Мақсаты: ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зияны жайлы түсіндіру және олардан сақтану жолдарын баяндау; Оқушыларды жақсы менен жаманды айыра біліп, жаман әдеттерден бойларын аулақ салуға тәрбиелеу; Өзара сыйластық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші 1: Сәлеметсіз бе балалар! Бүгін біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі тәрбие сағатымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ҚР – ның халқына жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өседі және орнығып, нығаяды, онымен бірге біздің балаларымыз бен немерелеріміз де өсіп жетіледі. Біз өз қоғамымызды құра отырып, біздің азаматтарымыздың өмір бойы дені сау болуы және оларды таза табиғи ортаның қоршап тұруы үшін кең өріс ала түсетің күш жігерлерді қолдану қажет».
Сондықтан да жасөспірімдерді осындай жаман әдеттерден сақтандыру үшін бүгінгі тәрбие сағатымыздың маңызы зор деп ойлаймын.
Тәрбиеші 2: Балалар, осы тәрбие сағатыңда үш топқа бөлініп сайыс өткіземіз.
1 топ «Жарқын болашақ» (ішімдікке қарсы топ)
2 топ «Денсаулық» (темекіге қарсы топ)
3 топ «Салауат» (есірткіге қарсы топ)
Тәрбиеші 1: Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Әр сайыс 5 ұпайдан құралады.
1 кезең «Таныстыру»
Тәрбиеші 2: Балалар, бірінші кезеңі «Таныстыру». Әр топ өз ұранымен және төсбелгілерін таныстырады. Сендерге 5 минут уақыт беріледі.
2 кезең «Жылдам тап» (мақал айту)
Тәрбиеші 1: Балалар, екінші кезеңі «Жылдам тап» деп аталатын сайыс кезеңде әр топ оқушылары өздеріне берілген сөздерді қатыстырып жылдам мақал айту керек. Мақал жаман әдеттер мен денсаулыққа қатысты болу керек.
(тәрбиеші әр топқа сөздермен жазылған карточка береді. «Жарқын болашақ» тобына – тіле, сырқат, дәрі, ауыз, жарлы, нұқсан. Осы сөзден мақал құрау керек. Мысалы: Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле т.б.)
«Денсаулық» тобына – Жирен, жолама, байлық, ем, салауат.
«Салауат» тобына – Шарап, әзәзіл, жеті, күлдіреді, азғын.
3 кезең «Сурет салу»
Оқушылар зиянды әдеттерден сақтанып, салауатты өмір салтын насихаттайтын сурет салады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша сурет салады.
1 топ « Жарқын болашақ» (ішімдікке қарсы)
2 топ « Денсаулық» (темекіге қарсы )
3 топ « Салауат» (есірткіге қарсы)
4 кезең «Түсіп қалған әріптер»
Тәрбиеші 2: Балалар, денсаулыққа байланысты берілген сөздерге әріптерді қоясыңдар.
Д..і – дәрі
В.там.н — витамин
..ны.у — шынығу
С..ау.т – салауат
Тәрбиеші 1: Балалар, әділқазылар шешімін шығарғанша оқушылар жаман әдеттерден аулақ болу туралы тақпақтарын айтады.
1 оқушы:
Алдыға бастар армандар,
Жаманға көзді салмаңдар
Ішімдік, наша қолданып,
Ел – жұртқа мазақ болмаңдар.
2 оқушы:
Араққа салып ауыздық,
Іштері күйіп, шоқ болсын.
Дүниедегі жемқор, жауыздық
Өмірден өтіп жоқ болсын!
Тәрбиеші 2: Балалар, сайыс бітті. Енді әділқазылар жеңімпаз топты анықтап әділ бағаларын шығарып, марапаттайды.
Қорытынды:
Тәрбиеші 1: Балалар, бүгін «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ» тақырыбындағы болып жатқан сайыс түріндегі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Бұл тәрбие сағатынан сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын.
Тәрбиеші 2: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халкымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер.
Макатова Жанар Умурзаковна, Солтүстік Қазақстан облыстық спортқа |