Home » Балабақша » Рухани жаңғыру – ұлт болашағы

Рухани жаңғыру – ұлт болашағы

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайын халыққа жолдаған жолдауы бізге ерекше сенім беріп отырады. СебебіәрбіржолдауындаелбасымызүштілділікмәселесінеарнайытоқталадыЕлбасыныңжариялаған«Болашаққабағдар: рухани жаңғыру»атты жобасы елім, жерім деген әрбір қазақстандықтың ойланатын ісі деп білемін. Жолдаудың қазақ тілінде ғана жариялануы, жерін басып, суын ішіп жүрген қазақстандыққа үлкен ой салады.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сонау Құтты білек тағылымдарында, Дулат шығармаларында, одан бері Әл-Фараби, Абай, Мұхтар, Шәкәрім тағылымдарында рухани құндылыққа үлкен мән берді. Абайдың бес нәрсеге ғашық болып, бес нәрсеге асық бол деген өлеңі бәріміздің санамызда болуы керек. Сондықтан еліміз мықты, жауапкершілігі жоғары ұлт болу үшін әр бір қазақ баласы үлес қосуға міндетті деп білем .
Бұл мақалада сананы жаңғырту , ұлттық болмыстан ,ұлттық кодтан айырылып қалмай,оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп ,Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат -мүдделері туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр . Онда ел Президенті Қазақстан үшін  қайта  түлеудің  айрықша маңызды екі  үдерісі саяси  реформа мен  экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала отырып ,Біртұтас  Ұлт болу  үшін  болашаққа қалай қадам басатынын және  бұқаралық сананы  қалай  өзгертетіні жөнінде  алыста болжайтын көзқарастарымен бөліседі .
Біз дамыған алдыңғы қатарлы ел болу үшін тілімізді, дінімізді, рухани дәстүрімізді, мәдениетімізді дамытуымыз керек. Дамытқан кезде барлығы бір-бірімен үнемі рухани байланыста болуы шарт. Замана сынына сүрінбей озық дәстүрлерді табысты жаңғыртуымыз қажет.
Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр.
Мақалада «Мен халқымның  тағылымы мол  тарихы мен  ықылым  заманнан  арқауы  үзілмеген  ұлттық  салт дәстүрлерін  алдағы  өркендеудің берік діңі  ете  отырып ,әрбір  қадамын  нық  басуын ,болашаққа сеніммен  бет  алуын қалаймын » деген болатын .
Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі –ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тартукерек». Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім культін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.
Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.
Жаңа заманда білім берудің өзекті  мәселесі жас ұрпаққа  рухани патриоттық тәрбие  беру .Құнды  қасиеттерге  ие  болу ,рухани бай  адамды  қалыптастыру  оның  туған  кезінен  басталуы  керек .Халықта «Ағаш  түзу  өсу  үшін  оған  көшет кезінде көмектесуге  болады , ал үлкен ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың » деп бекер  айтылмаған .Сондықтан  баланың  бойына жастайынан ұлттық намыс , мінез құлық,тектілік,отансүйгіштік  яғни  рухани патриоттық  құнды  қасиеттерді  сіңіріп тәрбиелеуді  отбасы  мен  тәрбиеші лер шешуші  рол атқарады .Еліміздің  болашағы  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде бірінші  бесік отбасы ,ата -ана тәрбиесі болса, екінші  бесік — білім беру  мекемесі.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие –адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы .Балабақшадағы тәрбие бала  табиғатына ерекше  әсер етіп , оған өмір бойы  өшпестей  із қалдырады .Заман  талабына  лайық тәрбие  білім  беру жұмысын кешенді  ұйымдастыру жаңа  технологияларды, идеялар мен шығармашылық ,инновациялық  жаңашылдықты  қажет етеді. Жас ұрпаққа  білім беруде жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп  тұрған әлеммен бірге жүрері  анық. Балабақшада  берілетін тәрбие –бастамасы ,әрі жан-жақты тәрбие мен дамуы  ісінің  түпкі негізін қалайтын орын. Бала  бойындағы жақсы  қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып оларды  өнегелі  ,тәрбиелі  болып  өсуіне  балабақша  ошағының  тигізер  әсерінің  маңызы  зор .
Баланың  бойында  адамгершілік  патриоттық  тәрбиені  қалыптастырудың  негізі  міндеттері  мына жайлармен  түйінделеді :    -Ізгілік  бастамасымен  тәрбиелеу .Өз отбасына ,балабақшасына ,туған  қаласына ,көшесіне  сүйіспеншілікпен ,қамқорлықпен қарау. -Табиғатқа  қамқорлықпен қарау .
-Еңбекте  -еңбексүйгіштік ,үлкендер  еңбегін құрметтеу .
-Қазақ  халқының салт –дәстүріне  қызығушылықпен қарау.
-Мемлекеттік рәміздермен таныстыру .Отанға  деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі  мекемеде үнемі ата –аналарды  қатыстырып отырып көптеген іс -шаралар  ұйымдастырамыз, ата  анаға  деген құрметті бойына  сіңіру. Балаларға Отанымыздың сұлу  жерлерімен таныстыра  отырып Отанға деген махаббаттарын ашамыз. Табиғат бұрышындағы гүлдерге күтім жасау мен оларды қорғауды өздеріне  тапсырамыз.  Еңбек  бағалауды бала  күнінен  ұғындырып өз өзін қалай күтуге бағыттаймыз. Қазақ халқының салт дәстүрі  тек наурызда мерекесінде ғана емес үнемі пайдалану біздің  міндет .Салт дәстүріңде болашаққа керегін саралап жеткізу.
Біздің балабақшамызда көптеген іс шаралар өткізіп отырамыз. Баланы өз ойын толық жеткізуге де мүмкіндік жасаймыз .Біздің мақсатымыз әр бір қазақ баласы қазақша еркін сөйлету.Компьютер сыныптарында техниканы  еркін меңгеруге жағдай жасалған.
Ел басшысы білім, ғылым, зияткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Яғни, әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де  ие болуы керек. Сондықтан, қазір «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру маңызды.Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.Білімді, көзі ашық көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.