Халықтың салт – сана, әдет – ғұрпы қай заманда болмасын ерекше тәрбие құралы болып келді. Бұл жөнінде көптеген ғұламалар пікірлерін білдіріп кеткен. Мәселен, Қазақ халқының салт – дәстүрі арқылы ұлтжанды, рухани – мәдени толысқан ұрпақ тәрбиелеудегі маңызын М.Жұмабаев атап көрсетсе, дана бабамыз Бұқар жыраудан қалған «Тәлім ал, тәлімді алсаң тәлімгерің ұлтының салт – дәстүрімен, ұлтының қарапайымдылығымен, мейірімділігімен тәлім берсін» — деп айтып өткен.
Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетін қайта өркендету жағдайында жас ұрпақты ұлттық дәстүрмен тәрбиелеудің қажеттілігі туды.
Өйткені халықтық салт – дәстүрдің ішінде бүкіл халықтың мінез – құлқы, болмысы, дүниетанымы, мәдениеті, тілі мен діні, өмір сүру жолы, психологиясы топтасып жатыр. Бұл құндылықтар қазіргі қоғамның күрделі өзгерісі кезеңінде жас ұрпақты әлемдік деңгейде оқытып, біліммен қамтамасыз ете отырып, тәрбиесін ұлттық етуде ерекше тәрбие құралы болып саналмақ. Ұлттық тәрбие тек ұлттың салт – дәстүрі арқылы ғана берілмек. Бұл орайда еліміздің көптеген педагог ғалымдары құнды еңбектерін жазып, оны іс – жүзіне асыруды мақсат етіп келеді.
Қазіргі білім беру үдерісінде мектепте халықтық педагогиканы пайдалануды сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда ұлтық салт- дәстүрлер жайында әңгіме айтумен, үйретумен ғана шектесек, тақырыптық ертеңгілік, кеш, ойындарды қуалап кетсек, мұнымыз өзімізді де, балаларды да алдау болады. Ол үшін мектептің барлық оқу- тәрбие жүйесін толығымен ұлттық негізде құрсақ, онда рухани – мәдени деңгейі жоғары, ұлттық мұрларымыздышын мәшнінде қастерелй білетін жа ұрпақты тәрбиелеген болар едік.
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде еуропалық үлгіге көзсіз еліктеген оқу жүйесінің кезеңі өтіп барады. Өйткені, әр егемен елдің басқа ешбір елге ұқсамайтын өз ерекшелігі, өз дүниетанымы, өзіндік тарихы, ұлттық сипаты бар. Ұлт бойындағы сипат сол ұлт өкілінің өзіндік тарихы қасиеті арқылы байқалады. Ұлттың өзіне тән қасиетінің сақталуы оның санасына байланысты. Сана мен сезімнің әсер етуі бір мезгілде жүзеге асырылуы тиіс. Мектептердегі барлық оқу – тәрбие процесіне халықтық педагогика элементтерін енгізу үшін педагог мамандарды ЖОО халықтық педагогика жайлы біліммен сусындату даөте маңызды. Сондай – ақ, білімнің қайнар көзі оқулықта десек, осы оқулықтарды ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып қайта жазу керек дер едік.
Сұлтанова Ақерке Толепбергеновна,
Қарағанды қаласы
№11 НОМ КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі