Home » Ашық сабақтар » Садуакасова Айнагуль Копжасаровна. Наурыз – жыл басы!

Садуакасова Айнагуль Копжасаровна. Наурыз – жыл басы!

Сабақтың мақсаты: 1.Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.

  1. Окушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,іздену негіздерін дамыту.

3.Оқушыларды ұлтжандылыққа,имандылыққа,инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Буклет,кестелер,шарлар,қанатты сөздер.Үнтаспа.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!     Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз-яғни Жаңа жыл! Бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп». Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айттарын есептеменгенде, біздің қазақта жалғыз-ақ мейрам бар, ол-Наурыз. Қазақ халқы айранға бай болғанымен, мейрамға жарлы екендігі осыдан көрінеді.
Жүргізуші: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыз 22-де күн мен түн теңеледі,қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.

Оқушы:  Кел,балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық..

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық..

Наурыз мерекесі- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Күн мен түн теңелген,мал төлдеп, адамның ауызы аққа тиген, малдың ауызы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.

Жүргізуші: Сондықтан біріншіден Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі арқауы,мәңгі деп есептелген.

  1. Наурыз- күні жаңарудың,өсудің, түлеудің басы.
  2. Наурыз күні имандылық мерекесі.
  3. Наурыз көктем мерекесі,еңбек тойы,ырыс, мошылықтың бастауы.
  4. Наурыз мерекесі мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.

(әр қанатты сөзге оқушы өз ойын нақтылай жеткізілуге ұмтылды)

1.Оқушы:

Ұлы күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!

(оқушылар «Наурыз» мерекесіне шашу ретінде өз білетін өлең шумақтарын оқып,оның мәнін аша білді).

2.Оқушы:

Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Ой ағайын, келіңдер!

Бәрі:

Наурыз келсе,құт келгені, халайық!

Есік ашып,шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

 3.Оқушы:

Бүгін күн тенелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

4.Оқушы:

Наурыз той салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

5.Оқушы:

Өмір бағы жайнасын,

Бақта бұлбұл сайрасын.

6.Оқушы:

Күреп алтын күрекпен,

Қарды еріткен Наурыз!

Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша – бауымыз.

7.оқушы:

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық Наурыз көжеден.

«Тұлпарлар» биі 

Оқушы:          Ал, халайық тұрмайық.

Әндетейік шырқайық.

Ортамызды ашайық.

Думандатып би билеп,

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжі-маржан шашайық.

Жиналған жұрт  таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық!

«Көктем» биі

Ән:  «Наурыз тойы»

Мұғалім:

Ал ендігі кезекті, ұлттық ойындарға берейік.

  • Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

(балалардың жауабы тыңдалады)

«Арқан тартыс» ,«Ханталапай»,«Бес тас», «Кел жүзігім,жүзігім» ойындарды қазір сыныпта ретімен ойнатамын.

Баларды үш топқа бөліп аламын.

Әр ойыннан кейін, әр топты ұпаймен бағалау.

Ән: «Наурыз келді»

Жүргізуші:Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниемтімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.

Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата! (Қызыр ата бата береді).

Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайланған таңы болсын.

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінің бәрі болсын!

 

Жүргізуші:    Уа, халайық, құлақ сал!!!

Жақсылыққа қашанда,

Жан баласы тоймаған,

Жаңа жылдың басы деп,

Жылда бізбен тойлаған.

Шашу шашып көл-көсір,

Көжесі қазанда қайнаған.

Оқушы:         Әнге ырғағы жарасқан,

Асқар таудың шыңдары.

Ақ жаулықты аналар!

Оқушы:      Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!
Әже: Наурыз құтты болсын!
Осы меркке әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!

Жүргізуші:
Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік,қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Бәрі:
Жарқыраған жыл нұрды,
Жаса, Наурыз дәстүрлі!
«Достық» биі
Қорытынды:
Міне ойын да ойнадық, ән айтып би де биледік. Мерекеміз аяқталып келеді. Қызыр атамыз бізге бата берсін.
Ұлыс бақытты болсын ,
Әр күндерін бақытты болсын.
Достықтарың берік болсын.
Білім-өнер серік болсын.
Ұлттық ойындар бойынша, үш топты ең «Шеберлер», «Шапшаңдар», «Мықтылар» номинациямен мадақтап қою.
Құрметті ата –аналар, оқушылар!!!
Наурыз баршамызға береке-бірлік әкелсін. Әрбір жанұяда күлкі көбейсін, сіздер шаттыққа бөлене беріңіздер. Аман-сау келесі наурызда кездескенше  қош сау болыңыздар.

 

Садуакасова Айнагуль Копжасаровна
№ 71 мектеп-лицейінің
екінші негізгі деңгейінің
бастауыш сынып  мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.