Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өмірімізде көптеген мəдени іс-шаралар ұйымдастырылып өткізіліп жатыр.Сонымен қатар өзге облыстарда, қала мен аудандарда шығармашылық байқаулар мен кештер өткізіледі.Атқарылып жатқан істер де аз емес, алдағы уақытта да маңызды жобалар жүзеге асатын болады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Үшарал ауданында «Атамекен» атты мектеп арасындағы байқау өтті. Байқауға 12 мектеп қатысты.Мектеп арасындағы бұл байқау 5 номинация бойынша бөлінді, байқауда ең алғаш сəлемдесу əр мектеп өз өнерлерімен таныстыру, кейін көрініс, салт-дəстүр, дəстүрлі əн сияқты бірнеше қызық бөлімдерге бөлінді.Байқауға 5 əділқазы алқалары бой көрсетті, олардың арасында аудан басқармасы, күйші сынды бірнеше кісілер қатысты.Байқаудың басын «Достық 11 орта мектебі» бастап берді.
«Достық 11 орта мектебінен» 14 бала қатысты. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ғана емес Наурыз мерекесімен бірге тұспа-тұс келуіне орай мерекелік кеште өткізілді бұл байқауда.Байқаудың үшінші номинациясы бойынша «салт-дəстүр» бойынша қазақ халқының қазіргі күнде жойылып бара жатқан дəстүрімізді дамыту сынды оймен жүзеге асырылды.мысалы қазірде сіз білмеуіңіз мүмкін дəстүр ол «Өңір салу» дəстүрі. Бұл дəстүр үйге түскен жаңа келінге сый-сыяпаттарын тарту етіп ауылдың небір келіндері өңір салу үшін келеді. Халқымыздың əн-күй саласын дамыту барысында жүзеге асырылған дəстүрлі əн мен күй орындау номинациясы болды.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны көрініп тұр.Қатысушылар жақсы дайындалған. Бір сəт жұмысбастылық пен оқудан айырылып, əн күй шырқап көңіл күйлерін көтерді. Сайыста Бас жүлде, бірінші, екінші жəне үшінші орындар үлестірілді. Бас жүлдеге 15 мың қаржы сыйақы берілді. Сайыста келесі турға өткен мектеп Алматы қаласында өнер көрсететін болады.Ал егерде қалалық байқаудың жеңімпаздары Астана қаласында өтетін Республикалық байқауда төбе көрсетеді.
Сағымжан Жанерке,
Шығыс Қазақстан облысы,
№11 «Достық» орта мектебі