Мектеп оқушыларының ауызекі және жазба сөйлеуіне ерекше көңіл бөлінген. Ауызекі сөйлеу сұхбат, лекция, сабақ сөйлесу уақытында кісілердің өзара қарым-қатынасын талап етеді. Жазба сөйлеу кісілер арасындағы график құралдар арқылы талап етіледі. Ауызекі сөйлеу сөз жұмсауда лексик тұрғыдан дұрыс және орынды пайдалану талап етіледі. Оның синтаксистік құрылымы күрделі болады. Осы екі сөйлеу ауызекі және жазба сөйлеу бір-бірімен байланысты. Ауызекі сөйлеу жазба сөйлеудің дамуына үлкен үлес қосады. Ал жазба сөйлеу ауызекі сөйлеудің дамуына, нығайуына әсері мол. Оқушылардың ауызекі және жазба сөйлеу мәдениетінің дамуының негізгі рөлі: мектепте барлық пән мұғалімдері оқушылар сөйлеуін үнемі қадағалап баруы тиіс. Әсіресе, осы жұмыс бастауыш сыныптан басталады және онда ана тілі және әдебиет мұғалімдері үлкен рөл атқарады. Ана тілін оқытудан мақсат оқушыларда өз ана тілінде пікірін анық, дұрыс және айқын жеткізе алу және оны дамытудан тұрады.Түрлі орта балалардың санасына сөйлеудің әсері мол. Кейбір отбасыларда балалар ата-аналарға, балабақшаларда тәрбиешілерге, бастауыш мектептерде мұғалімдерге еліктейді. Кейбір отбасы, балабақша, мектептерде осы мәселеге немқұрайлы қарағандықтан бала, сөйлеу мәдениетін ұстаудан бас тартады. Осындай баланың дамуында мәдені кісі болып өсуінде теріс нәтиже береді, әлбетте. Сол үшін баладағы сөйлеу қабілетіне жастайынан мән берген дұрыс. Балалардың тілін дамытуға көп уақыт талап етіледі. Сондықтан тіл дамытуға арналған жаттығуларды үнемі орындамаса, білімнің сапасыз болуына әкеп соғады. Соған орай сабақтарда сөйлеу дамуының балаларда өз бетін шығармашылық ойлау қабілет дамытуға, сөйлеу мәдениетіне лайықты көңіл бөлген жөн. Адам сөйлеу арқылы өзінің пікірлерін, сезімін, ойларын айтады және басқалардың ойларын, пікірлерін ұқып барады. Адамның сөйлеуі жан-жақты тәсілдерге қарап сөйлесуі әр-түрлі түрде жүзеге асады. Ол кейде тілек, кейде шақыру, кейде адам көңіл- күйімен көрсетіледі. Сөйлеу ішкі және сыртқы көріністерге иелік ету, ішкі сөйлеу адамның өз ішінде сөйлейтін пассив сөйлеу болып ,ол екінші кісінің қатысуын талап етпейді. Ана тілі жаттығуларында орындалатын парагрфтар және сөйлемдердің грамматикалығы анық және түсінікті баяндау арқылы жүзеге асады. Жазба сөйлеудің дамыту ауызекі сөйлеуге қарағанда біршама күрделі кезең болып табылады. Ол оқушылардан грамматик және мазмұнды дұрыс жоспар құрауды, әр бір сөзді өз орнында дұрыс жұмсауды, өз ойын жүйелі түрде пікірлеуді, қорытынды шығаруды талап етеді. Бұл сөйлеудің күрделі табиғаты сондай-ақ, сөйлеудің белгілері және әдістерімен байланысты. Сөзді дұрыс жазу, тыныс белгілерді орынды жұмсау, пікірді әдіс талабына сай баяндау оқушыдан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сол себепті сөйлеудің бұл түрі біршама кеш және күрделі өтеді. Жазба сөйлемнің өзіне сай қасиеттерінен бірі оны тексеру, түзету мүмкін. Бұл түрінен ол ауызекі сөйлеуге қарағанда бір шама ыңғайлы мүмкіндік береді. Оқушы жазба сөйлеудегі қате және кемшіліктер үстінде жұмыс жүргізу, оларды жою, кейінгі жұмыстарына бұл қате және кемшіліктерге жол қоймауға тырысалды. