Сабақтың мақсаты: Оқушыларды санды көбейтіндіге көбейту тәсілімен таныстыру, Есептеудің тиімді тәсілін қолдануды үйрету. Математикалық ой — өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбилелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ойын сабағы, түсіндіру, сұрақ — жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті шеңбер жасап, бір – біріне жылы лебіздерін айту
ІІ. Жаңа сабақ
«Бәйге» ойыны
Сол жақтағы 10 — аудан деген не? (фигураның қабырғаларының ұзындығы мен енінің көбейтіндісі)
Ортадағы 20 – периметр деген не? (сол фигураның қабырғаларының қосындысы)
Оң жақтағы 30 – қашықтықтағы жылдамдықты қалай табамыз? (v = s/t)
Оң жақтағы 10 — Қашықтықты қалай табамыз? (s = v * t)
Ортадағы 20 – Жылдамдықтағы уақытты қалай табамыз? (t = s /v )
Сол жақтағы 30 – Өнімділікті қалай табамыз? (v = А/t)
Сол жақ төмендегі 10 – Жұмыс деген не? (өнімділік пен уақыттың көбейтіндісі)
Орта төмендегі 20 – Жұмыстағы уақытты қалай табамыз? (t = А/v)
Оң жақтағы төмендегі 30 – Жылдамдықтағы қашықтық деген не? (жылдамдық пен уақыттың көбейтіндісі)
Енді, біз сендермен дүниетану пәнінен өткен пайдалы қазбалар бекетіне саяхат жасайық.
Тапсырмасы мынадай: Пайдалы қазбалар деген не?(пайдалы дейтіні адамға пайдасы болғандықтан, қазба дейтіні жер қойнауынан қазып алынады.)
Қандай түрлері бар? (жанғыш, кенді, кенге жатпайтындар)
Көбейткіштердің орнын ауыстырғанымен көбейтіндінің мәні өзгермейді.
Түсіндіру. ( көбейтудің үлестірімділік қасиеті) a*(b*c) = (a*b)*c=(c*a)*b
Екі көбейткішті олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.
3 ∙ (2 ∙ 5)=30 (2 ∙ 3) ∙ 5=30 (5 ∙ 3) ∙ 2=30
Келесі бекет, «Жанғыш пайдалы қазбалар» тапсырмасы мынадай екен:
№1
32*10 = 320 48 *10 = 480 485 * 10 = 4 850
3208 *10 = 32 080 488 * 100 = 488 000 489 * 100 = 48 900
322 * 10 = 3 220 484 * 10 = 4 840 4 805 *10 = 488 050
«Газ, мұнай, көмір» жанғыш пайдалы қазбалар бекетінің тапсырмасы:
№ 4 а) Кемедегі 5 каютаның әрқайсысында 8 орыннан бар. Кемедегі орынның бәрі бос болмаған жағдайда, ол 12 рет қатынап, қанша адамды жағаға жеткізе алады?
5 * 8 * 12 = 480
12 * 5 * 8 = 480
ә) Фабрикада видеодискілер қораптарға салынды. Бір қорапқа әрқайсысы 20 данадан 10 бума диск сыяды. Осындай 30 қорап машинаға тиелді. Машинаға барлығы неше дикс тиелді?
Қ. – 20 д
Д – 10 ?
Т – 30
Ш: 20 * 10 * 30 = 6 000
Ж: барлығы – 6 000 диск
Сергіту сәті:
4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? (4 минут)
Аулада 5 қой, 6 балапан, 30 үйрек жүр. Аулада барлығы неше құс жүр? (36)
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (үш)
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат)
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары)
№ 5 «Кенді пайдалы қазбалар» бекетінің тапсырмасы Жұптық жұмыс (бір бірін бағалау) баллмен бағалау
4 * (8 * 5) = 160 3 * (8 * 5) = 120
8 * (4 * 5) = 160 8 * (3 * 5) = 120
5 * (4 * 8) = 160 5 * (8 * 3) = 120
4 * (10 * 6) = 240 7 * (8 * 5) = 280
10 * (6 * 4) = 240 8 * (7 * 5) = 280
6 * (4 * 10) = 240 5 * (8 * 7) = 280
«Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар» бекетінің тапсырмасы
№ 7
Жүк пойызының жылдамдығы 40км/сағ, 5 сағатта ол қандай арақашықтықта жүріп өтеді?
V = 40 км/сағ
T = 5 сағ
S – ?
S = 40 * 5 км
S = 200км
Кенге жатпайтын «ас тұзы, құм,саз» бекетінің тапсырмалары
№ 6
65 534 7
63 9362
2 5
2 1
43
42
14
14
0
34 872 8
32
2 8 4359
2 4
47
40
72
72
0
Бағалау: Енді, өзімізді бағалайық. Кері байланыс шкаласы бойынша стикерлар жабыстыру
Сонымен, бүгінгі сабақта есепті неше тәсілмен шығардық?
Үй тапсырмасы : №3 бет 105
Бағалау:
Бағалау шкаласына сабақты түсінгендері бойынша стикерлерді жабыстыру.
Нуртазина Аида Талағатқызы
С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық
гимназияның бастауыш сынып мұғалімі,
Петропавл қаласы, СҚО