Home » Мақалалар » Рухы биік, білімділер заманы

Рухы биік, білімділер заманы

Сонау ата-баба заманынан қозғар болсам, рухани жаңғыру, рухани жаһандану сол заманнан басталған дер едім. Алайда қазіргі рухани жаңғыру бағытымыздың өткен тарихи заман жаңғыруынан айырмашылығы көп. Олай деуімнің өзіндік себебі бар. Ежелгі бабаларымыз атқа қонып, ел қорғап, намыс туын биік желбіреткен халық болатын. Ол заманның қазіргіден айырмашылығы күш арқылы ел қорғап, салт-дәстүрімізді, ұрпаққа берер асыл азығымызды, өркениетімізбен мәдениетімізді сақтап қалу еді. Қазіргі заманның басты мақсаты сол берік сақталған салт-дәстүрімізбен ұлттық сана-сезімімізді құлдыраудан сақтап, алдын –алу, бірақ, бұл жолы күшпен емес, аласапыран қан-төгіс арқылы да емес. Еркіндік, достық, татулық жолы болып табылады. Жаңашылдықты меңгере отырып, әлемдік деңгейге көтерілу, өзге мықты дамыған мемлекеттермен иық тіресіп, алдыңғы қатарға орналасу болып отыр. Осынау үлкен мақсат аясында негізгі міндет мұғалімдерге түспек. Себебі, «Рухы биік, Мәңгілік ел » болу үшін білім саласын қолға алу қажеттігін айқын түсінемін. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар – деп бекер айтылмаса керекті. Жаңа заман білімділер күш сынасатын заман болғандықтан, білім алушыларымыздың үш тілді терең меңгерген, жаңашыл, ізденімпаз ұрпақ болып тәрбиеленуі тиіс. Әлемдік деңгейде болып жатқан өзгерістерді меңгеруге биім болуы шарт деп есептеймін. Ел болам десең, бесігіңді түзе –деп, Мұхтар атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндерімізді жаңашыл білім нәрімен сусындата отырып, сал-дәстүрімізді, Отанға деген патриоттық сезімімізді бала санасына сіңіріп өсіруіміз қажет. Н.Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы қаңтар айында жариялаған жолдауында білім саласына қатты назар аудару қажеттігін атап көрсеткен болатын. Елбасымызға қолдау көрсете отырып, «Мәңгілік ел» аясында адал қызмет жасауға жас маман ретінде жастарға рухани жаңғыруымызға үлес қосуға кеңес беремін. Еліміз егеменді, рухымыз биік болсын!

Сайлауова Жансая Сейлбекқызы,
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.