Home » Жаңалықтар » Сапалы көрсетілген қызмет – келешегіміздің жемісі

Сапалы көрсетілген қызмет – келешегіміздің жемісі

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орны бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» — деп атап өткен. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №8 «Арнайы логопедтік» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығы және оған 2017 жылдың 11 қазанында енген №518 бұйрығында көрсетілген өзгерістерді басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанның сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт болып табылғандықтан балабақшаның мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызмет алушылардың барлық талаптарын қанағаттандырады. Өйткені ата-аналар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, ал біздің мақсатымыз азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Балабақшаға кезекте тұрып, қабылдау мерзімі жеткен және қалалық білім бөлімінің жолдамасы мен облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы берген жолдамасымен келген әр баланың ата-аналарына балабақша қызметкерлері қызмет көрсетеді. 2018 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін балабақшамызда 76 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, толығымен қанағаттандырылған. Қызмет көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері сақталады, кедергілерді болдырмауға күш салынады,  уақыт үнемділігін ескере отырып, әр қызмет алушының сапалы қызметке еш кедергісіз қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Көрсетілген қызметтерге ата-аналар риза, мәліметті толық алады. «Ұсыныстар мен пікірлер» журналындағы жазбалар осының дәлелі.

 

 Кожагельдинова Акмарал Асановна,

балабақша әдіскері

«Тараз қаласы әкімдігінің білім

             бөлімнің №8 «Арнайы логопедтік»

         балалар бақшасы» мемлекеттік

                          коммуналдық казыналық кәсіпорны

       Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.