«Сатылау» – бұл менің басты қағидам. Бастаған істі жетістікпен орындау үшін ой керек, ойды жүзеге асыру үшін сөз керек, сөзді сөйлеу үшін жақсы байланыстыру керек – осы керектерге ең бастысы еңбек керек.
Таң қылау бере теміржолшылар кентін бетке алдым.
Уақыт ерте болған соң қалта телефондағы «Astrabus» — қа (телефондағы қосымша бағдарлама) бір қарап алып, ептеп басып 15 ші автобус келетін аялдамаға жақындадым, Зззз етіп автобусымда келе қалды. (Автобустарға адамдар бір есіктен жапатармағай кіріп болғанша, басқа есіктерді ашып іштегі адамдарды шығармай тұратын, ебедейсіз қылық екен, адамдарға деген сенімсіздік пиғылдың көзге ұрып тұрған көріністің куәсі болдым. Ол жайында басқа жазбаларымда айтармын. Бұл мәселеге жауапты кісілердің құлағына алтын сырға болсын)
Діттеген жеріме 40 шы станцияда (бұрынғы атауы) орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына қарасты №59 «Аққанат» балабақшасына ерте жеттім. Бірі келіп, бірі кетіп жатқан ата-аналар ығы-жығы. Көппен қабаттасып айқара ашылған есіктен маң – маң басып ішке ендім. Жүзі балбұл жанған балабақша меңгерушісі Гүлмаржан Қуанышқызы өзі қарсы алып тұр екен. Ортадан сәл жоғары келген, баппен әрі нық сөйлейтін, сөзі мен ісі қабысып тұратын бұл кісіні бұрыннан білетінмін. Амандық саулықтан соң, көңіл күй сұрадым. «Жасаған жұмыстың бүгін нәтижесін көрсетемізғой» деді ол кісі. Өзіне сондай сенімді көрінді маған.
«Сатылай кешенді оқыту технологиясы арқылы тәрбиеленушілердің байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру» атты қалалық семинардың куәсі болуға осы жерге жиналғанымызды айта кетейін. Басқа басқа балабақшада сөз байланыстыру мәселесі қалай жолға қойылғандығы және оқыту тәсілдері қызықты болып көрінгені рас. Ерте келгенім сондықтанда болар.
Семинарға арнайы шақырылған қонақтарды атап өтсем, жоба авторы Нұрша Алжанбайқызы, Жамбыл облысы бойынша осы жобаның модераторы Есенкүл Мұхтарқызы сондай — ақ Нұр-Сұлтан қаласының № 86 мектеп директоры Айжамал Қожайханқызы, № 60 «Арай» бб меңгерушісі Жарқын Күзембайқызы, №74 «Дәурен» бб меңгерушісі Гаухар Капжапарқызы, №80 «Ботакан» бб меңгерушісі Жанар Сейітқалиқызы, №83 «Жансая» бб меңгерушісі Нұргүл Сейдіғаппарқызы №71 Мөлдір бб. меңгерушісінің міндетін атқарушы Гүлзат Берденқызы болды.
Сағатың қысқа тілі тоғызға, ұзыны алтыға барды. «Шырт» етіп жарық сөнді.
Ортаға құтты бір ғарыш әлемнің жарқ – жұрқ жанған ғажайып кейіпкерлері кіріп келгендей көрініске тап болдық. Арнайы тігілген киім, оның етек – жеңдерін әдемі шамдармен безендірген. Қимыл әрекеттері де жап-жарасымды. Бұл Аулабаева Гүлнар Берлібекқызы дайындаған «Каприз» би тобының өнері. Келесі кезекте Жұмабай Бибігүл жетекшілік жасайтын «Айкөркем» вокалдық тобының өнерін тамашаладық.
