Home » Балабақша » САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ

САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ

Целиноград ауданы Талапкер ауылы
«Әсем-Ай» балабақшасының
ІІ санатты  тәрбиешісі
Төреғалиева Айнұр Маратқызы

 

Балабақшада балаларға жүйелі  тәрбие мен білім беру арқылы өз ана тілдерінде еркін сөйлеуге үйрету. Сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту — ең басты мәселе болып табылады. Балабақшада жалпы сөйлеу жүйесіндегі жұмыста сөзді байыту, оны бекіту белсенді орын алады. Сөз ол тілдің негізгі  бірлігі, баланың тілдік қорын кеңейтпей сөйлеу дағдысын қалыптастыру мүмкін емес. Бала тілінің дамуы, оның психикасының дұрыс қалаптасуының бірінші шарты болып табылады және әрі қарай дұрыс дамуына себеп болады. Сахналық қойылымдар арқылы балаларды көруге, естуге, тілдерін жаттықтыруға, заттар мен құбылыстарды шынайы өмірде пайдалана білуге қалыптастырады

Қазіргі уақытта сахналық қойылымдар мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші әрекеті екені бәріне мәлім. Психолог А.Н. Леонтьев жетекші әрекет деп баланың дамуына осы жас шамасында әсер ететін әрекетті санаған. Ерте жастағы баланың әрекеті заттық әрекет болып саналса, кіші және үлкен мектепке дейінгі  жастағы баланың жетекші әрекеті ойын болып саналады.

Сахналық қойылымдарды ойнатуда мынадай бірқатар талаптар орындалады:

  1. Ертегіні сахналауға дайындау үшін ертегінің мазмұнын балаларға толық түсіндіру керек. Рөлдерді бөліп беру, әр балаға өзіне тән кейіпкерлердің қимыл-қозғалыстарын, сөздерін үйретіп жақсы көрсете білуге дайындау.
  2. Баланың адамдар қарым-қатынасы жүйесіндегі өзіне бағыт-бағдар беру біліктілігі, себебі ойын оларды жүзеге асыруға бағытталған. Ойындағы қарым-қатынастардың негізгі мазмұны әлеуметтік рөлдерді бір-біріне бағындырудың әртүрлі комбинацияларынан құралады. Міне, осы мазмұн ғана баланың қабылдауында бірінші кезекте тұрады.
  3. Ойынға қатысып отырған балаларда шынайы қарым-қатынастардың қалыптасуы. Бірлескен ойында іс-әрекеттердің келіспеушілігі мүмкін емес. А.П. Усованың терминалогиясы бойынша балалардың келісу әрекеті барысында «қоғамдық қасиеті», яғни қарым-қатынастың белгілі деңгейін қамтамасыз ететін қасиеттері дамиды.

