Home » Мақалалар » Рухани жаңғыру — табысты мектептің кепілі

Рухани жаңғыру — табысты мектептің кепілі

Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты, Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық» — деген болатын. Иә, біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Сондықтан, алға қойған мақсаттарға жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Рухани жаңғыру тек бүгіннен басталатын жұмыс емес. Ол еліміз тәуелсіздік алғаннан бері атқарылып келе жатқан істеріміз. Соның тағы бір айғағы ретінде, мен бүгін Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты Қарнақ елді мекеніндегі М. Қашғари атындағы мектеп-лицейі базасында оқу үрдісіндегі болып жатқан қарқынды өзгерістермен тәжірибе алмасу мақсатында «Рухани жаңғыру – табысты мектеп кепілі» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылғанын айтқым келеді.

Конференцияның мақсаты — білім берудің заманауи технологиялары мен озық әдістерін қолдана отырып, мектептің инновациялық, көптілдік жүйесінің моделін әзірлеу мен енгізу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттігін арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы, Қазақстан Республикасында «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасындағы» тапсырмаларды жүзеге асыру арқылы оқушылардың оқу әрекетін дамыту, олардың оқуға деген ынтасын ояту және оқушының ойлау қабілетін арттыру болды.

Ғылыми-практикалық конференцияға барлығы 73 мұғалім қатысты. Олар: облыстық мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты, облыстық «Білім-инновация» ер балалар лицейі, Кентау қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, қала мектептерінің бастауыш және пән мұғалімдері. Практикалық конференцияның бағдарламасына сай І бөлімнің пленарлық мәжілісінде 3 баяндама, ІІ бөлімінде оқушылардың «Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ» тақырыбындағы көрмесімен танысу, ІІІ практикалық бөлімінде шебер сыныптар, ІV қорытынды бөлімінде кері байланыстан тұратын жұмыстар атқарылды. Конференцияның практикалық бөлімінде CLIL методикасын басшылыққа ала отырып, бастауыш буындарда 5 шеберлік сынып сабақтары, орта және жоғары буында 3 сабақ және 3 шебер сынып ұйымдастырылды.

Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында білімнің салтанат құруы деп, қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды.

8-сыныптардағы физика, химия, биология пәндері сабақтары CLIL методикасы бойынша ағылшын-орыс тілдерінде жүргізілді. Оқушылар мен ұстаздарымыз бұл пәндерді биылғы оқу жылынан бастап ағылшын-орыс тілдерінде енді оқыта бастағанына қарамастан, жақсы нәтиже көрсетіп келе жатқандарының куәсі болдық. Қорытынды бөлімде БИЛ-нен келген эксперттеріміз Йылмаз Емир мырза мен Шахин Рамазан мырза сабақтарға қорытынды пікір беріп, кері байланыс жұмыстарымен аяқтады.

Қорыта айтқанда, педагогикалық практика үшін мәні ерекше болып, «Рухани жаңғыру – табысты мектептің кепілі» тақырыбындағы қалалық ғылыми-практикалық конференция озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру мен дамытуда тың жолдар көрсететін, оны шешуді іздестіруге оң әсерін тигізетін жүйелі жұмыс болды.

Мақсаты айқын, белесі биік білім ордасының алдағы уақыттарда бағындырар белесі көп. Сондықтан да, ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы болып жатқан өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз мына біздерге дара жол көрсетті. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген жолымен биік шығдарды бірлесе жүріп бағындырайық!

 

                                                    Ғазиза Қалымбетова,

Кентау қалалық білім беру бөлімі

ОҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.