Мақсаты: Ұсақ моториканы дамытуда ата-аналардың құзыреттілігін арттыру, үй жағдайында баламен шұғылдана білуге үйрету, ата-аналардың балабақшаға деген оң қарым-қатынас қалыптастыру, ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнату
Ата-аналар бауырсақты (сары допқа көз, жымиған күлкімен бейнеленген бауырсақ бейнесі) бірі-біріне беру арқылы амандасып, есімін айтып, бүгінгі күнге жақсы тілектер айту ұсынылады.
«Ағаш күту» әдісі. Ата-аналарға алма шаблонын бере отырып, бүгінгі тренингтен не күтетінін жазу ұсынылады. Алманың шаблоны ағашқа жабыстырылады.
Саусақ ұсақ моториканың даму
Адамның сөйлеу тілі және қозғалыс жүйесі бір-бірімен байланыста болады. Сондай байланыс қолмен және мидың сөйлеу орталағында орналасқан.
Саусақ және тілдік қимылына, жауап беретін орталық, бас миына өте жақын орналасқан. Саусақ ойындары және жаттығулары — ұсақ моториканы, сөйлеу тілін дамытуда зор рөл атқарады. Ұсақ моториканы дамыта отырып, баланың тілдік қорын белсендендіреміз және түзетеміз.
Соңғы 5-10 жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені байқалады. Неге? Себебі, ата-аналар балалармен аз сөйлеседі, олардың жұмыстан қолдары босамайтынын айтады. Балалар өз беттерімен тілдік қарым-қатынаста, себебі, олар қарайды және тыңдайды. (теле-аудио-видео).
Жаттығуды ата-аналармен бірге орындайды
«Жасыру»
Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз.
Ал енді, келесі қолға жасырамыз.
Қарандашты қыса отырып, Алақанды ауыстырамыз.
«Пианино»
Үстелде жатқан қарындашты әр саусақтың ұшымен қысамыз. Қаттырақ қысамыз!
Массажға арналған доппен алақанға және саусаққа арналған массаж
Доп баланың алақан арасында, саусақтар бір-біріне бүгулі. Допты алға-артқа айналдыра отырып, массаж қимылын жасау.
Доп баланың алақанында, саусақтар бір-біріне бүгулі. Допты алақан ортасына тербелтіп домалақтау қимылын жасау.
Допты сұқ саусағымен ұстай отырып, алға қарай айналдыру. (қақпақты бұрағандай қимыл жасау)
4.Екі қолмен допты 20-30 см-ге дейін лақтыру және ұстап алу.
«Гүл бағында»
Көздеріңізді жұмып менің даусымды тыңдаңыздар. Жеңіл және терең дем алыңыз.
Сіздер жаздың жайма шуақ күнінде әдемі гүл бағына бардыңыз, көз алдыңызға елестетіңіз! Көз алдыңызда сондай әдемі гүлдер. Гүлдерге жақындаған сайын гүлдің хош иісін сезініңіз. Айналадағы қоршаған әдемі гүлдердің бейнесі сізді рахатқа бөлейді… тағы да хош иісті ауамен терең дем алып…. көзіңізді ашыңыз. Алған әсеріңзбен бөлісіңіз.
«Құрғақ бассейн»
Қорапшаның жартысын құрғақ бұршақпен толтыру. Қандай кішкене ойыншықты бұршақпен жауып қою керек. Бала құрғақ бассейнге қолын салып жасырынған затты табады. Жазда бұл жаттығуды жылы, құрғақ құмда таза ауада ойнауға болады. Кішкене затпен ойыннан басқа алақаннан алақанға құмды себу бала үшін пайдалы.
«Үрме бұршақ отырғызу»
Балалар құмда шұңқыр жасайды да, оған тұқымды отырғызады.
«Кім келді?»
-ашық түсті подноста себілеген құмға (манкада) әр түрлі көлемде сурет, іздер салу (дөңгелектер, сопақша, жол (үлкен саусақпен, сұқ саусақпен)
-құмда үлкен және кіші заттар салу (доп, кірпіш, текше).
Ермексазбен мүсіндейміз.
Ермексазды қолда шамамен илейміз. Балаға ермексаздан доп, банан, цилиндр жасуға көмектесеміз.
Ойын әдісі: «Дәруменді завод»
Ермексаздан «дәрумен» мүсіндейміз және оны қорапшаға саламыз.
Таяқшалармен және сіріңкемен жаттығу
«Қоршау тұрғызамыз» (үй, баспалдақ..) жұп таяқшалармен (көлем және түс туралы білімдерін бекіту).
«Кірпі және кірпі баласы»
Ермексаздан жасалған үлкен, кіші төмпешікке сіріңкелерді қадаймыз.
«Күн шуағын шашады»
Сары дөңгелек айналасына сіріңкеден күн шапағын қыстырамыз.
Мақтамен жаттығу
Мақпал қағаздан салынған шырша трафаретіне мақта кесектерін орналастыру.
«Құстарға көмектесеміз»
Ұсақ мақта жұлымдарын «ұя» ішіне салу.
Сіздер ойын-тренинг басталмас бұрын мына алманың ішке бетіне бүгінгі тренингтен не күтесіздер сол жөнінде жазған болатынсыздар, ал, сіздің тілегіңіз бүгінгі тренингтен орындалды ма. Алманың сыртқы бетіне бүгінгі ойын тренингтен не үйрендіңіздер, алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазыңыздар
Замира Ажибаева Амангелдіқызы
№22ЖШС «Рауан» балабақшасының әдіскері
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Қарақия ауылы