Home » Жаңалықтар » Рухани қазынасы мол кездесу

Рухани қазынасы мол кездесу

21 қарашада Қызылорда қаласындағы «Абылай хан» атындағы колледжінің сутуденттер үйінде «Облыс тұрғындары арасында діни-эстримизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттық топ жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ақпараттық-насихаттық топ мүшесі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің имамы Ержан Абдукаримовпен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында имам Е. Абдукаримов студент жастарға ислам діні туралы түсіндіре отырып, қазіргі таңда еліміздің бейбітшілігіне, тұрақтылығына қауіп төндіретін әр түрлі теріс бағыттағы жат ағымдардың бар екендігімен қатар, олардан сақтану туралы айтып өтті. Сонымен бірге «Адами құндылықтар. Адамгершілік. Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет» тақырыбында ата-ананы сыйлау, үлкенді құрмет тұтып, кішіге қамқорлық таныту туралы әңгіме өрбітіп, батыстық тәрбие мен ұлттық тәрбиенің айырмашылықтарын баса айта отыра, жастарды сүйіспеншілікке, мейірімділікке шақырды. Имам әр сөзінде діни тұрғыда мысалдар келтіріп, қазіргі жастар арасындағы қарым-қатынас түрлері, оның маңыздылығы, бейәдеп қылықтардан аулақ болу мен олардың зиянды тұстарын да ашып айтты.

«Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында, — дей келе, рухани жаңғыру аясында жастарды игілігі мол шараларды жасауға шақыра отырып, — білім берген ұстаздарды әрдайым сыйлап, оларға құрметпен қарап, ұстаз еңбегін дәріптеу – әрбір шәкірттің парызы», — деді.

Кездесу барысында жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын ашық түрде қойып жауаптарын алды. Сондай-ақ, имаммен жеке сұқбаттасу да ұйымдастырылды.

Еркебай Жаңагүл Маратқызы,

«Абылай хан» атындағы колледждің

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу»

мамандығының 4-курс студенті

Қызылорда қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.