Астана қаласының коммуналдық мемлекеттік мекемесі №46 «Самал» санаториялық балабақшасында қыркүйек айының 26 жұлдызында республикалық ғылыми-танымдық «Білім Айнасы» газетінің тілшісі Жансая Құрманғалиқызы мен балабақша тәрбиешілері әрі мұғалімдерінің қатысуымен «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты тренингі болып өтті.
Жиын барысында публицистика жанры ретінде мақаланың түрлері мен құрылымы талқыланды. Педагогтар мен тәрбиешілердің тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап алынып, «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм жүрегі» деп Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, аталған газетке балабақша қызметкерлері бірауыздан жүйелі түрде мақалалар жазып тұруға келісті .
Әсел Әбіш,
№46 «Самал» балабақшасы,
Астана қаласы