Home » Жаңалықтар » Сахнаның алтын діңгегі  

Сахнаның алтын діңгегі  

Ақмола облысы Біржан сал аудандық кітапханасы №1 орта мектебінде мәдениет пен әдебиеттің белгілі  әншісі, ақын, композитор Ақан серінің – 175 жылдығына орай «Сахнаның алтын діңгегі» атты әдеби — музыкалық кеш өткізді, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс шараның мақсаты суырып салма ақынымыздың жас ұрпаққа музыкалық-поэтикалық  шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру, ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттау болып табылады.

Ақан серінің махаббат символына айналған «Балқадиша» әні, «Құлагер», «Маңмаңгер», «Ақтоқты» және тағы басқа  ұлтымыздың музыкалық қазынасында өз орындарын алған  әндері орындалды.

Бұдан басқа, ақынның туған жеріне, ескерткіштеріне, туындыларына шолу жасалды. «Жеті ғасыр жырлайды» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан мұғалімдері, оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.