Home » Мақалалар » Рухани жаңғыру әлемі

Рухани жаңғыру әлемі

Шымкент қаласындағы №46 мектеп-лицейде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының алты негізгі басымдығы: бәсекелік қабілет, білімнің салтанат құруы, прагматизм, Қазақстанның революциялық емес зволюциялық дамуы, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы жайлы педагогтарға, оқушыларға, ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында тарих-география пәні әдістемелік бірлестігі мұғалімдері жасақтаған ақпараттық түсіндіру тобы белсенді жұмыс атқаруда.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Отаным – тағдырым», «Өлкетану» бағыттары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестіктерінде келелі жұмыстар жүргізілді.

Ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы, тарих қойнауынан сыр шертетін баға жетпес байлық көзі – қасиетті орындар жайлы құнды мағлұмат жинау, зерттеу жұмысын тиянақты жүргізу арқылы рухани дүниемізді байыту туған өлкемізге деген отаншылдық сезімді арттырады.

Мұғалімдеріміздің жетекшілігімен дайындалған «Мыңшейіт құпиясы» «Үкаша ата» кесенесі, «Арқаның алтын алқасы» тақырыптарындағы ғылыми жобалар мен саяхаттарда оқушылар халқымыздың тарихи жәдігерлерімен таныстырылды.

Ұстаздарымыздың оқыту – тәрбиелеу ісіндегі басты ұстанымы туған жерге, өскен қалаға деген сүйіспеншіліктен бастау алатын Қазақстандық патриотизм. Туған өлкеге деген ғажайып сезім иесінің халқымыздың тілі, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген құрметі халық даналығынан кең мағлұмат беретін «Сөз құдіреті» тақырыбындағы ғылыми жобада көрініс табуда. Шымқаламыздағы саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайына саяхат сабақтар ұйымдастырылды. «Алашорда» үкіметінің 100 жылдығына арналған «Алаш туы астында» танымдық іс-шарасы мен «Қазақ батырлары» тақырыбында Қабанбай Қожақұлұлы жайлы тарихи қойылымдар сахналанды.

«Туған жерімді сүйемін» атты әдеби сазды патриоттық ән байқауы өткізілді. «Тілімде менің сыры терең жаным бар», «Уақыттың бос өткені…», «Кітап- досың, кітап — ұлы байлығың», «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыптарында танымдық іс-шаралар өткізілді

«Табиғат әлемі балалар көзімен» атты шығармашыл оқушылырдың өлең шығару, бейнелеу өнері, шығарма жазу байқаулары «Ең үздік шығарма», «Үздік экоплакат», «Жас қаламгер», «Жас суретші» көркем номинациялары бойынша өткізілді.

Дарынды ұрпақ ел болашағы десек, ұстаздар қауымы оқушыларымыздың дарындылығын дамытуда жүйелі қызмет атқарып келеді. Шәкірттеріміз халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық білім және өнер сайыстарына, олимпиадаларға жүйелі қатысып, жүлделі орындар иеленіп отырады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының білім алуға деген ұмтылыс, алған білімді қолданысқа түсіру құзіреттілігі, әлемдік білім стандартына қол жеткізу, қосымша білім алуды жандандыру, мамандық таңдауға бағыттау басымдықтарын жүзеге асыру мақсатында мектеп бітіруші түлектердің техникалық және кәсіби білімге деген қызығушылық деңгейін жоғарылату, жұмысшы мамандығының беделін айқындау мақсатында 8-10 сыныптарда кәсіби бағдар беретін «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» тақырыбында тренингтер өткізілді. Тренингтен ата-аналар, ұстаздар, жоғары сынып оқушылары жан-жақты ақпарат алды. Оқушыларға, яғни негізгі мектеп сатысын бітірушілерге кәсіптік бағдар алуға мүмкіндік беретін «Менің елім» бағдарламасы аясындағы «Өмірлік таңдау» атты бұл жобаның мақсат, міндеттері жайлы ақпарат берілді. Тренингте ескірген мамандықтармен қатар сұранысқа ие 10 мамандық жайлы мәлімет берілді. Мамандық таңдаудағы қателіктер жөнінде ақпарат алды. Қазақстандық оқу орындары туралы деректер көзі, жұмысшы мамандықтарына сұраныстың арту себептері жайлы кең мағлұмат берілді. Оларға болашақ оқу орнын таңдау кезінде берілетін кеңестер ұсынылды. (Слайд)

          

Жаңа идеялар арқылы еліміздің болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отырған кезеңде болашаққа нақты бағдар алып, рухани жаңғыруға өскелең ұрпақты жұмылдыра білу – әрбір ұстаздың азаматтық игі борышы. Мақсатқа жету үшін санамыз жаңғырып, жоспарымыз нақты, ісіміз сәтті болуы тиіс!

Білім беру мекемесі – рухани жаңғыру әлемінің бастауы, руханияттың кәусар бұлағы.

Қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына әдістемелік қолдау көрсету – мектеп әкімшілігінің негізгі міндеті.

Мектеп-лицейде 4-14 желтоқсан күндері бастауыш сынып мұғалімдерінің «Заманауи педагог шеберлігі арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру» тақырыбындағы әдістемелік онкүндігі өтті.

Онкүндік бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыс тәжірбиелерін жинақтау, педагогтардың кәсіби қызметіне біліктілік тұрғысынан қарау, өзара педагогикалық әрекеттестікті мақсат етті.

Бұл әдістемелік іс-шараның ерекшілігі ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар  ұлттық өрлеудің ұлы күші – рухани жаңғырудың «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру бағытындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстармен кіріктіріле өткізілді.

Кіші жастан балаларды білім алуға ынталандыру, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен әдебиетімізді, рухани мәдениетімізді қастерлеуге тәрбиелейтін жұмыстар жүргізілді.

Ұлтымыздың рухани тамырынан нәр алатын игілікті іс рухани жаңғыруға заманауи ұстаздың қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігі мен құзіреттілігі айқындалды. Оқытудың интербелсенді әдістері арқылы жаңа технология мен озық тәжірбиені ұлттық және жалпыазаматтық құндылық қағидаларымен сабақтастыра өнеге сабақтары, білім сайыстары ұйымдастырылды.

Онкүндіктегі «Білім әлеміне саяхат» атты ашылу салтанаты, «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында қабырға газеттері байқауы және «Туған жер – тұғырың» атты танымдық-интеллектуалдық іс-шараның мән-мағынасы сананың ашықтығы, жаңа технология ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу, өзгелердің тәжірбиесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру еді. Онкүндік соңында «Тәуелсіз елім, өркенде, бола бер күшті, көркем де!» атты концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өткізілді.

Әдістемелік онкүндікте өткен ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс шаралар назарларыңызға ұсынылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.