Home » Жаңалықтар » «Сабақты зерттеу әрекеті» семинары

«Сабақты зерттеу әрекеті» семинары

2019 жылдың 27-29 наурыз аралығында Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы №13 Жалпы білім беретін орта мектебінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының   ұйымдастыруымен «Сабақты зерттеу әрекеті» тақырыбында (Lesson stadu) семинары өтті.

Сонымен қатар Семинарды Халықаралық дәрежедегі тренер Сәуле Тұмарбекқызы өткізді.Семинар мақсаты:  Мектеп ұстаздарына мектепте сабақты зерттеу үдерісін жүзеге асыру жоспарын әзірлеуде қолдау көрсету болатын.

Семинар барысында мектептегі тәжірибеде  сабақты зерттеу барысындағы кездескен кедергілер мен жетістіктері туралы мәселелер ортаға салынып талқыланды. Семинар жұмысының басым бағыттарымен Сәуле Тұмарбекқызы таныстырып отырды.  Сондай-ақ  оқыту проблемаларын ынтымақтастықта шешуді ұйымдастыру, ұстаздардың командалық жұмысын ұйымдастыру, мектептегі үдерістерді жоспарлау, зерттеу үдерісіне эвалюация жасау (сапаны бағалау) екендігін  атап өтті.Семинар сабақты зерттеу үрдісінің мазмұнының негізгі бағыттарын және  қажетті білім мен дағдыны тереңірек меңгеруге мүмкіндік берді.

Семинардың нәтижесінде «Сабақты зерттеу» тәсілдері  одан әрі іске асырудың тиімді жолдарын айқындау мен оқыту тәжірибесін жетілдіру құралы ретінде қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуына көмектесетініне ұстаздар көз жеткізе алатынын аңғартты.

Жалпы алғанда семинарға қатысу арқылы мектеп ұстаздары өздерінің шығармашылық тұрғыдан жетілуі үшін көптеген мағлұматтармен қатар, тың серпілістерге ие болды. Ұстаздарымызға осындай мүмкіндік сыйлаған «Өрлеу»  ұжымы мен осы семинарды жоғары деңгейде өткізген Сәуле Тұмарбекқызына алғысымыз шексіз!

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталатыны жеткізіліп, естелікке суретке түсті.

 

Ғайни ЖОЛБАРЫСҚЫЗЫ
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы
№13 ЖББОМ тарих мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.