Халық даналығы «Елім бай болсын десең – денің сау болсын» деп денсаулықтың ұлттық, отандық мағынасына айрықша көңіл аударады. Сондықтан әр адамның «менің саулығым менің ұрпағымның саулығы» деп түсінгені абзал. Олай болса, болашақ ұрпақ салауаттылығын бүгіннен бастауымыз керек. Бұл бағытта Астана қаласы №48 «Ақ көгершін» балабақшасында «Ел болашағы-салауатты ұрпақ» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің кіріспе сөзімен балабақша меңгерушісі У.Сабиева салтанатты түрде ашты. Бұл іс шараға арнайы медицина ғылымдарының кандидат,профессор,кардиолог А.С.Айкешева және «Денсаулық сақтау» кластері бойынша жетекші №7 «Аққу» балабақшасының меңгерушісі А.Д.Джуматаева №46,95,16 балабақша педагогтары шақырылды.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту.
Отбасында ата-ана балалармен бос уақытта немен айналысады? Осы тақырыпта ата-аналар арасында өз тәжірибелерімен бөлісті. Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десек те болады. М.ғ.к.профессор А.Айкешева балабақша мен ата-ана арасының ыңтымақтастығы бала өмірінде үлкен орын алатыны және бала денсаулығын сақтау және нығайту үшін жаңа технологияларды пайдалану туралы өз тәжірибесімен бөлісіп көптеген мағлұматтар берді.Кластер жетекшісі А.Д.Джуматаева жан-жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті деп айта келе педагогтар,ата-аналар бір-бірімен осындай іс шараларға белсене қатысып өз ойларымен ,тәжірибелерімен бөліссе дені сау, білікті де білімді, балаларды тәрбиелейтінімізге сенімдімін деді.
Балабақша меңгерушісі У.Сабиева өз тарапынан ұлттық ойындар бала денсаулығына өте пайдалы екенін атап өтті.Мысалы: «Асық терапия» арқылы «ханталапай, «бес тас», асық ойындары-баланың зейіңділігін, қол бұлшық еттерінің нығаюын, көруді жақсарту, дәлдікке үйрету, денені тік ұстауға бейімделеді. «Ләңгі» тебу ойыныңда баланың аяқ бұлшық еттері қатаяды, омыртқа сүйектерінің дұрыс дамуына өте пайдасы зор екенің медицинада дәлелденген. Сондықтан да біздің балабақшамыз осы ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын дамыту үстінде.Өскелең ұрпақ тәрбиесіне баршамыз бірге атсалысайық!
:
Б.Т.Шомалова,
Астана қаласы, №48
«Ақ көгершін» балабақшасының әдіскері