Home » Ашық сабақтар » Сагадат Атекеева. Сүт мейрамы

Сагадат Атекеева. Сүт мейрамы

Жазда балабақшада үнемі «Балалар,сүт ішесіңдер-дендерің сау болады!» акциясы өткізіледі, оған барлық топтың балалары қатысады. Нәтижесінде сүт мейрамы өткізіледі.
Балалар көңілді музыканың сүйемелденуімен залға кіріп,орындықтарға отырады. Сыбызғыда Малшы кіреді.
Малшы:
Мен алаңға шығып, көңілді балақайларды қарсы аламын. Және де әдеттегідей сендерге жұмбақ жасырамын.
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
(Сиыр)
Ел жатса да енекем жатпайды (Сиырдың мүйізі)
Төсек астында төрт бауырсақ (Сиырдың емшегі)
Малшы:
Жарайсыңдар, балалар! Сиыр туралы барлық жұмбақты шештіңдер. Ал сиыр сендерге не береді?
Балалар:
Сүт!
Малшы:
Тез өсіп, деніміз сау болуы үшін балалар сүт ішуі қажет. Менің қоңырым жайылады, бізге сүт жинайды. Күн ыстық, жасыл алқапта Қоңырым шөп жеп жүр. Осы шуақты күні бәріміз сиыр туралы ән саламыз.
«Корова»әні орындалады.
Малшы «сүттен дайындалған азық-түліктерді ата» ойынын өткізеді.
(қыздар мен ұлдар командасы).
Малшы сиыр туралы өлең тыңдауды ұсынады.
Балалар:
Зеңгі баба-сиырдың
Мойны жуан бұқасы.
Шөбін жейді қиырдың,
Бойында май тұтасып.

Салыңқы кең әукесі,
Шүйкесі де білеудей.
Қайық тұмсық дәу төсі,
Аяғы шомбал тіреудей.

Басын бұлғап шайқаса,
Ай мүйізді жалтылдар.
Белге шықса жай баса,
Тұяғы айыр сыртылдар.

Сиыр бақсаң күтімдеп,
Сүт,май кетпес шарадан.
Дәмі балдай құтын көп,
Аямайды баладан.

Әукім,әукім,торпағым,
Сүтің мәлім аймаққа.
Жеке жемей,шорқағым,
Бізді шақыр қаймаққа.

«Сүтті кім жылдам бітіреді?» ойыны өткізіледі.
Малшы:
Балалар, сендердің менің Қоңырыммен танысқыларың келе ме? Қазір мен сендерге сыбызғымда ойнап беремін
— ол әуенді естиді де бізге қонаққа келеді.(сыбызғыда келді)
Көңілді музыка ойнап тұр. Қоңыр кіреді (үстіне мата жамылып алған 2 ересек адам). Оны қол шапалақтап қарсы алады.
Малшы:
(сиырды сипайды). Міне, менің сұлуым! Міне, біздің асыраушымыз! Балалар саған арнап ән салмақшы, тыңдашы.
Сиыр:
Балалар, жақсы әндеттіңдер. Ал менің сүтімді ішесіңдер ме?
Балалар:
Иә.
Малшы:
Сен, Қоңырым, билеші-барлық балалардың көңілін көтер!
Көңілді музыка ойнап тұр, сиыр билейді.
Малшы барлық балаларды биге шақырады.
Малшы «Балалар, сүт ішсеңдер-дендерің сау болады!» акциясының жеңімпаздарын дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапаттайды.

Сагадат Атекеева
«Балдәурен» балалар бақшасының тәрбиешісі
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.