Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»
А. Байтұрсынов
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруды күн тәртібіне қойды.
Бүгінгі заман талабы — жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктерін қалыптастыру қажет.Осы жұмыстарды мектеп өмірінен көрсете отырып 2018 жылдың 28 ші қараша күні №14 жалпы орта мектебінде «Сабақ үдерісінде критериалды бағалау тиімділігі» тақырыбында Түркістан қалалық Білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қалалық семинар өткізілді. Оңда ағылшын тілі пән бірлестігі мен жаратылыстану пән бірлестіктері ағылшын тілінде сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар көрсетті. Еліміздің болашақ бағдарының бірін Елбасымыздың «Үш тілде білім беру», «Шет тілдерін білу», «Мәдени ашықтық» сияқты факторларға ерекше көңіл бөлу ұсынылды.
Қалалық семинарды мектеп директоры К.Ж.Пралиев және қалалық білім бөлімінің әдіскері М.Рысбекова ашты. Семинар барысында 8-сынып оқушылары физика, химия, биология пәндерінен 2 тілде практикалық жұмыс көрсетіп, қорғап, ағылшын тілі пән мұғалімідері Ұ.Бексейтова 6 «Б» сыныбында «Drama and Comedy», А.Әлімбек 3«Б»- сыныптарға «Four walls», 1«А» сыныбында Б.Жаңабай «Animals», 8«Б» сыныбына Ш.Саламова «Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар», 8«Ә» сыныбына А.Әмірбеков «Электр тогының химиялық әрекеті. Электролиз құбылысы», 8«А» сыныбына «Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор» тақырыбында Д.Ештаевалар ашық сабақтар өткізді. Математика пән мұғалімі Ж. Джапақова «Критериалды бағалау-сапалы білім негізі» тақырыбында коучинк, Г.Қайнарбекова «Тиімді сұрақ қою жолдары» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде анықтаймыз.
«Сабақ үдерісінде критериалды бағалау тиімділігі» тақырыбындағы қалалық семинар өз денгейінде ұйымдастырылып өтілгендігі қатысушылардың талдау нәтежесінде анықталды. Семинар барысында өтілген сабақтар мен атқарылған жұмыстарды назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Тасжанов Мурат Хайруллаевич,
Түркістан қаласы, Түркістан облысы
№14 жалпы орта мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары