Home » Білім және өнер » Сан алуан сұрақтар мен өзекті мәселелер

Сан алуан сұрақтар мен өзекті мәселелер

1.Біз ата-бабамыз аңсаған елде өмір сүріп келеміз. Бұрынғы кездегі жастарымызбен, ересектердің қазіргі кездегі заманымыздың жастарымен ересектерінің айырмасы жер мен көктей. Қазақ жастары елдің болашағы. Бірақ жастарымыздың тәрбиесі талайды алаңдатады. Мүмкін олардың осындай дәрежеге жетуіне отбасындағы мәселелер мен достарының арасындағы қарым -қатынасынан болар. Мүмкін компьютердің, әлеуметтік желілердің күннен күнге түрі көбейіп, жастар түрлі арсыздықпен зорлық-зомбылықты, адам өлтіруді, бәрін сол әлеуметтік, түрлі ойындардан үйреніп жүрген болар немесе еліктеп жатқан шығар. Мүмкін өзінің қоршаған ортасындағы болып жатқан жағдайлар бір-біріне деген бәсекелестік пен жек көрушілерінің әсерінен шығар. Ондай болса өзінің білімсіздігі мен санасыздығы, имансыздығынан осылардың бәрі орын алып келе жатқан шығар. Тек жастарымыз ғана емес үлкендерімізден де иман кетті. Қазіргі кезде үстінде шапаны, иегінде сақалы, аузында мақалы бар аталарымыз бен ақылгөй, дұғашыл әжелеріміз тәрбиені басты мақсатқа қоятын аяулы аналарымыз бен асқар тау әкелеріміздің азайып бара жатқаны жаныма батады. Тәрбие отбасынан басталады. Мейлі мектеп табалдырығы мен балабақша болсын, тіпті колледж, университет болсын барлық жерде тәрбие бірінші берілуі тиіс. Өйткені тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ата-ана үшін бала тәрбиесінен артық ештене жоқ. Жастар бұзылса, қоғам бұзылады. Тәрбие мен иманның, білім мен сананың жоқтығынан: қыздарымыздың аборт жасауы, некесіз қарым-қатынастары, ешкімге де пайдасы жоқ ойын-сауықтар, көңіл көтеру мен мағынасыз ойын-күлкілер. Ұлдарымыздың есірткіге, темекіге, арақ-шарапқа тәуелді болуы және ұрлық, зорлық-зомбылық жасауы, адам өлтіру осының салдарынан болып отыр. 60-70 жастағы аталарымыздың өзі әр қызға қарап, өзінің қарындасымен, тіпті қызымен жасты адам айтқысыз, қызынанда кішкентай немересімен жасты қыздармен көңіл көтеруі. Өсек десе алдына жан салмайтын әжелерімізбен, әйел заттары осылай болса, жастарға қай бетімізбен тәрбиені айта аламыз. Осындай жағдайлардан соң жастар қалайша бұзылмайды?! Шортиланған шал мен шалбарланып алған кемпір кімдерге үлгі болмақ?! Әрине бәрі олай емес, салт-дәстүрі мен иманына берік ата-әжелерімізбен, әке-аналарымыз бар.

2.Адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі, қатыгездігі, бір-біріне жасаған зұлымдықтарын көргенде жүрегім ауырады, қазақтыққа жат. Адам өз баласын тастауы, ата-анасын қарттар үйіне өткізуі, адам өлтірулері бәрі-бәрі қазіргі заманымыздың өзекті де шешімі жоқ рухани әңгімелері. Адам өз баласын қоқысқа, туалетке адам айтса денең шошитын лас жерлерге тастап кетуі. Адам түгілі хайуан да баласын барын салып қорғамайды ма? Сонда біздің хайуаннан да төмен дәрежеге жетіп қалуымыз ба? Өзін бағып қаққан, тоғыз ай құрсағында көтеруі, түн ұйқысын төрт болып қарауына жасаған жақсылық олардың көздерін мөлдіретіп, жалғыз қарттар үйіне тапсырып кетуі болғаны ма?

Тағы бір мәселе биліктігілерден әділет кетті. Бір-бірімен зәулім үйлер салып жарысуы, көліктерімен үстіндегі шүберектеріне мақтанып тәкәппарлануы. Пара беру және пара алу. Ақылдының сөзі тыңдалмай, ақымақтың сандырағын тыңдайтын дәрежеге жеткеніміз бе? Ақиқат алуы. Тәтті өтіріктен, ащы сындық әлдеқайда жақсы емес пе? Қазір барлық адам өзім білем, жұмысың болмасын дейді. Қайта мен қуанар едім маған біреу кемшілігімді айтып, себебі шын жаны ашитын адам мен шынайы жақсы көретін адам ғана өзіңе жеке айтады. Ал жұрт алдында айтуы қателік болады.

Соңғы өз қорытындым, осындай өзекті мәселелерді жазып жатқан қаншама адамдар бар. Олардың жазғандарын қаншама адамдар оқиды. Кейбіреулер жақтаса, кейбреулері қарсы шығады.

Абай атамыз өз қазағы үшін өмір сүріп, халқы үшін алаңдап өтті. Ел боламын десең алдымен бесігіңді түзе деген сөз бар. Мен өз ішімдегі өзекті мәселелерінің кішкентай ғана бөлшегін параққа жүгірдім. Соңғы сөзімді Абай атамыз 1қара сөзімен аяқтағым келеді. «Кімде кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын я оқысын, керегі жоқ десе өз сөзім өзімде қала береді».

 

Амангелди Досболат

ЖШС «Басқару Колледжі»

Дене-шынықтыру пәні мұғалімі

Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.