Home » Эссе » Рәміздеріміз – тәуелсіздіктің тұмары

Рәміздеріміз – тәуелсіздіктің тұмары

Егеменді ел болғанымызға 25 жыл толды. Бірақ осы қысқа ғана уақыт ішінде Қазақ әнұраны әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде шырқалды. Көк туымыз көкте желбіреді. Қазір дүние жүзі, Орта Азиядан ойып тұрып орын алған «Қазақ» деген елдің бар екендігін жақсы біледі. Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің әрқайсысы қазақ халқының қандай екенін, яғни болмысын көрсетіп тұрады. Рәміздеріміздегі нышандар, мемлекетіміздің  өткені мен бүгіні, болашағының жарқын бейнесі. Олар — халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасымен даналығы, болашаққа арман — тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, құрметтеу ол әрбір Қазақстан азаматының борышы екенін естен шығармауымыз керек. Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай — қайсысының  да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі — елдің туын, елтаңбасын, әнұранын сайлап алу. Өйткені, бұл рәміздер саяси тәуелсіздікпен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді. Мемлекеттік Рәміздер – белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, басқалармен байланыс мұратын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айырықша аңсарын білдіретін белгі. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Мемлекеттік Рәміздердің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Мемлекеттік әнұран елдің музикалық — поэтикалық эмблемасы, әдеби — сазды төлқұжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес. Оның сазы мен сипаты, мақсаты жөнінен біртұтас шығарманың құрамдас қос қанаты тәрізді.

Жер бетіндегі әрбір адам үшін мемлекеттік тудың желбірегенін, әнұранның асқақтағанын, елтаңбасының жарқырағанынан асқан бақыт жоқ шығар сірә! Қолына жебе тисе де, туды ұстап тұрған Байғозы батырдың, өзі өлсе де туды құлатпай ұстап қалған Қазымбет батырдың аңыз болған ерліктерін Тәуелсіз елдің ұландары жадында тоқып, өмірлік бұлжымас ұстаным етуі керек. Өйткені мемлекетке құрмет мемлекеттік рәміздерден басталады.

Байманова Сәнимай Базарваевна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы

№9 «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.