Home » Мақалалар » «Рухани жаңғыру» — жетістікке бастар жол

«Рухани жаңғыру» — жетістікке бастар жол

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласын әлденеше рет оқып шықтым. Маған ең алдымен ой салғаны – мақаладағы «рухани жаңғыру» деген сөздің қолданылуы болды. Қазақстан басшысының жақында халыққа арнаған Жолдауындағы үшінші жаңғыруда еліміздің алдағы уақытта қай бағытта дамуы және қандай іс-шараларды жүзеге асыруы қажеттігі жан-жақты айтылғаны белгілі. Елбасы мақаласында еліміздің тұрғындарын рухани жаңғыру арқылы болашаққа бағдар жасауға талпынуға бағыт-бағдар сілтейді. Рухани жаңғыру – еліміз үшін маңызы зор үлкен жаңалық.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында маған терең ой салған тағы бір мәселе – ұлттық сана туралы айтылған аса маңызды ой-пікірлер. Мысалы, Елбасы өзінің осы мақаласында ұлттық сана туралы айта келіп, «таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған дайын болуымыз керек» -деп алдағы жылдардағы іргелі өзгерістерге әрбір адамның дайын болуы қажеттігін жан-жақты түсіндіреді. Сондай-ақ, Елбасы таяу жылдарда ел алдында тұрған асқаралы міндеттерге тоқтала келіп, «2017 жылдың аяғына дейін ғалым­дардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауымыз керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет» деп алда тұрған басты мақсатты айқындап та берді. Атап айтқанда, 2025 жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды бәрін де латын қарпімен шығара бастау қажеттігін өзекті де басты міндет ретінде алға қойып отыр. Еліміз дамуында маңызы орасан зор мұндай жаңалықтың тек қазақстандықтарды ғана емес, жұмыр бетіндегі 18 миллион мұсылман қауымын орасан зор қуанышқа бөлейтіні белгілі. Өйткені кириллицадан латын әліпбиіне көшу әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан барша мұсылмандарды барынша жақындастыра түседі.

Сондықтан да латын әліпбиіне көшудің маңызы мен мәні ерекше. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы біз көптен күткен мәдени саладағы үлкен мемлекеттік бағдарламаны қалыптастырса деймін. Сол бағдарлама арқылы мәдени-идеологиялық, рухани жаң­ғыруымызды баянды етсек дегім келеді.

                   

Бердыгужинова Ақмарал Кенжебекқызы    

Қостанай қаласындағы №4 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.