Home » Поэзия » Рухы асқақ қаламгер

Рухы асқақ қаламгер

   Өмірімен өнегелі сыр ұқтырған,

Жалындаған жас еді қызықтырған.

Өзгеше бір өзіндік үніменен,

Әдебиеттің көшінде із қалдырған.

 

Демеңіз бұл Саттарды жай бір қазақ,

Болса-дағы  ғұмыры  өте  аз-ақ.

Ортасынан оза шапқан тұлпар еді,

Білім мен қызметте болған озат.

 

Балауса жас жүректі жалындаған,

Қатал тағдыр соққысы мың сынады.

Өмір гүлің  ертерек солғанымен,

Әдебиет сахнасында тұрсың әлі.

 

Өміріңді өлеңмен өрнектедің,

Озық ойлы, талғампаз, көрнекті едің.

Аз да болса, қырандай ғұмыр кештің,

Құзғын болмай, іздейтін тек бір жемін.

 

Шоқтығы биік тұрған азаматын,

Ұшқыр қиял, нәзік ой жетеледі,

Өміршең, асыл мұраң құнсыз болса,

Кейінгі ұрпақтарға жетер ме еді?

 

Әдебиетке жаңаша түр әкелдің,

Бұлағына жырлардың құт әкелдің.

Газет-журнал, сыншылық қазанына,

Көктемдегі жаңбырдай нұр әкелдің.

 

Рухың биік баллада хас шебері,

Кезі келсе үгетіліп тас та өледі.

Қыршын кеткен 23-те абзал жанға,

Түркістанның тасы да жас төгеді.

 

Еске алып жатырсың Саттарыңды,

Сиқыр сөзбен сырлаған қатпарыңды.

Ленинградты біліммен таңқалдырған,

Қазақ түгіл орысқа, жатқа үлгі.

Мақтансақ, Саттарменен мақтанайық!

Қандай болсын?

Мақтайтын атқа  лайық!

Дәулеткелдіқызы Фатима

ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы,

Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.