Home » Білім және өнер » Сапалы әрі тең дәрежеде білім берілмеудің салдары қандай?

Сапалы әрі тең дәрежеде білім берілмеудің салдары қандай?

Білім берудегі теңдік деген не және бұл не үшін қажет? 2015 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясында тұрақты дамудың жаңа мақсаттары қабылданды, олар дүниежүзі жаһандық дамуының негізгі бағыттарын белгіледі. Солардың бірі – жалпыға ортақ және әділ сапалы білім беруді, әрі барлығына арналған өмір бойына оқытуды қамтамасыз ету.

Әлемдік қауымдастықта білім берудегі теңдікті қамтамасыз ету – жай ғана ұран емес. Жаһандану, дамушы және дамыған елдердің арасындағы шекараларды жою кең ауқымды көші-қон қозғалысына әкеледі.

Экономикалық дамудың қарқынын жеделдету халықтың поляризациясын және стратификациясын күшейтті. Байлар екпіндей байып, кедейлер кедейлеп жатыр. Жетекші елдерде бұл мәселе дамудың ұзақ мерзімді стратегияларының күн тәртібінде бұрыннан тұр. ЭЫДҰ мүше елдеріндегі сан қилы зерттеулер теңсіздік, әсіресе білім беру саласындағы теңсіздік әділетсіз ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін дәлелдеді.

Ең басында жеткілікті қаржыландырмау кейінірек әлеуметтік жәрдемақы төлеуге, денсаулық сақтауға және пенитенциарлық жүйеге, салықты кем алуға әкеледі. Білім деңгейі анағұрлым төмен адамдардың жұмысқа орналаспау қаупі болады, олар жиірек ауырады, олардың жұмыстары анағұрлым тұрақсыз болады, тез өзгермелі ортада икемді болу қажеттілігі туындаған кезде анағұрлым көп қиындықтарға тап болады. Бұл мемлекеттерден қомақты мемлекеттік шығындарды бөлуді талап етеді.

Мысалы, Канадада әлеуметтік жәрдемақы алатындардың 43%-ы – орта мектептің оқу бағдарламасын аяқтамағандар. АҚШ-та мектеп жүйесінен оқушылардың кетудің құны мемлекеттің ЖІӨ 1,6% болатыны есептелді. 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.