Сахналық қойылымдар арқылы ойналатын ойынның мәні осыдан тұрады.
Бұдан басқа, ойында мінез-құлқын еркін басқарудың, әдейі есте сақтау, белсенділігі мен ұйымдастырушылығының бастапқы формаларының дамуы жөніндегі экспериментальді мәліметтер бар. Сонымен бірге, ойын кезінде қоғамдық өмірдің құбылыстары, ересек адамдардың іс-әрекеттері мен қарым- қатынастары және т.б. туралы білімдерінің бала бойында қалыптасуы жалпыға мәлім.
Сонымен,  мектепке дейінгі жастағы балаларға ойынның маңыздылығы және мектепке дейінгі мекемеде баланың дамуы ойынсыз жүзеге аспайтынын білеміз. Балалар әсердің көпшілігін сапасы төмен телевизиялық бағдарламалардан алады деп ойлаймын.
Сахналық қойылымдар арқылы ойналатын ойын – ересек адамдар өмірінің бейнесі. Бала солардың іс-әрекеттерін қайталайды, әртүрлі әлеуметтік-мәдени жағдайлар мен қарым-қатынастардың үлгісін келтіреді.
Ойын  заттармен манипуляция түрінде өтеді. Баланың дені сау болса, бұл кезде ұйқы мен тамақтанудан басқа кездің бәрінде ойнайды. Ойыншықтар көмегімен балалар түстермен, пішіндермен, т.б яғни болмысты зерттейді, кейін өзі тәжірибе жасай бастайды, лақтырады, ойыншықты сығып реакциясын байқайды. Ойын барысында бала қозғалыс кардинациясын дамытады.  Ойынның өзі  үш жастан басталады. Бұл кезде бала заттар мен құбылыстарды әрекеттестіреді, тұтас образдық символдар арқылы ойлай алады.
Алғашқыдай ересектердің қимыл-әрекетін қайталайды. Ойыншық бұл кезде үлкендер ойнайтын заттың моделі түрінде түсіндіріледі. Бұл —   сюжеттік-рөлдік ойын деп аталады.
Балалар әрекеттер сюжетін қайталайды. Басты назарда мысалы: дәрігердің рөлі емес, оның қимылын қайталау болады, бала әлі ережені пайдалана білмейді.
Мектепке дейінгі орта жаста сюжетті-рөлді ойындар 6-7 жасқа дейін созылады. Бала үшін ең бастысы рөлдік идентификация сюжет екінші орынға жылжиды. Ойын мәні – рөлдерді бөлу. Ойын барысында қолы жетпейтін ересектер өміріне аяқ басады. Мектепке дейінгі ересек жасында ереже бойынша ойындарға көшеді. Ең бастысы ойын кезінде бала рөл алып үйренеді. Сюжетті-рөлді ойын баланың эмоционалды дамуы үшін маңызы зор. Балабақшада өткізген «Емханадағы бір күн» сахналық қойылымын қою барысында балалар дәрігердің рөлін, мейірбикенің рөлін толық меңгере алды.
Міне, осындай жетістіктер арқылы  әртүрлі жағдайларға (түнгі қорқыныштар, ауруханада ұзақ болу, екпеден қорқу) т.б. байланысты қорқыныштарды жеңуге болады.
«Шұбар тауық» ертегісін сахналау барысында ең алдымен ертегіні толық оқып беріп оның мазмұнымен таныстыру, ертегі құрылымына назар аударту (ертегі қалай басталады, ертегі не туралы, қалай және немен аяқталады) олардың тілдік ерекшеліктеріне мән беру. Ертегінің жалпы мән-мағынасын ашу барысында балалардың сөздік қорларын байытып, ертегінің рет-ретімен дұрыс мазмұндалуын қадағалау керек. Ертегі дұрыс құрылу үшін ондағы кейіпкерлер туралы, оқиғалар туралы сұрақ-жауап арқылы балалардың ертегіні қаншалықты деңгейде  түсінгендігі нақтыланады. Мысалы: Шұбар тауық алтын жұмыртқа тапқанда  атаның көңіл-күйі?

(Атаның қуанышы жүзі, іс-әрекеті)

Ата жұмыртқаны кімге берді? (Әжеге берді)

Әже жұмыртқадан ен жасайды? (Шелпек жасайды)

Әже жұмыртқаны жара алды ма? (Әженің жұмыртқаны жара алмай қапаланған бейнесі)

Жұмыртқаны не  жарды? (тышқанның жағымсыз әсері) – деген тосын сұрақтарға ойлана отырып өз ойларын ортаға сала білуге үйрету, тәрбиеші қойған сұраққа бір сөзбен емес бірнеше сөйлемдер құрап жауап берулері үшін ұсындық.
Қорыта айтқанда, балабақшада  сахналақ қойылымдарды пайдалану диалогқа түсуді, қарым-қатынаста болуды жалпы ой-өрістің дамуына әсер етеді және балалардың шығармашылығын шыңдайды.

  Қолданылған  әдебиеттер тізімі:

1.Балалар энциклопедиясы  М.,1997ж

2.Федоренко Л.П. «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» -Москва, 1984

  1. Г.Наменгенова. «Ойын балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы» Бала мен балабақша. 2013ж. Б: 3-4.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.