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту мектепте ана тілі және әдебиеттен өткізілетін жазба жұмыстар ең алғашқы орында тұрады және түрлі түрде өткізіледі. Мысалы; Мектепте ана тілі оқытудан мақсат, оқушылардың пікірін, өз ойын жүйелі түрде даярлау. Кісілер өз өнерлерінің мамандары бір-бірімен белсенді қарым-қатынаста болатынында. Олар әр қашан өздерін орап тұрған айналадағы нәрселер және адамға әсер ететін нәрселер туралы пікір білдіреді… Демек, пікір алмасу заңдылық екен, адамдар арасында пікір алмасу болмаса қоғам дамудан бір шама артта қалады. Пікірдің сөйлеу жәрдемінде жүзеге асады. Сол үшін адам тілден пайдалануды білуі және оны толық меңгеру керек. Ана тілінің бай мүмкіншілігін пайдалана отырып пікірді үйрету мен бірге сөйлеудің ең үлкен мүмкіншіліктерінен сөйлеуде пайдалану мөлшерін үйретеді. Ана тілі сабағындағы жаттығулар тек қана тілін дамытуды сөйлеудің мәдени жолдарын ғана емес сөйлеу мәдениеті өте кең және үлкен маман болып ол баланың кунделік сәлемін бастап, кімге, нені, қашан, қай жерде, қандай сөйлеуге дейін баршасын өз ішіне алады. Сөйтіп ана тілі жаттығулары балаларды шығармашыл еркін пікірлеуге, ауызекі, жазба түрде дұрыс дамуға сөйлеу сезімталдығына қызмет етуі тиіс. Ана тілі және әдеби ғылымның мемлекет өлшемдерінің сөйлеу мәдениетін әдістерде көрсетуге, оқушылар тіл түрін, мазмұнын таңдай алу дәл сол мазмұнды түрлі тілдер арасында пайдалану жұмыс қағаздарын еркін түзе алу, бейне материалдардан орынды пайдалана алу тағы да сөйлеу нормалары және әдістері, сөйлеудің дамуы, сөйлеудің бір — біріне әсері мен таныс болуы тиіс. Сол үшін мектепте ана тілін оқыту үшін берілген уақыттың көп бөлігі бастауыш сыныптар жұмысын, орта сыныптар жұмысын,жоғары сыныптарда жүзеге асатын жұмыстармен байланысты түрде жалғастыру, мұғалім ең үлкен тапсырманың бірі есептеледі. Балаларда тіл дамыту, тіл мәдениетін өсіру ұзақ уақытты талап етпейді. Жазба жұмыс түрлеріне; диктант, шығарма және басқалар жатады. Балаларға сөздерді дұрыс айттыру, қызықтыру жазба және ауызекі таза сөйлеу сұрақтарға жауап қайтару шығарма жазу,мұғалімнен алған білімдерін пысықтап, дамытып баруы, өз үстінде еркін істеп, қабілеттерін өстіріп баруға мәжбүр етеді. Біз жаңа әлеуметтік саяси жағдайда тек қана білімді кісілерде ғана емес, кәсіпкер кісілерді жеткізіп беруіміз де мүмкін. Білімді кісімен кәсіпкер кісі арасында өзгешелік бар, әлбетте бі- лімді адам білімге ие болсада, бірақ білімін әр уақытта жұмыс бары-сында пайдалана алмауы да мүмкін. Кәсіпкер адам болса, тек қана білімді болып қана қоймай, бәлкім өзіне керек уақытта, пайдалана ала-тыны сөзсіз. Сол үшін білімдінің білімі сара тұқым болса, кәсіпкердің білімін әр дайым,әр минутта пайдаланады және одан пайда болады. Тіл кәсіпкерлігін ұқтыру, мектепте ана тілі жаттығуларының ең алғашқы тап. Өзбек дәрісханаларында өзбек тілін оқытудағы негізгі мақсат- оқушыларды өзбекше сөйлеуді үйрету, өз ойын екінші біреуге түсіндіре алатындай, біреудің сөзін, жазғанын түсіне алатындай дәрежеге жеткізу. Ол үшін мынадай әдіс-тәсілдермен пайдаланған жөн;
—— сөздікпен жұмыс жүргізу;
—— ауызекі сөйлеу,тілін дамыту;
—— суретке қарап әңгіме құрастыру;
—— сауатты жазығу үйрету;
—— кеспе қағаздар тіл дамыту т.б.
