Қазақстанның кемелденіп, дамыған отыз елдің қатарына қосылуына рухы мен білімі ұштасқан ұрпақтың жеткізері анық. Қазақстанның патриотты тұлғасын қалыптастыру жолында білім ордаларында көптеген іс-шаралар мен тәрбие жұмыстары өткізілуде. Атап айтатын болсақ, Шымкент қаласындағы Замира Дотайқызының басшылығындағы № 62 Н. Төреқұлов атындағы орта мектеп. Іс шара 2017 жылдың 20 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы әдістеме кабинетінің ұйымдастыруымен және Замира Дотайқызының іскерлік жауапкершілігімен өтті. «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мемлекеттің және жеке тұлғаның даму факторы» атты тақырыпта өрбіді.
Мақсаты: «Мың бала» жобасы негізінде білім алушылардың қоғамдағы қажеттілігін сезіндіре отырып, шығармашылық қабілеттерінің жан-жақты шыңдалуына жағдай туғызу, әр оқушының бойына қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың педагогикалық әдістемесі мен негізін айқындау. «Мың бала» жобасы білім сапасын арттыру және «Үштік одақтың» жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жоба авторы «Астана-Дарын» өңірлік орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты — Құрманбаева Майра Жаноразқызы.
Іс шараға Құрманбаева Майра Жаноразқызы, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы – Тажиева Жанат Арысбекқызы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары – Айтөреева Үрзада және аудан әдіскерлері мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Бағдарлама «Ардагерлер» аллеясы, «Мың бала» жобасы орталықтарының көрмесі, «Тәуелсіздік» алаңы, «Нәзір» алаңы және Мұражайдың ашылуымен бастау алды.
«Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру – мемлекеттің және жеке тұлғаның даму факторы», Архитектура және Медиатека бағыттары «Менің арманымдағы мектеп», Ұшқыр қалам бағыты: «Қазақстан татулықтың тұтқасы, бірліктің алтын бесігі», Ғажайыптар әлемі бағыты: «Атом ядросын пайдалану және болашағы», Ұлттық таным бағыты: «Судың құпия сырлары», Табиғат әлемі, бөлме өсімдіктері бағыттары, «Дәрумендер», Топонимика, Fanny club, Грамматика зерттеушілері бағыты, «Бір шаңырақ астындағы ынтымағы, бірлігі жарасқан ел» атты танымдық бағыттармен жалғасын тапты.
«Жұлдыздар әлемі» орталығының бағдарламасымен және семинарға қатысушылармен пікір алмасу негізінде соңына жетті.
Дарынды балалардың тамаша көріністерін тамашалап, көзімізге жас алған жайымыз бар. Өйткені жүрекке жылы тиіп, көңілге әсер бере алды. Себебі, оқушы қауымы жан-жақты шеберлікпен жеткізе білді. Өткен ғасырдағы Қазақстанды жаңа ғасырда көру, Жаңа ғасырдағы жаңа Нәзір Төреқұловты көру арқылы жүрекке ұялаған патриоттық сезімді сезіне білдік.
Рухани құндылықты дәріптеп, рухани байлықты, рухты көтерді. Шығармашылық шабыттарын педагогтық іліммен жаңғыртты. Жас түлектерден күтер үмітіміздің мол екенін аңғардық. Олай дейтініміз, рухы мықты елдің кепілі – рухы мықты ұрпақ!!!
Мадина Серікқызы,
Білім айнасы,
ОҚО, Шымкент қаласы