Тук-ток, тук-ток жұдырық балға сияқты соғады,
Тук-ток, тук-ток екі қолмен ұрамыз,
Тук-ток, тук-ток тақамен де соғамыз,
Тук-ток, тук-ток тақалармен тарсылдатып,
Тук-ток, тук-ток екі қолмен, екі аяқ.
Өрмекші
Өрмекші бұтақта өрмеледі,
Балалар да артынан ерді,
Жаңбыр жауып,
Өрмекшіні бұтақтан шайып жіберді,
Күн жылына бастап,
Өрмекші талға міне бастады,
Балалар ерді өрмекшімен,
Бұтақта серуендеуге.
Маймылдар
Маймылдар серуенге шығып,
Билей бастады,
Біреуі үйіне кетті,
Себебі ол шаршады.
Аралар
Бір қолда ағаш, екінші қолда араның үйі,
Араның үйіне қараймыз:
— Ара қайда?
— Көрінбейді.
Үйінің есігін қағамыз,
-1,2,3,4,5
-Ал, мен шыршаны қағамын
-Қайда, қайда аралар?
Кенеттен аралар ұша бастады,
-1,2,3,4,5
Торайлар
Біздің барлық саусақтар торайлар,
Олар билей біледі,
1 саусақ, 2 саусақ, 3 саусақ, 4 саусақ, 5саусақ
Барлығы бірге билейді.
Қозылар
Мына қозы күні бойы құйрығын бұлғандатты,
Ал мына қозы арқасын қоршауға сүйкеді,
Мә-мә-мә-мә-мә-мә-мә,
Қозыларды мен жақсы көрем,
Мына қозы аяқтарымен жерді қопарды,
Қопарды да өзі сурет салды,
Мә -мә -мә -мә -мә -мә -мә,
Қозыларды мен жақсы көрем,
Мына қозы ортаға тұрам деп,
Бүкіл ағаларын итеріп тастады.
Құрттар
1,2,3,4,5
Құрттар серуенге жүрді,
Бір уақытта қарға алдарынан шықты,
Басын шайқап иіле ,
-Менің түскі асым- деп,
Енді қараса құрттар жоқ.
Ұлу
Бір қолда гүл, екінші қолда ұлу
Ұлу мүйіздерін қозғайды,
Гүлге өрмелейді,
Жапырақтарды кеміріп,
Тығылады да ұйықтайды.
Балықтар
Кіп-кішкентай балықтар өзенде жүзеді,
Үп-үлкен ағаш жағада жатты,
Балық: «Мына жерде сүңгу оңай»- деп
Екіншісі «Жоқ, бұл жер терең»- деді,
Ал үшіншісі «Менің ұйқым келіп тұр»- деп,
Ал төртіншісі тоңа бастады,
Ал бесіншісі «Мында қолтырауын»- деп айғайлады,
-Жүзіндер мына жерден,
Әйтпесе жұтып қояды!
Маймыл
Жел қатты үрлейді пальманы,
Жан-жаққа шайқайды,
Пальманың астында маймыл отыр,
Саусақтарын санайды.
Шағала
Шағала су бетінде ұшып жүр,
Балықтардың соңынан сүңгуге,
Ал судың асты терең,
Түбінде қолтырауын жатыр.
Қолғап
Тышқан қолғап тауып алды,
Оның ішіне ұя салды,
Балаларын шақырып, нан қоқысын береді,
Ұйқыға жатқызып, бастарынан сипайды.
Байхадамова Гульмира Амановна
Теміртау қаласы, №20 «Әдемі» балабақшасы