Home » Балабақша » Сары жібек, Алтын күз!

Сары жібек, Алтын күз!

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер! Бүгін біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша «Сары жібек, Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп,

Тойға бөлеп елімді күзім келді.
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Сары жібек, Алтын күз

Ертеңгілігіміз басталды.

Отырамыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене!-дей келе, бөбектеріміздің көңілді әнін тамашалайық!
Хор: «Күзгі бақ»

Жүргізуші: Алтын күзге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

   Али:       Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.

Мадина: Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Рахима:   Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Абдулазиз:   Жетті желмен Алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз.

Алихан:   Қарашы, күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Фатима:   Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді.

Амина:     Айнала сары ала,

Қырманға дән тола.

Жемістер пісіпті,

Қоймаға түсіпті.

Рақымжан: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел,жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Амир:     Алтынға бояп өңірді,

Күз де келді көңілді,

Бау-бақшада, орманда,

Сары жапырақ төгілді.

Іңкәр:   Жапырақтар сылдырлай,

Алтын күз міне келіпті.

Туған жерін қия алмай,

Ұшып бар құстар кетіпті.

Айша:   Айнала сар ала

Қырманға дән тола.

Жемістер пісіпті

Қоймаға түсіпті.

Шерхан: Сарғайды тоғай, сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып, құс кетті қайтып

Жапырақ ұшты, суық та түсті

Сонда да бізге, қызық көп күзде.

Мансур:   Күн суытып келеді

Жапырақтар түседі.

Астық-жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Тамерлан: Күн суытып,

Жапырақтар түседі.

Астық-жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды.

Жүргізуші: Бүгін «Балдәурен» тобының балаларын күзгі баққа жапырақтар жинауға шақырамын.

Балалар, қараңдаршы, күзгі жапырақ қандай әдемі.

Балалар: Иә, апай, мына жапырақты қараңызшы, қандай әдемі.

Жүргізуші: Қане, балалар, өте әдемі екен, кім көп жинайды екен.

Ойын: «Жапырақтар жинау».

Күн күркіреп, жаңбыр сіркірей бастайды. Балалар қолшатырдың астына тығылады.

Жаңбыр басылып, балалар шығады.

Би: «Жапырақтар».

Жүргізуші: Балалар, күзгі бағымызды әрі қарай тамашалайық.

Сахна сыртынан «Күз ханшайымы» келеді.

Күз ханшайымы: Менің бағымда шулап жүрген кімдер десем? Қандай сүйкімді балалар. Маған қонаққа келдіңдер ме?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы: Сәлем, балақайлар! Қош келдіңдер! Менің бағым әдемі ме?

Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Жүргізуші: Бәрекелді, сізбен танысқанымызға өте қуаныштымыз. Біздің балалар да шетінен ақылды, өнерлі. Балалардың өнерін тамашалаңыз.

Күз мезгілі туралы сұрақтар қойылады.

1) Қазір жылдың қай мезгілі?

2) Күз мезгілінде неше ай бар?

3)Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер байқалады?(Балалардың жауаптары).

Күз ханшайымы: Қандай керемет ақылды балалар.

Жүргізуші: Балалар Күз ханшайымына арнап «Күзім-ау» әнін орындап берейік.

Хор: «Күзім-ау».

Күз ханшайымы: Қандай өнерлі балаларсыңдар. Рахмет сендерге. Көңілім бір көтеріліп қалды. Мен бүгін бір қонақ күтіп отыр едім,келетін уақыты да болып қалды-ау деймін. Бағбан атай келеді.

Бағбан атай: Сәлеметсің бе, күз ханшайымы? Менен басқа да қонақтарың бар секілді…

Күз ханшайымы: Иә, менің бағыма мына балалар серуендеуге келген екен, осы балалардың өнерлерін тамашалаудамын. Кел, төрлет бірге тамашалайық.

Бағбан атай: Алдымен балаларға кім екенімді таныстырайын. Балалар мен Бағбан атайларың болам. Мына өздерің серуендеп, тамашалап жүрген бақтағы ағаштардың барлығы менің қолымнан өскен. Еңбектеніп, күтіп-баптағанның арқасында еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Табиғат ананың берген сыйын әрдайым қамқорлыққа алып, күту менің мойнымда.

Жүргізуші: Ендеше, Бағбан атай, біздің балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыз.

Тақпақтар: (орыс тілінде)

Еркеназ: Как осенние грибы

Зонтики мы носим.

Потому что на двор

Наступила осень.

Назым:   Дождь на улице идет,

Мокрая дорога.

Много капель на стекле

А тепла немного.

Зайр:     Миновало лето

Осень наступила.

На полях и в рощах

Пусто и уныло

Көркем: Осень, осень погоди

И с дождями не спеши

Дай еще нам лета

И солнышка и света

Ақмарал: Падают, падают листья

В нашем саду листопад

Желтые, красные листья

По ветру вьются, летят.

Ән: «Ағылшынша»

Жүргізуші: Бағбан атай, Күз ханшайымы біздің балаларымыз да жемістер мен көкөністерді жақсы таниды, жақсы көреді.

Бағбан атай: Ендеше, көкөністер мен жемістерді ажырату ойынын ойнайық .

Ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырату»

Жүргізуші: Балаларымыздың көкөністер мен жемістер туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Медет: Асханадан шықпаймын

Атым пияз,бұқпаймын

Көзден жасты шығарам

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Айымгүл: Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Айкөркем: Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.

Адия:       Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.

Инжу:       Жапырақты тасалап

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай

Менің атым құлпынай.

Мейіржан: Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім

Нурик:       Мен моншақты шиемін

Құмарсыңдар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім

Шынтас: Дөп-дөңгелек сап-сары

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп

Менің атым өрік.

Бағбан атай: Ой, жарайсыңдар, балаларым!

Талаптарың таудай болсын!

Күз ханшайымы: Балалар біз сендердің әндеріңді, билеріңді, тақпақтарыңды,  ойындарыңды тамашаладық. Сендер өте өнерлі, ақылды балалар екенсіңдер. Келесі жылы менің бағыма тағы келіңдер. Біз сендерге бос келген жоқпыз. Себет толы күзгі сыйымыз бар.Сыйлығымды апайларың топқа бағасын береді. Енді Бағбан атай екеуміздің көрші баққа баруымыз керек. Ол жақта да бізді күтіп отырғандар бар шығар. Өнерлерің өрге жүзсін, сендер ең керемет балаларсыңдар!

Қош, сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Хор: «Кап-кап, тук-тук»

Би: «Саңырауқұлақтар».

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, «Балдәурен» тобының «Сары жібек, Алтын күз!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Қойшина Айнұр Қартқожаққызы,

№45 «Алтын бала» бөбекжайының

тәрбиешісі,

Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.