Home » Балабақша » «Самал»- педагогикалық ынтымақтастықтың ордасы

«Самал»- педагогикалық ынтымақтастықтың ордасы

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні себілер жылы ұя, бақыт мекені-  балабақшада ертеңгі еліміздің болашақ атқа мінер ұл-қыздары өсіп келеді.
Ел сенер ұрпақтың ақыл-ойы айқын, өзіне сенімді, айналасына қуанышпен шаттана қарай алуы үшін әуелі дені сау, мықты болуы шарт. Осы тұрғыдан алғанда қозғалыс пен дене құрылысының дұрыс жетілу кезеңі де осы балабақша қабырғасынан басталмақ.
Осыған дейін талай тың ойлармен жаңа бастамалардың жаршысы болған, білім ордасы әрбір жақсылықты жарыққа шығаруда өзгелерден оқ бойы озық. Үш жақты қарым-қатынасты яғни балабақша, ата-ана, бала арасында қыл өтпестей достық орната білген ұйымдастырушылық қабілеті басым, іскер басшы Астана қаласындағы №46 «Самал» санаториялық балабақшасының меңгерушісі  Қайырғалиева Балауса Төлеуғалиқызының әрбір атқарған жұмысы сөзімізге дәлел..
23 қаңтар күні аталған білім ордасында өзекті тақырыпты арқау еткен тамаша бір кездесу өтті.
Коучинг мақсаты- ата-аналарға бала денсаулығын нығайту мақсатында қолданылатын жаңа технологияларды кеңінен тарату болса ойға алған мақсат орындалды деуге әбден болады.
Модераторлар балабақша әдіскері Алиева Гүлсая Көшербайқызы мен орыс тілі пәні мұғалімі Рахымгалиева Сандуғаш Амангелдіқызы аталған тақырыпта ой-пікірлерін білдіріп, жол көрсе алатын білікті мамандарды кездесу қонағы етіп шақырған.
Ата-аналармен қатар «Салауатты өмір салты» тақырыбы бойынша авторизациялау кластерлік топтарының жетекші №7 «Аққу» және де серіктес балабақшалардың әдіскерлерімен, мамандары қатысты.
Коучингтің ерекшелігі де жоспарларды іске асыру жолында өзіңді тәрбиелеп, уақытты ұтымды пайдалану арқылы мақсатқа қол жеткізу. Сол үшінде бір бағытта жұмыс жасап, бала денсаулығын басты назарда ұстаған балабақша қызметкерлеріне бұл кездесу үлкен серпіліс әкелді деуге болады. Әсіресе медицина ғылымдарының докторы Айкешева Алима Салимовна «Использование новых технологий по укреплению здоровья детей на основе сотрудничества детского сада и родителей»тақырыбында баяндама жасап, жиналған көпшілікті құнды мағлұматтармен таныстырды.
«Дені сау ұрпақ –ұлт мақтанышы» тақырыбында орыс тілі пәні мұғалімі Рахымгалиева Сандуғаш ата-ана, педагогтар арасында жұмыс көрсетсе, аталмыш балабақшаның спорт нұсқаушысы Ернар Жұмамұратов «Контраст» технологиясы бойынша ата –аналарға шеберлік шыңдау сәтін көрсету арқылы түсінік берді. Дәрігерлік бөлімнің меңгерушісі балабақшамен тығыз байланыстағы әке Иван Леонтьевич Тарапата «Формирование позитивного отношения к своему здоровью» тақырыбында өте жақсы баяндама жасады.
Спорт нұсқаушысы Адгамова Светлана Александровнаның «Ұйымдастырылған оқу қызметіне Са-фи-дансе технологиясын қолдану» атты практикалық жұмысы, әуен жетекшісі Морозова Людмила Анатольевна жиналған көптің көңілін бір серпілтіп тастады.
Басқосу соңында фито чай ішіп тарқасқан көпшілік бұл кездесуден көкейге ой түйіп, тың мағлұматтар алды. Бала денсаулығын нығайтуда түрлі әдіс тәсілдерді қолданып, ата-анамен жаңашыл ұстаз арасында береке-бірлік орнаған шаңырақ бұл күні келелі кеңес алуға ұйытқы болды. Баланың тек денсаулығына ғана емес ортаға үйренуі мен ашық мінезді болып өсуі үшін ешбір шарадан қалыс қалмай білім мен тәрбиені қатар алып келе жатқан педагог ұжымның шын мәнінде жұмысы жүйелі.
Ең бастысы , өзіңді танып, мақсатыңды айқындап, жауапкершілікке үйретуді мақсат еткен коучинг өз деңгейінде өтті. Жақсы тілектер мамандарға арналған сұрақтар, ата-аналардың ұрпағын тәрбиелеп отырған білім ошағына деген жылы лебіздерінен асқан мақтаныш жоқ шығар.

 

 

Әлия ҒАЛЫМБЕКҚЫЗЫ,
«Білім айнасы», Астана қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.