Home » Жаңалықтар » Сандық технологиялар «Өрлеуде»

Сандық технологиялар «Өрлеуде»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында дамудың жаңа сапасын қамтамасыз ету үшін адамдар өзгерістерге үнемі бейім болу қажет екендігіне баса назар аударылған.

ХХ ғасыр – цифрлық білім беру ресурстарының даму уақыты. Жолдауда орта білім беру мектептер мен колледждері және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керектігі белгіленген.Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ арнайы интернет порталын құрып, білім беру мекемелерінің ең үздік педагогтардың тәжірибесін насихаттау үшін бейнесабақтарын түсіруде.

Өрлеу АҚ-ның Қарағанды филиалы бастама ретінде Н.Нұрмақов атындағы мамандырылыған мектеп-интернатының 7-ші және 9-сыныптарындағы математика пәні бойынша мұғалімдері Л.М. Жалмағамбетов пен А.С. Жамалашов сабақтарын видеоға түсірді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өткен сабақтар ағылшын тілінде жүргізілді.

Қарағанды БАИ Қарағанды  облысының ең үздік педагогтардың бейнесабақтарын түсіру жұмыстарды 2018 жылы бойы жалғастыра береді.

 

             Калижанова З.А,
Баяндина Г.А. 

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ
академиялық бөлімінің  мамандары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.