Шаңырағынан шаттық кетпей, болашақ елдің атқа мінер ұл-қыздарына тәлім-тәрбие, бойларына ұлттық рух пен патриоттық сезім қалыптастырып отырған білім ошағының бірі-қаладағы №77 «Қошақан» балабақшасы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»атты бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат мүдделер туралы өзекті ой қозғауы болашақ ұрпақты ұлттық болмыстан ажыратпауда жатыр.
Оған Елбасының «Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес болашақтың еншісіндегі ауқымды істердің бастамасы» дегені дәлел.
Соңғы екі жыл бойында «Рухани жаңғыру- патриоттық тәрбие бастауы» кластер бағыты бойынша жетекші болған №77«Қошақан»балабақшасы14 желтоқсанда қалалық семинар өткізді.
Ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарымызбен қатар патриоттық тәрбие беруде балабақша педагогтарының алар орны бөлек.
Балабақшаның ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты Ақжарқын Баделқызы мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру баспалдағы тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада тағылым-тәрбиенің, барлық білімнің бастауы болған балабақшада өскелең ұрпақ тәрбиелеуде патриоттық сүйіспеншілікті қалыптастырудың жолдары мен артықшылықтары жайлы айтылды.
Өз ұлтына, тіліне құрмет көрсете білгенде ғана рухани жаңғыру жолына түсе алатынымыз жайлы өз ойымен құнды деректерімен жиналған көпшілікке ой салар дүниелер арнаған педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы семинардың тақырыбын аша түсті.
Астана қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлім басышысының орынбасары Ләззат Разбекова жоғары деңгейде өткен семинарға оң бағасын беріп, құттықтау тілегін жеткізді.
Балабақша әдіскері Инкаргалиева Айсұлу Зейнешова келген қонақтармен бірге ұлттық құндылықтарымызды қамтыған әртүрлі тақырыптағы сұрақ-жауап арқылы дайындалған «Бәйтерек» интеллектуалдық ойыны арқылы жас ұрпаққа қаншама құнды дүниелерімізден мәлімет беруге болатынын көрсетті.
8 серіктес балабақшалардың меңгерушілері мен тәрбиешілері қатысқан семинардың ең ұтымды тұсы қаламыздағы патриоттық әндер байқауына жас әншілерін дайындап әкелген 7 балабақша бүлдіршіндерінің өнері жиналғандарды тәнті етті. Әсіресе, өнерімен өмірдің қатал сынағын жеңе білген № 64 «Асыл бөбек» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақшасының тәрбиеленушісі Дінмұхамет Дәулетұлы бас жүлдені жеңіп алды. Димашым деп еркелеткен аталмыш балабақшаның меңгерушісі Мұқашева Жанар Изтолеуовнаның мейірім төккен жүзі өмірге деген құлшыныс шапағаттың арқасында келерін білдіргендей. Жүлделі I орынды №70,№77, II орынды №5, №29, №52, III орынды №78, № 35 балабақшаларының әншілері жеңіп алды. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен қоса сыйлықтарға ие болды.
Балабақша тәрбиешілері хормен шырқаған «Көк тудың желбірегені әнімен» «Тәуелсіз ел – Қазақстан» музыкалық хореграфиялық композициясы адамға рух сыйлар қойылым болды. Бұл да балабақша педагогтарының әсіресе, А.Н.Магзумовамен хореограф Д.Б. Турсынованың еңбегі. «Рухани жаңғыру-патриоттық тәрбие бастауы» атты семинардың ән байқауымен қорытындылануы балабақша меңгерушісі Юсупова Назигул Гадылкановнаның жемісті еңбегінің нәтижесі. Ертеңгі елдің қорғаны болар ұрпақ бойына ұлттық құндылықтармен қатар, рух сыйлар сазды әуендерімізді сіңіре білген балабақша ұжымына тек шығармашылық өрлеу тілейміз.
Әлия Ғалымбекқызы,
«Білім айнасы», Астана қаласы.