Home » Жаңалықтар » Салалардың сабақтастығы

Салалардың сабақтастығы

Педагогтардың шығармашылық біліктілігін арттыру мақсатында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №3 Талапкер орта мектебінде «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинар — тренингі ұйымдастырылған болатын.

Ғылым мен білімнің цифрлық технология бағытында шарықтау кезеңіне ауысқан кезде БАҚ және педагог мамандардың бірігуімен жұмыс жасауы мақсатты нәтижеге жетелейтін бастама. Республикалық ғылыми — танымдық «Білім айнасы» газеті және №3 Талапкер орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Шантасов Айболат Серікбайұлының ұйымдастыруымен 2018 жылдың он үшінші қазанында «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тақырыбымен семинар-тренинг өтті. Тренингке мектеп ұстаздарымен қатар, шығармашылығын шыңдауға балабақша тәрбиешілері де қатысты. Тренингті жүргізуші Мұстафина Жансая Алибекқызы мақала құрылымы, БАҚ байланысымен ғана шектеліп қалған жоқ түрлі әлеуметтік желілермен жұмыс жүргізу тәсілдерімен таныстыра өтті. Заманына қарай, ауқымды интернет желісін пайдалана отырып әлеуметтік желілердің қоғамдағы ықпалы күшейіп келе жатыр. Қоғамдағы кез — келген сынықты түзететін білім екені аян. Сондықтан әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін білім беру саласында да қолдана білген абзал. Солай дей отыра, әлеуметтік желілердің тілі мен ресми БАҚ тілдері айырмасы арасындағы ерекшеліктерін айыра білу әр мақала иесінің имиджін қалыптастыратыны сөзсіз.

Семинар барысында қатысушылар «Білім айнасы» газетіне және ресми ақпараттық ресурстарына қалай мақала жариялау керек, ақпараттық қауіпсіздікті қалай сақтау керек, өз материалын басылымға қалай жариялау керек екендіктерін үйренді. Қорытынды бөлім, жалпы саны жиырма төрт қатысушы ұстаздар мен тәрбиешілер арнайы сертификаттармен марапатталды.

 

Бимағамбетов Қуандық Молжігітұлы
№3 Талапкер орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.