Home » Жаңалықтар » Сау болу – сәнді!

Сау болу – сәнді!

Астана қаласы Білім басқармасы №18 «Аяжан» балабақшасында 7 – сәуір дүниежүзілік «Денсаулық күніне» орай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. «Сау болу – сәнді!»  деген ұранмен аталған сайысқа балабақшаның ортаңғы топ балалары  және тәрбиешілер мен Астана қаласы Гуманитарлық колледжінің тәлімгерлері қатысты.
Сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын сақтау,  дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу, балалардың денесін шыңдап, күш-қуатын нығайту, жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын дамыиу; «Дүниежүзілік денсаулық күні»  тәрбиешілер мен тәлімгерлер арасында достық қарым-қатынас орнату, салауатты өмір салтын ұстануды, спортпен шұғылдануға насихаттау.
Балабақшаның «Мерей» және «Нұрбөбек» ортаңғы топтарының бүлдіршіндері сайыс кезеңдеріндегі түрлі эстафеталық тапсырмаларды шапшаңдықпен орындап, намысқа тырысып, белсенділік танытты. Жинаған баллдық көрсеткіштері тең дәрежеде болғандықтан, әділ-қазылар алқасы екі топтың бүлдіршіндерін жеңіске лайық деп шешті.
Өздерін «Жас қырандар» тобы және «Жастар» деп таныстырған балабақша тәрбиешілері мен Гуманитарлық колледж тәлімгерлері бұл сайысқа ерекше дайындықпен келгендерін көрсете білді. Тапсырмалардың күрделі болғандығына қарамастан шапшаңдық пен ептілік танытқан балабақша тәрбиешілерінен құралған «Жастар» тобы жеңіске жетті.
Жалпы алғанда спорттық сайыстар балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, өмірге деген құштарлықтары артып, ерекше мақтаныш сезім сыйласа, тәрбиешілер күнделікті жұмысбастылықтан арылып, бой жазып, бір серпіліп қалды. Балабақша басшысы тарапынан салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға, спортпен шұғылдануға шақыратын осындай іс-шараларды жиірек ұйымдастыру ұсынылды.

 

 

 

 

Утесинова Гульзат Алимбековна,
Астана қаласы Білім басқармасы
№18 «Аяжан» балабақшасының әдіскері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.