Home » Жаңалықтар » Сабақ процесінде қолданылатын белсенді оқыту тәсілдері

Сабақ процесінде қолданылатын белсенді оқыту тәсілдері

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты Атырау облысы Индер ауданының бастауыш сынып мұғалімдерінің сұранысына сай жаңартылған білім беру бағдарламасы незінде педагогикалық тәсілдерді түсіну, сондай-ақ оқу мақсаттарына қол жеткізу барысында критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдана білу дағдыларын жетілдіру және оны тәжірибеде ұтымды іске асыру мақсатында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің және бағалау жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік оқыту семинарын өткізді.
Оқыту-семинарда бастауыш сыныптарда оқытылатын әр пәннің жүргізілу ерекшеліктері, сабақты тиімді жоспарлау барысында белсенді тәсілдерді оқу мақсатына сай қолданылуы, бағалау жүйесінің білім алушылар үшін тигізетін оң әсері туралы ой қозғалып, педагогтар тәжірибелік жұмыстар жасай отырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Әдістемелік оқыту семинарына қатысқан педагогтарға Куәліктер табысталды.

 

Балауса Жалмуханова,
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»
кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.