Мұндай бағыттағы жұмыстарда, әсіресе, сөздікті пайдаланудың маңызы өте зор. Оны әр сабақта өткізілетін тапсырмаларға байланысты жүргізіп отыру керек. Сөздікпен жұмыс істегенде, жаттығу орындағанда кеспе қағаздарын пайдаланған қолайлы.Әйтпесе, біркелкі ойын оқушыларды жалықтырып жүбереді. Сонымен бірге суреттерде қолданғанда әрдайым өзбек тіліне тән дыбыстары бар сөздерге мән беру керек. Жаңа сабақ өткенде сөздіктен бастаған жөн. Тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай төрт бағытта жүргізіледі; Біріншіден, мәдени, әдеби сөйлеу білудің нормаларына үй рету яғни, әдеби орфоэпиялық, дағдыны меңгере отырып,оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту. Үшіншіден, үйренген жаңа сөздерге сөйлем құратып үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан мәлімет беру.Төртіншіден, тіл үйренушінің сауатты жаза әрі сөйлеу білуіне дағдыландыру.Тілді жақсы меңгеру үшін оны орфографиялық ұғу керек. Оқытушының басты міндеті – тіл үйренушіге тіл заңдылықтарын оның негізгі құрамды бөліктерін дұрыс түсіндіру, сөйлетіп төселдіру. Осыған байланысты тілдің дыбыс жүйесіне мұғалім көп көңіл аудару қажет. Дыбыстың акустикалық, физиологиялық ерекшеліктерін түсіндіргенде оған әрі физик, әрі лингвистик тұрғысынан қарау керек. Сабақ процесінде өзбек тілінің дыбыстық жүйесін түсіндірумен қатар, оның орфоэпиялық заңдарын, буынын жан-жақты үйретіліп отырса, бұл тілді оқыту процесіне игі ықпалын тигізеді. Өзбек тілінің өздік дыбыстарын меңгертуде грамматикалық ойындар жүргізу өте нәтижелі болады. Мысалы; Адасқан әріптер ойыны, (Орнын тап), (Кім тез, жауап жазады?) деген грамматикалық ойындар жүргізуге болады. Ойын шарттары; үлестірмелі қағаздарда әр бір әрпі қалдырылған, оны тез тапқан оқушы жеңіп шығады. Мысалы; берілген дыбыстарға тиісті жуан дауысты дыбыс жалғап сөз құра; б..л…, д..л…, ж..л ..д…з. сондай ойындарды қолдауға болады .Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші- бақылап, заттарды көріп, суретпен жұмыс істеу, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану,балаларды заттарды бір бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны та-нып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып,балаларды ойнай білуге ,ойын ережесін сақтауға,оларды ойната отырып ,ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,ойынға қызықтыра отырып зейінін , қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен,өз құрбылары мен қарым –қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып мәз болады. Сондықтан да ойын тапсырмаларды таңдауда және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге ,дұрыс жауап айтуға сөз мағынасын түсінуге,орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «сөз ойла», «жұмбақ ойла», «жақсы жаман», жалғастыр,үш сөз ата. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды,табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «дәл осындайды тауып ал». Салыстырда атын ата «қай ағаштың жапырағы» ,бірдей ойыншықты тап, «қайсысы көп,қайсысы аз»т.б.Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино , лото,суреттер қолданылады. Мысалы: «суретті құрастыр», «қандай затқа ұқсайды», «қийылған суреттер», «ұқсасын тап», «4-ші не артық», «есіңде сақта» сонымен қатар бала-ларды сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «пішіндер көрмесі», «өрнекті есіңде сақта», «қиын жолдар», «суретті жалғастыр», «биші адамдар», «көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсендіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізіге әзірлік ,ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытта қамтиды. Ойынға қажетті құрал,заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларда ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынды өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды , тапсырма жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді.Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып,ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп ,ақыл ойы өсіп жетіледі,әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан жақты дамуына ісіне ерекше көңіл бөлу және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мақсатым. Сол үшін бірінші сағаттан бастап соңғы жаттығуларға дейін ана тілі сабақтары оқушыларда тіл дамытудың,тіл кәсіпкерлігін тәрбиелеуге қзмет көрсету керек. Мұғалім барлық мүмкіншілікетрді пайдалана отырып, оқушыларда мақсатқа жету үшін оқушылардың оңай түсінуіне,тіл қасиеттерінің үйренуге берілген уақытта , мәтіндерден тіл қасиеттерін күзету, топтарға бөлу,ұйымдастыруда ереже талқылау және қорытуға келеді. Қорыту үшін таңдаған мәтіндер ерекше болуы тиіс.Оқушылардың ауызекі сөйлеуін дамытуға берілген мәтіндер. Ана тілі жаттығулары оқушылардың ауызекі сөйлеуін дамытуда біршама ыңғайлы,мәтіннің мазмұнын сақтаған түрде түрін өзгертіп баяндау,мәтінді қысқартып немесе кең түрде баяндау түрлерінен кең пайдалануға болады. Оқушы-лардың жазба тілін дамыту жолдары ауызекі сөйлеу түрлі мәтінне керекті жерлерін көшіріп жазу,мәтіннің мазмұнын сақтаған түрде түрін өзгертіру. Ана тілі жаттығуларында оқушылар жаратқан мәтіндерде шартты түрге ажырату мүмкін. Балалар сөздігін бұл бай қазынамен байытудың өзіне сай қасиеттері сонда. Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту,ауызша сөйлеуге үйрете отырып,үйренген сөздерін күнделіктегі өмірінде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс –әрекет кезіндегі тілдік қарым –қатынаста қолдана білүге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептеліне. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінен ажырата білуге,өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту барысында тәрбиешінің міндеті:,
- Балалардың сөздік қорларын дамыту;
- Жаңа сөздерді меңгерту;
- Үйренген сөздерін тиянақтап,анықтап,әрі байытып отыру;
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын-баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып,таңдап алады. Балданың бір ерекше қасиеті сөйлеуден жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені, бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Садыкова Карима,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сайрам ауданы, Манкент ауылы,
С Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі