кіруге болмайды.Сен бақтағы жемістер мен көкөністерге зиян келтіресін.

Шегіртке: Ыршып жүріп ән салып күз болғанынын білмей қалыппын.

Енді қысқы азығымды  жинауға шықтым. Осы бақтан қысқы азығымды жинайыншы.Жо-жо бұдан былай бақшаларға еш зиянымды тигізбеймін. Бұл бақтың гүлденуіне адам баласы көп еңбектенетінін мына бақташы балаға қарап түсінгендеймін. Мені құтқарыңдаршы қыста азықсыз,үйсіз қалғым келмейді. Бұдан былай қай нәрсені де адал еңбегіммен тапқым келеді. Мына саялы баққа еш зиянымды тигізбеймін,сендермен дос болғым келеді деп ат су ішіп бақтың ішіне кіріп, бәрі тату-тәтті тіршілік етіп дос болады.

Автор: Міне саялы баққа Шырылдауық шегіртекеде келіп өзінің адал еңбегімен азығын жинап мәз болады. Осылай барлығы бақта асыр салып билеп,саялы бақтың саясын пана тұтып тіршілік етеді. Ал бақташы бала болса,оларға үнемі қамор бала білді.

 

Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы

            «Балдырған» бөбекжай — балабақшасының

              бірінші санатты тәрбиеші

          Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.