Тақырыпқа оралып көзді әріге жіберейік «Сатылай кешенді оқыту» 1994-1995 оқу жылдарында басталған. А – дегенде Алматы қаласында бірнеше мектептер сондай-ақ Алматы облысының №1 ші (Алматы қаласындағы) қазақ – түрік лицейі және Алматы қаласының №104 мектеп гимназиясында жұмысының бастамасы басталған. Идеясы неден шықты? дегенге — Қандайда сұрақ қойылса қазақ балалар өзге ұлттың балаларындай тез жауап бермей тосылып қалады дейді автор ойын жалғастыра келіп, мақсатымыз сол олқылықты толтыру болған. Бүгінде өз жемісін, жоғары көрсеткішін көрсетіп келе жатыр дейді.
Бірінші болып енгеніміз мектепалды даярлық «Достар» тобы. Достар десе, достар екен. Көлге қондырған Аққудың балапандарындай қатар – қатар қаздиып, сырмен мен сымбаты жарасып отырған балаларды көрдік. Кірген адамдарға бәрі бірге СӘЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ?! деп амандасып қояды. Топ жетекшісі Айгерім Боранбайқызы солай үйретіп қойғанғой. Ал, енді істе көрейік дедік. Бұрыннан айтылып келе жатқан баяғы қашқын «бауырсақ» жайында. Бірақ бұл ән бұрынғыдан өзгеше болды. Негізін қалдырып, құрылымын мүлдем өзгерткен екен. Заман талабына сай. Тәрбиешінің қолданған технологиясы, ұстанған ұстанымы, ұйымдастырған әрекеті, өткен эстетикалық құбылыстарды сақтай отырып, бүгінгі күннің талабын ескере отырып, байланыстырып тұрған Актив Студио бағдарламасын қолданған. Жан-жақтама қарастыра келіп бауырсақ ертегісін балаларға тиімді жеткізуге тырысқаны, бүгінгі оқу қызметінің басты талабы екенін байқауға болады «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп осындайда айтатын болар. Бұл жерде кедергілер сұрақ болып кездеседі. Қаріптер атауы, дауысты, дауыссыз және олардың сырларын балалар шешеді сондай — ақ бір бірін толықтырып отырады. Бауырсақ болса әрі домалай береді. Менің ұққаным біліммен жарыса жүріп, қамқорлық жасап, мейірімділіктің, батылдықтың бастауы білім екенін бала бойына сіңіру жолдары деп білдім.
Кигізден тау соғып, бөктерінен күн шығарған, шапағын жасыл желек, көл бетіне шаштырған Сыздықова Гүлманат Кәрібайқызының тобына келдік.
Мектепалды даярлық топ «Құлыншақ» деп аталған. Қазақы дәстүрді, кешегі өмірмен бүгінгі кезеңді ұштастыруға арналған бұл ашық сабақ асық ойнап, қаз қуған, көл жағалай жарысып тай қонған кездерді еріксіз еске түсірді.
Құдірет неде деген сауалға. Білу үйренуде дыбыспен бастайтын болса, балалардың оқу жазуға деген құштарлығы артады. Істің басы түзу болса нәтиже міндетті түрде береді — дейді Нұрша Алжанбайқызы
«Ауылдас атқа мінсе, ауылы тақым қысады демекші басқада тәрбиешілер есіктен сығалап тұрғаны көзге түсті. Жиып алып еріксіз бір суретке басуға тура келді.
Атқарылған жұмыстарға қарап бұл жаңғыз меңгерушінің еңбегі емес балабақша әдіскері Ақмарал Ерғалиқызы бастаған барлық тәрбиешілермен бірге жұмыс көтерілген іс деп түсіндім.
Айта кететін жайт. Осы балалар 6-шы және 7 -ші қалалық ауызша командалық «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты ауызша командалық сайыстарына қатысып жүрген де көрінеді. Балабақша ауласына шырша екенімізді айтпасамда болатын шығар.
Қуантай Амантайұлы
Білім айнасы
Нұр-Сұлтан қаласынан