Home » Балабақша » Сандар қатары туралы білімін бекіту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу

Сандар қатары туралы білімін бекіту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу

Исатаева Гулмира,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы,
МКҚК «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі

 

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Мақсаты: Реттік санауды жалғастыру (5 саны көлемінде). Сандық және реттік санауды ажырата алу, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру. Сан мен заттың сәйкестігін табуға үйрету.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, демонстрациялық ойын.

Қажетті көрнекі құралдар: Цифрлар карточкасы, суреттер.

Шаттық шеңбер:(балалар шеңберге тұрып жасайды)

Кел балалар тұрайық,

Шаттық шеңбер құрайық.

1,2,3,4,5 бәріміз бірге санайық,

Құшағымызды ашайық,

Бір-бірімізге сыйлайық.

Тәрбиеші:

  • Балалар біздің ұйымдастырылған іс-әрекетіміз қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Бүгін біздер сандарды пысықтап, затпен санның арасындағы сәйкестікті, нешінші, қанша дегендерді табуға үйренеміз. Енді экранға назар аударайық балалар.

Тәрбиеші:

  • Балалар алдарыңызда 1 ден 5 ке дейін экраннан сандар көрсетілген. Қазір осыларды жеке –жеке айтып өтейік.
  • Алдарыңызда жеке — жеке 1 ден 5 ке дейінгі сандар карточкасын рет — ретімен қойып шығайық. (Балалар тағы бір қайталап өтеді сандарды).

Тәрбиеші балаларға өлең оқып береді. (сурет арқылы)

Шар – Кәусарға,

Ал доп – Жансаяға,

Алма – Асыланға,

Ал қарындаш – Аяулымға.

  • Ал балалар неше сыйлық жасалды?
  • Дұрыс айтасыздар 4 сыйлық жасалды. Алдарына бір — бірден тапсырма беріледі. Қалай орындау керектігін мұқият тыңдаймыз. Төртінші сыйлықты жасыл түспен, біріншісін сарымен, екіншісін көкпен, үшіншісін – қызылмен бояймыз. (Балалар тапсырманы орындайды және нақтылайды)
  • Шар суретте нешінші тұр?
  • Көк түсті доп нешінші?
  • Алма нешінші?
  • Жасыл түсті Қарындаш нешінші тұр.
  • Барлығы қанша сурет боядыңдар? Қане санайық. (Жұмбақтар мен олардың шешуі).

Тәрбиеші балаларға математикалық жұмбақтар жасырады. Жауабын балалар карточкадағы цифр арқылы көрсетеді.

 

  1. Қарындаштың бірі Мақсатта, тағы бірі Ғабитте барлығы нешеу болды?
  2. Мысықтың аяғы нешеу?
  3. Аяқ киім неше жұп болады?
  4. Алдарыңызды неше апай тұр? Балаларға экраннан 1 ден 5 ке дейінгі сандар мен заттар көрсетіліп, сәйкестігін табуды ұсынады.

Сергіту сәті: (балалар серігіп алады)

Бір дегенде тұрамыз, созыламыз,

Екі дегенде – керілеміз,

Үш дегенде – шапалақ соғамыз.

Төрт дегенде қол көтеріп, бұлғаймыз.

Бес дегенде – орынға отырамыз.

Ғажайып сәт: «Математика ханшайымы» .

(Біреу есік қағып, ішке қонақ келеді)

  • Сәлеметсіз бе!
  • Сәлеметсіз бе, балалар! (балалар да амандасады)
  • Балалар мен математика елінен келдім.
  • Мен математика ханшайымы боламын. Бір өзім ғана келген жоқпын, өзіммен бірге сандарымды, тапсырмаларымды ала келдім.
  • Ендеше сандарды санайық. (балалар математика елінің ханшайымның тапсырмаларын толық мұқият орындайды)

Жарайсыңдар! Енді менің келесі тапсырмам «логикалық сұрақтар» деп аталады.

  1. Сиырда қанша мүйіз бар?
  2. Машинада қанша дөңгелек бар?
  3. Адамда қанша қол бар?
  4. Аспанда қанша жұлдыз бар?
  5. Жылқының қанша құйрығы бар?Жарайсыңдар сендер тапқыр балалар екенсіңдер.

—           Келесі тапсырмам «Қандай сан жоқ?» ойынын ойнаймыз.

Шарты: Экраннан сандар көрсетіледі, сол экраннан балалар жоқ санды тауып атап айтады.

Тәрбиеші балалардан математика ханшайымына тақпақтар айтып беруді сұрайды.

(балалардың тақпақтары)

1- бала. Бір дегенім-бөрік,

Кисең басқа көрік.

2- бала. Екі дегенім – етік,

Кисең сәнді етіп.

3- бала.Үш дегенім – ішік,

Теріден тігер пішіп.

4- бала.Төрт дегенім – тымақ,

Қыста кисең жылы-ақ.

5- бала. Бес дегенім байпақ,

Іші жылы тайпақ.

6- бала.Қолға қалам алайын,

Қанша сан бар жазайын.

Қарап тұрмай, сандарды,

Қайта – қайта санаймын.

7- бала. Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу, екеу, үш деп,

Төрт, бес деп жүреміз.

Ханшайым балаларды мадақтап қоштасады.

Тәрбиеші:

  • Енді балалар меніңде бір ойным бар. Ойын «сан мен заттың сәйкестігін тап» .

Шарты: затты тауып сан арқылы сызықпен қосу. (балалар ойынға қуана кірісіп кетеді)

тәрбиеші балаларды бір мақтап алады.

Тәрбиеші:

  • Сонымен балалар бүгін біздер нешеге дейін санап үйрендік?
  • Бізге қонаққа кім келді?
  • Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс-әрекетке жақсы қатысып, көңілдерің тамаша болды. (Балаларды сұрақ – жауап арқылы мадақтап қорытындылайды).
  • Бүгінгі ауа –райымыз қандай?
  • Бүгінгі көңіл – күйіміз қандай?
  • Бүгінгі сабақ қандай?
  • Бүгінгі қонақтарымыз қандай ? (балалар барлық суұраққа тамаша деп жауап береді).
  • Олай болса қонақтармен қоштасайық.
    Сау болыңыздар!
    Күтілетін нәтиже:
    Білуі керек:
    Сан заттың көлеміне бағынбайтындығын, 1-ден 5-ке дейінгі реттік санауды.
  • Болуы керек: Заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын таба отырып, оқиғаның ізбе-ізділігін анықтауға, берілген логикалық тапсырмаларды ойлай отырып орындауды.
    Баланың қолынан келуі:1-ден 5-ке дейінгі цифрлар туралы түсініктері.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.