Home » Балабақша » Рухым менің — мақтанышым

Рухым менің — мақтанышым

Алматы қаласы, Жетісу ауданы № 170 бөбекжай-балабақшасында «Рухым менің — мақтанышым» атты семинар өтті. Семинар балабақша меңгерушісі Т.О. Сабырованың алғы сөзімен ашылды. Кейін, кезек балабақша таныстырылуымен жалғасын тапты. Семинарға бүлдіршіндердің бәрі толықтай қатысты. Бөбекжайдың ұйымдастырушылық жұмысына сөз жоқ. Семинардың ашылу рәсімін «Ересектер»тобының тәрбиешісі А.Ташимова бастады. Сонымен бірге, мектепалды даярлық «Қызғалдақ» тобы «Маржан мен көкеністер» сахналық қойылымынан үзінді қойып, дидадикалық ояндар ойнатты. Концерттік бағдарламамен жалғасқан семинарды қатысушы қонақтармен пікір алмасумен аяқтады.
Қонақтардың қатарында Жетісу аудандық Білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангельдиевна, Жетісу ауданының білім бөлімінің бас маманы Асель Қазыбекқызы және Жетісу аудандық әдіскерлер бірлестігі болды. Көрермендер бір ауыздан «Тамаша әсер сыйлаған семинар әрдәйім жоғары бағаға лайық»- деді. «Мың рет естігеннен бір рет көр»-демекші, осы сөзді алдыға алып, бізде барып қайттық. Ойлағанымыздай өте керемет өтті. Бөбекжай бүлдіршіндері бір-бірінен өткен талантты. Білім айнасы ұжымының атынан, әрбір балақайға жарқын болашақ тіледік!

 

Жадыра Бағашар,
«Білім айнасы»,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.